- Учителю
- Урок по казахскому языку на тему'Сөз таптары. Зат есім' (4 класс)
Урок по казахскому языку на тему'Сөз таптары. Зат есім' (4 класс)
4 сынып
Қазақ тілі Сабақ №
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі. 1─6 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларға сөз тіркеі туралы түсінік беру. Сөйлем туралы білімдерін нығайту. Сөйлем түрлері жайлы білімдерін толықтыру. Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Туған жерін қастерлеуге, адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу.Үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.Достық қарым-қатынасқа баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
-
Сөйлем дегеніміз не?
-
Сөйлем неден жасалады (құралады)?
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).
1−жаттығу.
Қарбыз үлкен қарбыз
-
Әрбір жұп сөз мағыналық жағынан байланысты екеніне назар аудар.
-
Әр жұп сөзді тұтастыра дұрыс оқы.
-
Әрбір сөз жұбының мағынасын түсіндір.
-
Сөз жұптарының байланысын сұрақ қю арқылы анықта.
Ағаш қасық тез оқу менің орным
Көк шөп мектепке келу біз оқушымыз
Мекен мұражайы дұрыс жазу отпен ойнама
Төрт тоқсан есеп шығару қыс түсті
2─жаттығу. Бағанның екі жағындағы сөздерді салыстыру. Сөз тіркестерінің мағынасын сұрақ қою арқылы түсіндір. Берілген сөз тіркестерінің бәрі зат есімдерден жасалып тұрғанына назар аудар.
Алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланысқан екі не одан да көп сөздер тобын сөз тіркесі дейміз:
Темір күрек, екі бала, суық жел.
3−жаттығу. Сөз тіркестерді оқы.
Сөз тіркестерінен соң тиісті етістіктер қойып 3 сөйлем құра.
Құрастырған сөйлемдердегі сөз тіркестерін ата.
Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.
Асқардың әкесі ауыр жүк тасиды.
-
қызық, жиырма, әдепті, мөлдір, жасыл;
-
оқушы, қыз, кітап, қарындаш, бұлақ.
Сергіту сәті
4─жаттығу.
Мақалды оқып, жатқа жаз.
Осы сөйлемдегі сөз тіркестерін сызбамен көрсет.
Сөз тіркестерін дұрыс тапқаныңды дәлелдеп көр.
Өтірік өрге баспас.
Сыныппен қосымша жұмыс.
Сөздерді оқы. Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есімнен болатын сөз тіркестерін құрап жаз. Сөз тіркестерінен соң тиісті етістіктер қойып сөйлем құра. Құрастырған сөйлемдердегі сөз тіркестерін ата. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.
-
су, жел, тау, қауын, ағаш;
-
тұнық, асау, биік, суық, сары.
Үлгі: Тұнық су ішті.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: 5,6-жаттығу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау