7


  • Учителю
  • Санау жүйесі 2,3,4,5 сандарының құрамы.

Санау жүйесі 2,3,4,5 сандарының құрамы.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ғ Мұратбаев атындағы орта мектебі







Десант сабақ

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті :Математика Тақырыбы: 2,3,4,5 сандарының құрамы

























Мектепалды дайындық 2-тобы

Тәрбиеші: Мамыртаева Б.Т











2015 оқу жылы

































Білім беру саласы:таным

Білім беру көзі:Математика

Сабақтың тақырыбы : 2, 3 , 4 , 5 сандарының құрамы .

Сабақтың мақсаты : 1.Қосу амалы арқылы 2 ,3 ,4 , 5 сандарының құрамын шығарып алуды құрастырады.



2/ Сын тұрғысынан ойлау: Оқушылар сан құрамдарына байланысты есептер шығарады

3/ Топтық жұмыс : Оқушылар өрнекті оқуға жазуға жаттығады .

Көрнекілігі : Дидактикалық материалдар , суреттер т,б,

Сабақтың түрі : Іскерлік пен дағды қалыптастыру.

Сабақтың жүру барысы :

  1. Қызығушылықты ояту.

Жылулық шеңбері.

  1. Қайырлы күн,достым,

    Қайырлы күн болсын.

    жұма күннің сәті.

    Сәттілікке толсын!

    Біздің алар бағамыз.

    Кілең бестік болсын

  2. Өткен сабақта қандай сандардың құрамымен таныстық

Ендеше бүгін 2, 3 , 4 , 5 сандарының құрамымен таныстыруды жалғастырамыз

1-тапсырма

«Аңдарға алмаларды үлестір»

Жұмбақтарды жасырып аңдарымызды ортаға шақырамыз

1.Бұл орманды мекендейтін

жабайы жануар.

Оның қорегі жаңғақ,

саңырауқұлақтар мен

түрлі тәттілер болып табылады.

Жүні түрлі түсті болады:

ақ, қоңыр, қызғылт сары. (ТИІН)



Қалқиған ұзын құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады (ҚОЯН)



Оның үсті тікенді, бауыры ақ,

аяқтары қысқа болады.

Бірақ өте тез жүгіреді.

Ол жәндіктермен, саңырауқұлақпен,

жеміс- жидекпен қоректенеді. (КІРПІ)



Өзі үлкен тұмсықты

Қарап тұрсақ тым мықты

Көтереді дәуді де

Барлық аңнан ең күшті (ПІЛ)



Өзі айлакер өзі бір қу

Жүрген жері айғай да шу( ТҮЛКІ)



Тәтті көрсе бас салар,

Айнымайды баладан.

Үп-үлкен болып жасқанар,

Кіп-кішкене арадан (АЮ)

Санау жүйесі 2,3,4,5 сандарының құрамы.



Осы аңдарға сандардың құрамдарына байланысты есептерді шығара отырып алмаларды үлестіреміз

2-тапсырма

Ойын «Көрші, көрші»

Кіші көршім оң жақта

Үлкен көршім сол жақта

Тұрушы еді қасымда

Қайда кеткен жан-жаққа

3-тапсырма



Санау жүйесі 2,3,4,5 сандарының құрамы.Санау жүйесі 2,3,4,5 сандарының құрамы.

«Кім жылдам» ойыны

Математикалық есептер

Сергіту сәті

Есептедік шаршадық

Орнымыздан тұрайық

Қимылдатып саусақты

Шапалақты ұрайық

Отырайық, тұрайық

Соқтығысып қалмайық

Сәл демалып алған соң

Жазуды қайта жалғайық

Санау жүйесі 2,3,4,5 сандарының құрамы.Санау жүйесі 2,3,4,5 сандарының құрамы.

2,3,4,5 сандарының құрамына түсінік беру

Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма : Үйлерді толтыру 4 саны 5 санының құрамына есептер шығарып, дөңгелекшелерді бояту.

2-тапсырма :Кірпіге алмаларды екі себетен әр түрлі болатындай етіп, бөліп салуға көмектесу.

2+3=5 2+3=5

Мағынаны тану :

  1. тапсырма : . Барлық жапырақтағы қоңыз тең болу үшін, неше қоңыз қосу керек. Тиісті санда қоршап сыз



1 2 3 4 5 1 2 3 4 5 1 2 3 4 5

1 2 3 4 5 1 2 3 4 5 1 2 3 4 5



5-тапсырма : Суреттегі фигураларды бояту.

Қорытынды :

Сонымен балалар біз қандай сандардың құрамдарымен таныстық?

Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма? Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай?

Ендеше 5 санына дейінгі санамақтарымызды айтайық























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал