7


  • Учителю
  • '10 санының құрамы' тақырыбында ашық сабақ. 1 сынып

'10 санының құрамы' тақырыбында ашық сабақ. 1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:10 санының құрамымен таныстыру.Сандарды салыстыру.

10 көлеміндегі қосу, азайту амалдарын орындау жолдарын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың оқу танымдық және ойын іс-әрекетін қатыстыру арқылы пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін өрісін дамыту. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жылдамдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,дидактикалық материалдар, карточка, плакаттар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту, ойландыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Бақыт - бақыт менде, бақыт сенде, бақыт барлық жерде»

«Тыныштық - тыныштық менде, тыныштық сенде, тыныштық барлық жерде»

«Бейбітшілік - бейбітшілік менде, бейбітшілік сенде, бейбітшілік барлық жерде»

2.Оқушыларды ІҮ топқа бөлу.

№1 топ

№2 топ

№3 топ

№4 топ


Балалар, бүгін бізде ерекше математика сабағы.

Біз «Саяхатшы Дарамен» саяхатқа шығамыз. Саяхатымызда Галамшардан келген «Винки» балақай отбасына оралу үшін тапсырмаларды орындаймыз.

Тапсырмаларды орындау үшін үш кедергіден өтуіміз керек.

  1. Фермалық базар.

  2. Көпірден өту.

  3. Асқар тау.

Оқушыларға «Саяхатшы Дара» мультфильмнен үзінділер көрсету.

ІІ .Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

10 санын қалай шығарып алдық? 10 цифрын жазу.

  1. саны қандай сандардың қосындысы?

10 саны қай сандардан артық?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

1 тапсырма. «Фермалық базар»

Логикалық тапсырма.

1.Бірінші қосылғыш 4 екінші қосылғыш 3 қосындының мәнің тап.

Бірінші қосылғыш 5 екінші қосылғыш 4 қосындының мәнің тап.

Азайғыш 10 азайтқыш 6 айырманың мәнің тап.

Азайғыш 9 азайтқыш 1 айырманың мәнің тап.

2.7 санының тікелей алдында келетін санды атаңдар.

3.8,9 арасындағы санды атандар.

4.9-дан кейінгі санды атандар.

5. Сәуле 7-қабатта тұрады, ал Марат 1 қабат жоғары тұрады.

Марат нешінші қабатта тұрады?

6. Көлде 10 шортан балық және одан 2-уі кем жайын балық жүр.

Жайынбалықнешеу?
7. Ануарда 10 теңгеболды. Дәптералғаннанкейін 5 теңгесіқалды.

Дәптер неше теңге тұрады?

8.Тимурда 6 кітап бар, ал Алинада 2 кітап артық. Алинада неше кітап бар?
9. Құмырада 5 раушангүл және 4 бәйшешек. Раушангүлдің бәйшешекке қарағанда

нешеуі артық?
10. Сыныпта 10 бала. Оның 6-уы ер бала. Қыз бала нешеу?

Айлакер түлкіден құтқару.
Қай қатардағы сандар реті дұрыс.

2,4,6,8,10

1,2,3,4,5,6,7,8

1,3,5,7,9

2 тапсырма. Көпірден өту.

1.Оқулықпен жұмыс.

  • Сурет бойынша ойыншықтарды екі қорапқа салудың әр түрлі әдістерін қарастыру.

  • Екі кесіндінің ұзындығын өлшеу және салыстыру.

2.Дәптермен жұмыс.

а) Қандай сандардың қосындысы 10-ға тең?

10 10 10 10 10

9 1 8 2 7 3 6 4 5 5


ә) Теңдіктер құру. 9+1=10 10-9=110-1=9

8+2=10 10-8=2 10-2=8

7+3=10 10-7=3 10-3=7

6+4=10 10-6=4 10-4=6

10-5=5 10-5=5

3.Тақтамен жұмыс.

в)Өзара жеке жұмыс.

10 санның қосу және азайту амалдарын орындайды.


5+

6+

+7

10


1+ +4

+3

2+ +9


Сергіту сәтін өткізу.

Би кимылдарын орындату.

3 тапсырма. «Асқар тау»

1.Топпен жұмыс.

Өрнектердің мәнін дұрыс табу керек.

  1. топ. Гүлге қонған көбелектегі теңсіздіктерді орындайды.

  2. топ. Ағашқа жемістерін орналастырады.

  3. топ. Ағаштың жапырақтарын толықтырады.

4 топ. Шыршаны безеңдіреді.

2. «Құстарға қамқорлық» дидактикалық ойын.

Ағаш бұтағына тапсырма жазылған карточкалар орналасқан. Әр бұтақта құстар отыр. Әр оқушы карточкадағы мысалды дұрыс орындаса, құсын жемсауытқа қалдырады.

3.Ұжымдық жұмыс. «Жылдам ойлан»

Интерактивті тақтамен жұмыс.

Ү. Қорытынды:

  • Балалар, бүгінгі саяхат сабақ сендерге ұнады ма?

  • Саяхатшы Дараның тапсырмаларын дұрыс орындадық па?

  • Қалай ойласыңдар «Винки» балақай өз отбасына оралды ма?

  • 10 саны қандай сан?

ҮІ. Үйге тапсырма: 77-бет. №4 есеп.

ҮІ. Бағалау.

Сандарды ретімен орналастыру арқылы, оқушылар өздерін бағалайды.


9

8

7

6

5

4

3

2

1

10

0




Р

А

Д

Ң

Ы

С

Й



А

Р

А

Ж



Д

Д



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал