- Учителю
- 2 Сынып матем құрама есептер
2 Сынып матем құрама есептер
Абай Құнанбаев атындағы орта жалпы білім беру
мектебі
Мұғалім: Узыханова М.
Білімділік: Оқушылардың құрама есеп туралы түсінігін жетілдіру, қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың зейінін, логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылыққа жетелеу.
Тәрбиелік: Оқушыны ізденуге, салыстырулар жүргізе білуге, жеке, топ болып бірлесе жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа , талыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,.
Сабақтың түрі: Жетілдіру, пысықтау сабақ.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау,топтық, түсіндіру, талдау,жинақтау.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу.
Назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
№5 , 76-бет
а) Бірінші күні-30м
Екінші күні-10 м ?м
Шешуі:
Жауабы:
ә) Екі күнде-40м
Үшінші күні-20 м ?м
Шешуі:
Жауабы:
4. Қызығушылықтарын ояту
"Ой қозғау"
Көркем жазу
3,4,5 цифрларын пайдаланып екі таңбалы сандар жаз.
Бұл тапсырманы орындап болған алғашқы 4 оқушыға 1-күн, 2-ай ,3-жұлдыз, 4-кемпірқосақ суреттері беріледі. Сол суреттер арқылы топқа бөлінеді.
5. Таратпалармен жұмыс.
№1 тапсырмаларға ұқсас өрнектер құрастырып, мәнін табу топта орындау.
6. Оқулықпен жұмыс
А-4 қағазы таратылып беріледі.
№2 Қай өрнек есептің шешуі бола алады?
Есепті қысқаша жазып , шығару
Бар-30 бала
Шығып кетті-10 бала
Кірді-5 бала
Болды-? Бала
Шешуі: (30-10)+5
Жауабы: сыныпта 25 бала болды.
Сергіту сәті
7. №3 Бір және екі амалмен шығатын есеп құрастыр
А)Бірінші сыныпта 7 қыз және 3-еуі артық ер бала бар. Бірінші сыныпта неше ұл бала бар?
7+3
Ә) Бірінші сыныпта 7 қыз және 3-еуі артық ер бала бар. Бірінші сыныпта барлығы неше бала бар?
(7+3)+7
8.Тақтамен жұмыс №4
Теңдіктер тура болатындай жақша қой.
10+60-40=30 80-30-30=20
70-20+10=40 100-50-50=100
100-50-50=0 70-20+10=60
9. Қолдану
Әр топқа бір фигурадан беру. Қабырғаларының ұзындықтарын өлшеп қосу
1-Тіктөртбұрыш
2-бесбұрыш
3-үшбұрыш
4-Тіктөртбұрыш
10. Шағын тест
1. 7 онд.5 бірліктен тұратын санды көрсет
А) 57 Ә) 75 Б) 70
-
Сандардың өсу ретімен дұрыс орналасқанын тап
А) 23,46,68,90 Ә) 75,57,46,98 Б) 45,48,65,20
3. 79 бен 70 сандарының айырмасын тап
А) 79 Ә) 9 Б) 70
4. 32 санның ондығын көрсет
А) 2 Ә) 32 Б)3
5. Екі амалмен шығатын есепті қандай есеп дейміз?
А) жай есеп Ә) құрама есеп Б) есеп
11.Қорытынды:
12.Бағалау
Үйге тапсырма
№6
77-бет