7


Зат есім

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Қазақ тілі пәнінен зат есім тақырыбына арналған ашық сабақ жоспары. Жоспарда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, топтық жұмыс орындау және өзін-өзі бағалау қарастырылады. Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың сөздік қорларын, сөйлеу дағдыларын
предварительный просмотр материала

«Бобровка орта мектебі» КММ

Ашық сабақ

Тақырыбы: Зат есім (2-сынып)

Өткізген: Базилбаева Кундыз Мухаметкановна



2014-2015 оқу жылы

Сабақ тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың зат есім туралы білімдерін кеңейту. Зат есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
б) Дамытушылық:Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сөздік қорын байыту, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, сауатты, таза жазуға дағдыландыру.
в) Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
Сабақ түрі:дәстүрлі

Сабақ типі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, әңгімелеу,жеке, жұптық жұмыс, сұрақ-жауап.
Сабақ көрнекілігі: түлкі, адам, адамдар, тауықтардың суреттері, үлестірмелі қағаздар, бағалау парағы.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
А) сәлемдесу ә) назарларын сабаққа аудару

Қараңыздар жан-жаққа

Дайынбыз ба сабаққа

Орнында ма барлығы

Кітап, дәптер, қаламда

Оқушылар:

Сыныбымыз тап-таза

Бор да дайын тақта да

Барлығы да орнында

Кітап, дәптер, қалам да

Бойымызды жинақтап

Отырайық партаға

Бес болсын алар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз.

Жаңа сабаққа дайындық

Суреттердің артында сұрақтар жазылған, соған жауап бере отырып сурет құрап шығарады. Суреттерге қандай сұрақ қойылатынын бірлесе отырып табамыз. Содан қорытынды ереже шығарамыз.

Адамдарға қатысты сөздерге кім? кімдер? заттарға, жан-жануарларға не? нелер? деген сұрақ қойылады. (оқулықпен салыстырады)

Мен сендерге бағалау парағын беремін, өз-өздеріңді бағалайсыңдар.

Бекіту.

  1. тапсырма

Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, не? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек топтастыр.

Кітап, сатушы, келді, парта, жоғары, түлкі, жатыр, ағаш, қарға, дәрігер, әдемі, бала, ұзын, ата.

Кім? сатушы, дәрігер, бала, ата.

Не? кітап, парта, түлкі, ағаш, қарға.

2-тапсырма

Сөйлемдерді оқы. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.

Тоғайда түрлі аңдар жүреді. Балалар құстарға ұя жасады. Айнұр кітап оқып отыр. Сиыр өрісте жайылып жүр. Ит үрді.

Сергіту сәті

  1. тапсырма

«Сәйкесін тап» ойыны

4-тапсырма

Аудио мәтін оқылады. Одан зат есімдерді тереді.

5-тапсырма

Өздері құраған суреттен ертегі құрау.

Қорытынды.

Сұрақтарға жауап береді. (қорапша салынған)

Ұстаз сөзін қатыстырып сөйлем құра.

Зат есім дегеніміз не?

Зат есімнің сұрақтары

Не? деген сұраққа жауап беретін сөздер айт.

Дәрігер деген сөз қандай сұраққа жауап береді?

Кімдер? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер айт.

Үй тапсырмасы

Бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал