- Учителю
- 'Құстарды мүсіндейміз' 4 - сынып
'Құстарды мүсіндейміз' 4 - сынып
Бейнелеу 4 сынып
Тақырыбы: Құстарды мүсіндейміз.
Мақсаты: а) Оқушыларға жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы түсіндіру.
ә) Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
б) Оқушылардың танымдық, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілетін дамыту. Құстардың
мүсінін ермексаздан жұмыс істеуге меңгерту.
Түрі: топпен жұмыс.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ -жауап.
Көрнекілігі: құстар суреті, ермексаз, слайдтар, көрме ұйымдастыру.
Жүру барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ.
4. Ермексазбен жұмыс.
5. Топтық тапсырмалар.
6. Жұмбақтар, мақал-мәтелдер.
7. Қорытындылау, бағалау.
Оқушылардың назарлары сабаққа аударылады.
Үй тапсырмасын тексеру.
Орманның пайдасы туралы түсінік.
Сөзжұмбақ шешу.
1. Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап. (қаз)
2. Жаздай концерт береді.
Көктемде ұшып келеді. (бұлбұл)
3. Жақыннан да, алыстан да,
Бәрі ұшқан да, әрі ұшқан да,
Құртты шоқып тауысқан,
Санитар бұл не? (сауысқан)
4. Сирағы ұзын, тырнағы ұзын.
Балықты үзбей,
Ұстайтын шоқып,
Тұмсығы бірдей. (тырна)
Қазақстанда құстардың 600 түрі бар. Құстардың жылы жаққа кетуінің себебі -жемнің азаюы. Күн салқындап, құрт-құмырсқа тығылып қалғанда, олар топтала ұшып, лек-легімен жылы жаққа кете бастайды. Ал көктемде қайта оралу себебі - ол жақ ыстық болғандықтан жұмыртқалар шіріп кетеді де, ұрпақ өрбіте алмайды. Енді міне қанатты достарымыз қайта оралып жатырса, біз не істеуіміз керек ?
- Балалар. Оларға жем шашып, қамқор боламыз.
Құстардың ортақ қасиеті: қанаты бар, ұшады, тұмсығы бар, шоқиды.
Айырмашылығы: әртүрлі дауыстайды.
Пайдасы: Олар ағаштарды зиянды жәндіктерден тазалайды.
Оқулықпен жұмыс:
Берілген үлгіні көрсете отырып, құстарды ермексаздан мүсіндеп жасау. Ермексаздан берілген үлгіге қарап, тиянақты түрде орындау.
Есіңе сақта !
• Туған жерге оралып, ұяға жайлы орын іздеген құстарға көмек көрсет.
• Ұядағы балапанды қолмен ұстауға, қорғауға болмайды. Олай істесең, енесі ұяны тастап, балапандарына жоламай кетеді.
Құстарға мінездеме беру.
Бүркіт - қыран құс.
Аққу - сұлу құс.
Сауысқан - қорқақ құс.
Көкек - мақтаншақ құс.
Тоқылдақ - орман дәрігері.
Сұңқар - қырағы құс.
Түйеқұс - үлкен құс.
Пингвин - жүзгіш құс.
Сергіту сәті.
Оянып бар табиғат ұйқысынан.
Жадырап құтылғандай құс қамынан.
Көктемді шуға бөлеп, әнге ораған.
Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.
«Артық сөзді тап» ойыны.
*балық, сазан, көгершін.
*Орындық, үстел, сауысқан.
*сиыр, түйе, қарлығаш.
Оқушылардың ермексаздан жасалған құстардың мүсінін тексеру, мадақтау.
Қорытындылау.
Қымбатты оқушылар! Көктемнің жаршысы, адамзаттың досы жыл құсын жақсы қарсы алып, қамқор болайық. Әрқашан аспанымыз ашық болсын деген ниетпен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Бағалау.