- Учителю
- Баяндама Жана бағдарлама заман талабы Смағұлова Нургул Кабдешкықы
Баяндама Жана бағдарлама заман талабы Смағұлова Нургул Кабдешкықы
Смағұлова Нұргүл Қабдешқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі
қалыптасуда.Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде.Ол
балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде,өзін өзі
объектілендіруге,өзін таныстыруға және өзін -өзі жүзеге асыруға
ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Бүгінгі
таңда қазақстандық мұғалімдердің іс - тәжірибесіне білім беру
жүйесі жағынан әлемдік жоғарғы деңгейге қол жеткізген Кембридж
тәсілі енгізілуде. Кембридж тәсілі бойынша деңгейлік курстан өткен
мұғалімдердің көкейінде жеті модулді қалай сабаққа енгіземін, бұдан
әрі қалай жұмыс жасаймын деген сауал тұрады, ол орынды, әрі
қалыпты. Сонымен қатар оны іс - жүзінде іске асыру, оқушы көңілінен
шығу, дәлелдемелер мен материалдар жинақтау мәселесі тағы бар.
Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе - жас ұрпақтың сапалы
білімді игеруі.
Оқушыларды таңдандыру, қызықтыру үшін әрбір сабақ жаңалық болуы
керек. Сондықтан, мұғалім үнемі ізденіп, жаңашыл болуға және
әрдайым өз білімін жетілдіріп, жаңа әдіс - тәсілдерді меңгеруге
тиіс.Оқушылардың сабаққа деген құлшынысын, қызығушылығының
артқанын, қала берді, ең болмағанда жаман жолға түспейтініне, сыни
тұрғыдан ойлауға бет алатынын байқауға болады. Ең маңыздысы
оқушылар
өз іс-әрекетін, сыныптастарының, құрбы-құрдастарының
іс-әрекеттерін, жетістіктерін бағалауды және жауапкершілікке
үйренеді.
«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе
үйретпеймін
- тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын»
Альберт Эйнштейн
Мұғалімдік мамандық- бұл адамтану,адамның күрделі және қызықты,
шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу.
Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер- ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
В.С.Сухомлинский