7


  • Учителю
  • Конспект Эссе 'Білім жүйесі -кеше, бүгін, ертең'

Конспект Эссе 'Білім жүйесі -кеше, бүгін, ертең'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Түпқараған ауданы, Форт- Шевченко қаласы

Е. Өмірбаев атындағы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Беришбаева Ақбидай



Байқау номинациясының тақырыбы: «Менің үздік жаза туындым»

Білім жүйесі- кеше, бүгін,ертең

«Білімді -мыңды, білекті-бірді» жығады деген мақал мың теңеуге бір дәлел деп білемін. Эссемді ары қарата өрбіту барысында ең алдымен «білім-сарқылмайтын қазына, тозбайтын -тон» екені баршамызға айдан анық екені өзім үшін тағы бір мәрте ой елегінен өткізіп алдым. Енді,менің айтар ойым, жүйрік қиялым нені ортаға салғысы келеді?

Тақырып: « Білім жүйесі-кеше, бүгін, ертең» деп аталады. Сол білімді беретін-білім беру мекемелеріндегі мұғалімдер. Ендігі әңгіменің өрбитін тұсы, сөздің мәйегі-білім беру жүйесі туралы болмақ.

Балаға білім нәрін сеуіп, бар ілім-білімді балаға беруді кезең-кезеңге бөлу артық деп білемін. Бірақ,дегенмен технологияның дамып, жаһанданған бетбұрыс белең алған қоғамда білім берудің де сан түрлі әдіс-тәсілдерін қолдану, игерту, балаға меңгерту білім беру жүйесіндегі алғы шарттардың бірі болып тұрғаны сіз бен бізге жасырын дүние емес.

Білім беру жүйесінің кешегісіне көз тастасақ-қара тақта, ақ бор. Санаулы қалың-қалың оқулықтар. Тек сол оқулықтағы берілген материалды меңгеру арқылы да қаншама профессор, қаншама зиялы қауым білім алып, қазақ елінің атағын көкке жеткізген. Әрине тек мектеп оқулығымен шектеліп қана отырды деу де болмас. Кітапхана, кітаптардың мол мұрасы, әдеби қосымша оқулықтар оқу арқылы ой-өрістерін кеңітіп, өздерін дамытып, қатарынан осылай ерекшелініп, екшеленіп отырғаны рас. Мұнда назар аударатын бір тұсы-сол білімді меңгертетін ол -Ұстаз. Қара тақтаға ақ бормен сан жазуды жазып, алдындағы шәкірттеріне мұқият,зерделеп меңгерткен де осы Ұстаздар. Ол тұста да біз осал болған жоқпыз. Ол тұста да сөзімнің басында айтып өткендей-қазақ халқының қай жағынан болса да мерейін асқақтатқан қаншама тұлғалар болды.Демек, білім берудің кешегісінде ақсаған тұсымыз болмағаны рас. Заманына қарай, заман талабына қарай уақыттан қалмай меңгерілу керек оқу бағдарламалары игерілді.

Келесі кезекте білім беру жүйесінің бүгіні туралы сөз қозғасам. Бүгінгі таңда білімге қойылатын талап ерекше. Білімділер ғана өз болашағының жарқындығыны сан мәрте дәлелдеп жатыр. Қазақстанның шеңберінен тыс шет елдерде білім алып, оқысаң ғана, ұстаз берген білімді өз деңгейіңде меңгерсең ғана, талапқа сай бола білсең ғана қатарыңнан озық шығатыныңды мектеп партасында отырған кез-келген оқушы біледі. Білімнің арқасында алынбайтын қамалдың жоқтығы, қаншама мүмкіндіктерге жол ашылатындығын да дәлелдеу артық. Қазіргі таңда мектеп қабырғасында оқып жүріп ақ өз болашағыңның іргетасын қалауға әбден мүмкіндік зор. Ол мүмкіндіктерге: қазақ-түрік лицейіне, Назарбаев мектебіне, ары қарата шет елдерде де білімді жалғастыруға туып отырған мүмкіндіктер білім беру жүйесінің шарықтағанының дәлелі деп білемін. «Бірін айтып, біріне түсіп,өз ойым өзімді қуалауда. Эссе жазудың да шабыттылығы сол ма деп қалдым.

