7


  • Учителю
  • Көркем әдебиет Жабайы аңдар мен құстардың тіршілігі Презентация

Көркем әдебиет Жабайы аңдар мен құстардың тіршілігі Презентация

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





І.Үргенішбаев атындағы орта мектебі





















Тіл дамыту

Аңдардың қысқы суықтан

қалай қорғанады?

/Ашық сабақ/





























Өткізген:

Шағын орталық тобының

тәрбиешісі: О.Отарова

















2014 оқу жылы

Аңдардың қысқы суықтан қалай қорғанады?

Мақсаты: Балаларды жабайы жануарлардың қысқы тіршілігімен таныстыру. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін жетілдіру. Шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтарын арттыру, ой - қиялдарын іс жүзінде көрсете білуге үйрету.

Жан - жануарларға қамқор болуға, ұқыптылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік : Ойыншықтар қоян мен тиін, кәрзеңке, жабайы аңдар суреттері,

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Өткен сабақ:

Шалқан ертегісі:

Шалқан қайда өседі?

Шалқанды кім бақшасына отырғызады?

Шалқан қандай болып өседі? Атай неге көмекеке кімдерді шақырады?

Олар қандай отбасы?

Атай қысқа егістігін жинап қысқа дайындады.

Мақал

Қыс қамын жаз ойла деген екен.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі келді ? Қыс

Қыстың қандай ерекшелігі бар ?

Қыстын ауа- райы қандай болады ? суық, аяз, боран соғады. Қар көп жауады.

Қыс мезгілінің де 3 ай бар. Желтоқсан, қаңтар , ақпан

Сондықтан сендер қандай киімдер кидіңдер?

Неге ? көйлек , туфльи, жұқа киім кимиміз?

Балалар құстар қайда ұшып кетті?

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырам мұқит тыңдандар.

Жұмбақ шешеу:

Жабай аңдар қайда өмір сүреді ? орманда

Қандай аңдарды білесіңдер?

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, олай болса жабайы жануарлардың қыста қалай тіршілік ететінін білгілерің келе ме?

Балалар: Иа.

Тәрбиеші: Олай болса сендерге қонаққа келген аңдар бар ? Олар өздері туралы балалар біздер туралы не біледі екен деп келген болатын.

Аңдармен амандасады.

.

Тәрбиеші: Енді жануармен жақынырақ танысайық.

Тәрбиеші: дұрыс бұл кірпі, кірпі бір түрлі ашулы сияқты. Ой балалар біз оны оятып жіберіппіз. Күздің соңында кірпі өзінің шөп төсеген інінде домаланып алып ұйқыға кетеді. Ол қыстай ұйықтайтындықтан, оған тиін сияқты қысқа азық жинаудың қажеті жоқ. Тек күзде ұйқыға жатарда жақсылап тамақтанып, терісінің астына көп май жинап алады. Сондықтан оның қыстай қарны ашпайды. Кірпі қыс кетіп, көктем туып, күн жылынғанда бір-ақ оянады. Ал енді қазір кірпінің ашуын басу үшін ол туралы саусақ ойынын ойнайық

Мен ашулы кірпімін

Көрінгенге түрпімін

Үстім толы ине

Есің болса тиме

Келсе егер түлкі

Түйреп алам түрпі.

Тәрбиеші: Балалар кірпі сияқты қай аң қыс бойы ұйықтайды.

Балалар: Аю

Тәрбиеші: Ал ол қайда ұйықтайды?

Балалар: Апанда.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар аю күз бойы көп тамақ жеп денесіне көп май жинайды да, қыста көктем туғанша ұйықтайды. Аю туралы тақпақ айтайық /хормен /

Тәтті көрсе бас салар,

Аумайды жас баладан.

Үп-үлкен боп жасқанар,

Кіп-кішкентай арадан. аюдың баласы- қонжық

Қасқыр орманда жортады,

Аяздан ол қорқады,

Аспанға қарап ұлиды,

Малды ауылды ториды.

Қасқырдың баласы- бөлтірік

Тәрбиеші: Балалар аңдар сендермен бірге жаттығу жасауды ұсынады

Сергіту сәті: бейнефильм

Тәрбиеші:

Өзі айлакер,

Өзі қу.

Жүрген жері айқай шу.

Балалар: түлкі. түлкінікі- мыршай

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, түлкі де қысқа дайындалады оның жүндері қалыңдап өсіп жылы тонға айналады. Ал сендер қалай ойлайсыңдар түлкі жүнінің түсін өзгерте ме?

Балалар: жоқ.

Тәрбиеші: Иә түлкі түсін өзгертпейді, өйткені оған ешкімнен тығылудың қажеті жоқ, ол өзі жыртқыш аң. Ал түлкінің үйі қалай аталады?

Балалар: Ін

Тәрбиеші: Иә түлкі інде тұрады. Сол жерде демалып ұйықтайды. Сосын қоян, тышқан аулауға шығады.

Тәрбиеші: Ой балалар біздің қоян тағы келіпті. Ол сендерге жаттығу жасауды ұсынады.

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы - қырлы жерлермен

Ытқып - ытқып жүгірді. қоянның баласы- көжек.

Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы қоян қысқа қалай дайындалады.

Балалар: Түсін өзгертеді.

Тәрбиеші: Иә балалар, ол өзінің сұр тонын, жылы да аппақ тонға ауыстырады. Сосын жыртқыш аңдардан қорғанып, қардың түбінде құлағын жымырайтып, көзін жұмып ақ қардан аумай отыра қалады.

Тәрбиеші: Ал қоян қысқа азық жинай ма?

Балалар: Жоқ

Тәрбиеші: Иә қояндар қысқа азық жинамайды. Олар ағаштардың бұтасын, тамырын кеміріп қоректенеді.қыста қоян түсі ақ болады.



Тәрбиеші: дидактикалық ойын:

Кеспе қазағдардан аңдарды құрастыру.

Тест: аңның жарты денесін тап

Сабақты қортындылау.



Бүгін кімдер қонаққа келді?

Бұл аңдарды неге жабайы дейміз?

Қай аң қыста ұйықтап жатады?

Олардың балаларын қалай атаймыз?

Қай аң апанда тұрады? (Аю, қасқыр)

Қай аң інде тұрады? (түлкі)

Балаларды мақтау, мадақтау.

















Аңдардың мүшелерін тап





Артығы қайсы

</</h1>



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал