- Учителю
- Урок 'Мәңгі жасар өмір' 3 сынып
Урок 'Мәңгі жасар өмір' 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәңгі жасар өмір
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың Сәкен Сейфуллин туралы білімдерін толықтыру.Әңгіменің негізгі ойын,идеясын ашу.Қазақ халқының басынан кешкен репрессия жөнінде қысқаша мағлұмат беру.
Дамытушылы:Оқушылардың сөздік қорын дамыту,тілін ,ойлау,көру, есте сақтау , қабылдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды өз халқының біртуар азаматтарын құрметтеуге,елін жерін сүюге ,өз ана тілінде сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру
Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап , түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бейне көрініс
Пәнаралық байланыс: Музыка
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Сабағыңа жөндеп
Әзірленсең-еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Интернат қоймасы» (Шерхан Мұртаза) мазмұнын айту
ІІІ. Жаңа сабақ
Өткен сабақты жаңа сабақ пен байланыстыру.
- Сонымен балалар көптеген халықымыздың зиялы өкілдері « репрессия» деп , «халық жауы» деп тұтқынға алынған болатын.
Солардың бірі - Сәкен Сейфуллин біздің бүгінгі сабағымызға арқау болмақ.
1937-1938 жылдары қазақ зиялылары Кеңес үкіметіне қарсы үгіт насихат жүргізді деген айыппен қудаланып,репрессияға ұшырады.105 мың адам қамауға алынып,оның 22 мыңы атылды.Репрессия -мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шарасы. Бүгін біз Тұрсынбек Кәкішевтің «Мәңгі жасар өмір » деген шығармасымен танысамыз.
( Слайд арқылы автор туралы дерек беру)
Тұрсынбек Кәкішов - 1927 жылы 15 тамызда Ақмола облысы,Бұланды ауданы,Бөрлі ауылында дүниеге келген.Әдебиет зерттеушісі,ғылым докторы және профессор.Қазақ Кеңестік Социалистік республикалар одағының еңбек сіңірген ғылым қайраткері.1944-1945 жылдары Ақмола облыстық Қазақ драма театрында актер болған. Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізген.
Оқулықпен жұмыс:
1.Мәтінді мұғалім оқиды.
2Тізбектеп оқу (оқушыларға мәтінді оқыта отырып ,талдау жасату)
Мәтіннің 1-2-ші бөлімі бойынша топтау стратегиясы құрылады.
-Балалар енді осы шығармадғы Сәкен Сейфуллин туралы білімімізді толықтырайық ( Сәкен Сейфуллин туралы слайд көрсетіледі)
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 1894 жылы Жезқазған өңіріндегі) бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстауында дүниеге келген . Қазақ әдебиетінің негізін салушы , мемелекеттік қайраткер .1916 жылы ұлт азаттық көтеріліске тілектес өлеңдерін жазған .1918 жылдың 4 маусымында ақтардың көтерілісі болып Ақмола Совдегі тұтқындалған .Атаман Анкеновтвң азап вагонында 47 күн ажалмен арпалысып ,1919 жылы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шығады. «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағыы бар. «Бақыт жолында» пьесасын жазған. 1920 жылы 7 мамырда Ақмолаға қайтып оралып атқару комитеті мүшесі болып сайланады.
-Балалар ,енді осы мәтінде қандай ән туралы айтылған.?
-Сәкен кім?
-Мәтінде қандай ән жайында баяндалады?
-Ол кімнің әні?
-Ендеше осы әнді барлығымыз тыңдасақ.
«Тау ішінде » әні орындалады.
Сөздік жұмыс
Ақталу-қылмысты емес деп есептелу.
Елгезек-тіл алғыш.
Біртуар-сирек туатын ,ерекше адам
Суретпен жұмыс
-Суретті қалай атар едің?
-«Халық жауы» деген жаламен атылып кеткен кімдерді білесіңдер?
-Оларды атқан адамдарға өз көзқарастарыңды білдір!Берілген суретпен мәтіннің арасында қандай байланыс бар?
VІ Бекіту.
Оқушылардың білімін сұратар арқылы бекіту(сыныпты ІІІ топқа бөліп, жаңа сабаққа байланысты мақал-мәтелді аяқтату, талдау)
VІІ. Қорытынды
-Сонымен бүгін сабақтан не түсіндіңдер?
-Сәкен Сейфуллин деген кім екен?
-Ол не себепті қамауға алынған?
Сәкен Сейфуллиннің қандай шығармалары бар екен?
-Ақын мәтінді«Мәңгі жасар өмір» деп неліктен атаған деп ойлайсыңдар?
VІІІ. Үй тапсырмасын беру
Мәтінді түсініп оқып ,мазмұнын айту
VІV. Бағалау
№34 орта мектеп
Ана тілі(3 сынып)
Сабақтың тақырыбы:
Мәңгі жасар өмір
2015-2016 оқу жылы