Бұрын тек сол оқыған мектептен бітіріп шығып, жоғары оқу орнына немесе арнаулы білім беретін оқу орындарында ғана білімдерімізді ұштасақ, қазір мүмкіндік тіптен зор. Кеше тек мұғалімнің берген білімі ғана санамызда жатталып, оқулықтағы материалды меңгерумен ғана шектелсек, бүгін ол туралы айтпасам да болатын сияқты. Ғаламтор, электронды оқулықтар-мұның барлығы заманның қарыштағаны болса, білім алудың сан жолдарының бар екендігін айқындайды.

Қашықтықтан оқу, уақытты бағалау, өзіңді сынау мен шыңдау сынды қасиеттер өз «МЕН-іңнің» қалыптасуына әбден септігін тигізері сөзсіз.

Бүгінгі таңда алысқа бармай-ақ жаз сайын ауылға демалысқа келетін студенттер денінің көбі алыс, таяу шет елдерде білім алып, сол елдің тілін меңгеріп жатырғандығы көз қуантады, көңілге қуаныш ұялатады. Демек, білім берудің бүгінгі заманауи жүйесі-көштен қалмай, алда болудың басты себепшісі деп білемін. Бүгінгі таңда мектеп табалдырығындағы бастауыш сыныптан бастап шет тілдердің меңгертілуі, техниканың дамыған заманында көрнекі құралдардың жаңа заманға сай жаңаруы, ең бастысы мектеп қабырғасындағы балалардың меңгере білуі -жетістік.

Білім беру жүйесінің ертеңінің бүгіннен қалыптасуының іргетасы қаланды деп білемін. Білім берудегі түрлі жаңашыл әдіс-тәсілдер мен әдістемесін меңгеру мұғалім үшін жасалған басты мүмкіндік. Жаңа тақырып пен тапсырмаларды меңгертуде оқушылардың өздеріне ой салу, ойларын қозғау арқылы тақырыпты ашу, оқулықта берілген материалдарды өз беттерінше меңгеруге жол ашу, дайын асқа тік қасық болудан сақтандырады. Мұғалім оқулықтан бірінші өзі оқып, кейін түсіндіріп, содан соң барып оқушыдан сұрайтын үйреншікті меңгерту тәсілі бүгінгі таңда ескірген әдістердің бірі болып саналады. Сондықтан, әр оқушының ойын,зейінін бір ортаға тоғыстырып, меңгергелі тұрған тақырыпқа жетелеп, ойын жүйелетіп барып жеткізу білім берудегі алдыңғы талаптарының орындалғандығы.

Оқушы өз беттерімен іздене отырып,бір ғана мағлұматты алмайды.Сол ізденіп отырған мәліметі төңірегінде бірнеше құнды мәліметтерге көз шалып, көп нәрселерге құлақтанады. Ғаламтор жүйесі болсын, оқулық, қосымша оқу-құралдарынан болсын өз бетімен ізденгеннің нәтижесі оңтайлырақ.

Алдағы уақытта, білім беру жүйесінде «мұғалім» деген жол көрсетуші,нұсқаушының рөлінде болуы керек деп ойлаймын. Ескі әдіс бойынша оқушыға тек жұтуға ғана дайындап бермей, өзіне керектісін өзі дайындап, өзі меңгеріп, мұғалімнің бастамасына ілесіп отыратындай дәрежеге жеткізуіміз керек.

Оқушының өз бетімен ізденуі ой-өрісінің дамуына, кеңеюіне септігін тигізері сөзсіз.

Білім беру жүйесінде кеше, бүгін, ертең деген түсінік қалыптасқанмен мектеп үшін өзгермейтін тұлғалар-мұғалім мен шәкірт және тағы бір үздіксіз жүретін ең басты процесс-білім беру, біліммен бірге егіз тәрбие беру. Бұл басты талап.

Ал,енді білім беру жүйесін жаңарту, білім беру жүйесін жетілдіру бұның барлығы білім беру жолында аспаннан алынған дүниелер емес-осы жолда өз шығармашылығын шыңдап жүрген, оқ бойы озық шыққан ұстаздардың білім беру жолындағы тәжірибелерімен бөлісуі. Сондықтан, жылт еткен жаңалықтан қашпай, ерінбей меңгеріп, қай жаңашылдықтың жақсы тұсынан алып, өз тәжірибелерімізде пайдалана білсек-әрбір мұғалімнің ұстаздық еңбек жолында нәтиже болары сөзсіз.

Бүгінде мұғалімге де, оқушыға да қойылатын талап өте жоғары. Демек, білім беру мен білім алудағы талаптың да жауапкершілігінің артқаны. Осы жауапкершілігі мол жолда егемен еліміздің ертеңі тұрғандығын бір сәтте естен шығармағанымыз абзал.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал