7


  • Учителю
  • Конпект по адебиет достық түбі адалдық

Конпект по адебиет достық түбі адалдық

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы:Достық түбі - адалдық

Сабақтың мақсаттары:

Адамның бойында болашақ өміріне пайдалы достық сезімінің құдіретін ұғындыру , бұл сезім ,жақсылықтар жиынтығы екендігіне көзжеткізу. Достық сезімді бойларына сіңіріп ,оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу ,досқа деген адалдық , шексізықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу .

Көрнекіліктері :суреттер ,нақыл сөздер,буклеттер .

Сабақтың барысы

Жүргізуші:Бүгінгі «Достық түбі -адалдық» атты тәрбие сағатымыз өміріңе сән беретін , адам бойындағы ғажайып сезім -достық туралы .Өмірде көп көрген , достық мектебіндешыңдалған ақындардың жырларын оқып , ұлтымыздың қасиетті хадистерін жаттап ,даналардың сөздерін санамызға тоқып , достық деген ұғымның адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтығы екенін көз жеткізіп , адал досты жалған достан айыра білу .

Диас:

Досым,саған сенемін сеніп өтем!

Жолды бөтен демейін , жөні бөтен .

Достық деген -адамның көрігі екен ,

Достық деген -адамның серігі екен .

Арай :

Ұйықтап жатыр көңілді құйын -дауыл

Неге сен келе алмадың жиынға бұл ,

Жыраққа жалғыз мені жібермеші

Жаныңа жаманшылық бұйырмағыр.

Ақылбек :

Достық қымбат өмірде,

Сақтай білсең көңілге .

Терең оймен түсініп

Сене білсең өмірге .

Әдемі :

Вся наша земля -

Как большой детский сад ,

Где каждый друг другу

Сестра или брат .

Пусть будут все дети

Друзьями навеки !

Хангерей :

Жақсыменен дос болсаң ,

Алдыңнан шығар електеп ,

Жаманменен дос болсаң ,

Сыртыңнан жүрер өсектеп .

Гүлзада :

Жан қиыспас дос болсаң ,

Сыйласумен жүрерсің

Шашылып жатса , сыртыңнан

Жинасумен жүрерсің .

Көрініс : «Досыммен сырласу»

Бақдәулет:

Достың көңілі ерекше .Сондықтан досты ренжітуге болмайды .Дос деген сөздің өзі екі түрге бөлінеді :адал дос ,амал дос .Адал дос әрқашанда қасыңнан табылады . Ал амал дос сыртыңнан күліп кетеді .

Хадистер

Жерді атына қарап , адамды досына қарап тануға болады .

Әрбір мұсылман үшін адал дос табу міндет .

Досыңның сұраған кешірімін қабылдаған адамның күнәсімен бірдей .

Ән : «Дос туралы жыр»

Мақал-мәтелдер

Қанат

Жақсы дос күлдіріп айтады,

Жаман дос жылатып айтады .

Аяжан

Сенімді дос тірегің

Қалдырма оны бір елі.

Досты кек етпе ,

Сөзін екі етпе .

Думан

Адаммен достың қамы ,

Содан соң бастың қамы .

Даяна

Екі жаман дос болмас,

Екі жақсы қас болмас.

Қорытынды

-Құрметті ұстаздар ,оқушылар .Осымен сіздерге арналған «Достық түбі-береке» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал