- Учителю
- Сайыс сабақ. Адам болам десеңіз
Сайыс сабақ. Адам болам десеңіз
Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз.
Мақсаты: Абай жас ұрпаққа өмір сүруді үйретіп, оның болашақ өсу, даму жолдарын байқатар басты нәрсе - ғылым деп көрсетеді.
Әдепті болуға үйрету, жақсылыққа тәрбиелен болып табылады.Сапала адамзат болып сапалы өмір сүру үшін ғылымды үйреніп, тәлімге тәнті болу керек. Азбайтын ,тозбайтын басты байлығымыз - білім мен ғылымды жастардың санасына сіңдіру.
Көрнекілігі: Абайдың портреті, нақыл сөздер жазылған бетшелер.
Өтілу формасы: Сайыс сабақ.
Бағдарлама:
-
Таныстыру
-
Бес нәрсеге асық болу.
-
Ескірмейтін есті сөз.
-
Бес нәрседен қашық болу.
-
ВЕНН диаграммасын құру.
-
Өнер.
-
Сұрағыма зейін қой. (танымдық сұрақ)
Қатысушылар:
-
Сағыныш мамасымен
-
Саттар мамасымен
-
Ришад мамасымен
-
Құндыз мамасымен
-
Асылхан анасымен
-
Жайнагүл анасымен
Жүрісі:
І. Ұйымдастыру. Ұстаздар мен ата - аналар , оқушыларды бағдарламамен, мақсатымен таныстыру.
Жүргізуші: Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы , ұлы классик ақын Абай Құнанбаев ағартушылық жұмысында өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде оқу, өнер, білім үйрену, оны халық қажетіне жұмсау, жастарды адамгершілік қасиеттерге, өнегелі мінез - құлыққа тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Абай - қазақтың бар жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер. Бүгінгі тәрбие сағатымызда Абай атамыз рухымен тілдесіп, тағзым етеміз.
Жүргізуші:Абай адамның адам болу қағидасымен шектелмей, адамтану туралы ойын әрі дамытып, тереңдете береді. Ойшыл ақынды көп толғандырған ендігі бір мәселе - адамның барлық жағынан жан - жақты жетіліп, «толық адам» болу мәселесі.
Толық адам болу үшін бойындағы ең негізгі қасиеттер, ақыл, жүрек тең болу қажет деп тоқтамға келеді.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өткелі отыр. Сайысымызда 4 сынып оқушылары ата- аналарымен бірге сайысқа түседі.
Ән. «Мама» орындайтын Нұрболатқызы Сағыныш
ІІ. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста. Сонда толық боласың елден бөлек ,» - деп Абай айтқандай сайысымыздың І бөлімі бойынша әр топ өздерін таныстырады.
ІІІ. Абай шығармаларындағы негізделген адамның бойындағы «Үш қасиет» пен «Бес асыл іс » өзара байланысты. «Бес асыл іс» «Үш қасиеттен»шығатын терең ой мен білім бәрі де жылы жүректің әмірімен адамзаттың игілігі үшін қызмет ететін рақымды әділетті, шапағаты толық адамның тұлғасын сипаттайды.
«Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой -
Бес асыл іс, көнсеңіз,» - демекші сайысымыздың
ІІ бөлімі бойынша «Бес нәрсеге асық болу.»
Билет суыру арқылы ой толғау.
IV. « Еңбек ширатады, өмір үйретеді » дегендей
«Ескірмейтін есті сөз» бөлімі бойынша Абай өлеңдерін оқудан жарыс.
-
«Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас » - оқитын Құндыз.
-
«Ойға түстім, толғандым » - оқитын Саттар.
-
«Ғылым таппай мақтанба » - оқитын Асылхан.
4.«Ұялма дегені көңіл үшін » - оқитын Жайнагүл.
5.«Әсемпаз болма әрнеге» - оқитын Сағыныш.
6. Сабырсыз, арсыз, еріншек - оқитын Ришад.
V. «Адам болам десеңіз
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпанды білсеңіз, » - дегендей сайысымыздың
VI. бөлімі. «Бес нәрседен қашық болу.» Көрініс көрсету.
VI.»Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп,
Жаманменен дос болсаң ,
Сыртыңнан жүрер өсектеп ,» демекші сайысымыздың келесі бөлімі
«ВЕНН диаграммасын құру.» Әр топтағы оқушылар адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді, содан кейін ортасындағы шеңберге екеуіне ортақ мәселені жазу керек,
Жақсы қасиет Жағымсыз қасиет
VІI .Уа , халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық терең бақыт » деген сөзді.
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда,» - дегендей
Сайыстың келесі бөлімі «Сұрағыма зейін қой .»
Нөмер суыру арқылы сұрақтар.
-
Егер ол болмаса, қуанышта жоқ. Онсыз өмір емес тек тіршілік ету. Оны адамдар бір - біріне тілейді. Әсіресе, құттықтау хатқа қанша ақшаң болса да сатып ала алмайсың делінеді. (Денсаулық)
-
Өмір жақсы болу үшін оны әр адам армандайды. Ешкім оны қайдан іздеу керек екенін білмейді. Және былай деп айтады: «Өзің сол үшін күрес, сонда саған өзі келеді.» (Бақыт)
-
Қажеті болса да, болмаса да адам бәрін өз үйіне тасиды.Ол ешкімге сыйлық сыйлауды, ешкіммен бөлісуді ұнатпайды. Одан ештеңе сұрауға болмайды,бәрібір ол бермейді. (Қызғаныш)
-
Шаруасын аяқтамай, ертеңге ысырып жүре беретін, ұйқышыл адам кім? (Жалқау, еріншек)
-
Бұл адамның теріс қылығындағы жауапкершілікті сезіндіру үшін қолданылады. Үлкендер мұны дұрыс тәрбиелеуге көмектеседі деп айтады. Оны бір нәрседен шеттетеді, тентектігі үшін серуендеуге жібермейді. ( Жаза
-
Ол бізге әрдайым қажет, сондықтан оны жол жүретін адамға тілейміз. Ол кімге серік болса, сол бақытты болады. Ол болған кезде «Ой сәті түсті » деп қуанады. (Сәттілік)
-
Ол барлық адамда болуға тиіс, бірақ оның ұмытылғанына көп болды. Біреуді ренжітесің немесе дұрыс орындамасаң ол сені қинайды. Ол нағыз адам болып қалыптасуға көмектеседі .(Ұят)
-
Барға риза болып , місе тұтып, Алла Тағаланың бергеніне шүкір етіп жүретін адамды қандай адам дейді?( Қанағатшыл)
VIII. «Дүние ойдан шығады,
Өзімді - өзім ұмытып,
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып ,» - дегендей, соңғы бөлімде
Өнер көрсету. Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.
ІХ. 1 - жүргізуші. Адам болам десең не істеу керек?
1-оқушы. Айбибі: - Өзіңді, қоршаған ортаны сүй, түкірме, қақырма, осыған әдеттен, бұл сенің денсаулығың.
2 - оқушы. Гүлзада: - Жұрттың бәрімен, әсіресе қарт адамдармен амандасып, саушылығын сұра.
3 -оқушы. Дильшат: - Қолыңнан келсе, жетім - жесір, ауру - сырқау адамдарға көмектес , олардың мұқтажын орындауға жаныңмен ұмтыл.
4 - оқушы. Самғат: Өз бойындағы сараңдық, жалқаулық, екіжүзділік, есепшілдікті жең. Адамдарға әдепсіз сөз айтпа, біреудің сөзіне сенбе.
5- оқушы. Досымжан: Ауру, сырқау, өлім туралы ойларды миыңнан
шығар.
6- оқушы. Жандос: Ой мені істі, бір - бірінен бөліп қарама, оқығаның жақсы, соны істеп көрсет.
7 - оқушы. Жанбол: Әр іс туралы өзгелерге айтып тәжірибеңді бөліс, бірақ мақтанып кетпе,қарапайым бол!
2 - жүргізуші: «Жігіттің тоғыз жауы» өлеңін оқып берейік.
Жігіттің тоғыз жауы.
1 - жүргізуші: Басты жаулық - жаулаулық,
Сорлататын жаныңды.
2- жүргізуші: Осалдығың - аңқаулық,
Соқтыратын саныңды
1 - жүргізуші: Жасқаншақ болсаң ұры алар,
Қорадағы малыңды.
2 - жүргізуші Жалатқызбас жасықтық,
Аузыңдағы балыңды.
-
Жүргізуші: Өтірік айтсаң өңмеңдеп,
Жоғалтасың арыңды.
-
Жүргізуші:Өсек терсең телмеңдеп,
Суға кетірер салыңды.
1-Жүргізуші: Көпірме босқа мақтан қып,
Түкке тұрмас барыңды.
2-жүргізуші: Көрінгенге жалақтап,
Бола алмайсың жағымды.
1-жүргізуші: Біреуді алдап - арбаумен
Аша алмайсың бағыңды.
Екеуі қосылып: Адам болам десеңіз,
Жақсы қасиетті алғайсың.
Ән: «Бақытты балалық шақ » - орындайтындар: Асылхан мен Құндыз.
Х. Әділқазыларға қорытынды сөз беру. Қатысқан топтарды марапаттау.
ХІ. Қорытынды сөз:
Мұғалім: Үш - ақ нәрсе - адамның қасиеті.»Ыстық, қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек » , - деп Абай атамыз бүкіл адамзатқа ақыл - ой, білім - парасат, адамгершілік қасиеттерді саралап нағыз адамның бейнесін жасап шығарады.
Адам болам десеңіз жаман қасиеттерден аулақ болып, бойымызға жақсы қасиеттерді сіңірейік!