- Учителю
- Конспект урока по физкультуры
Конспект урока по физкультуры
Күні:14.11.2013.
Сыныбы:2 «б»
Мұғалім: Қарымсақова Жаңыл
Әдіскер:Макишев Серік.
Машықкер:Қуанышбай Таңшолпан.
Пәні: Дене шынықтыру.
Тақырыбы:Гимнастика сабағындағы ережелер.
Мақсаты:
Білімділік:Қозғалыс техникаға үйрету.Спортқа деген қызығушылығын арттыру , денелерін жаттықтыру.Оқушыларды салауатты өмірге тәрбиелеу, оқушыларды ойын арқылы сергіту.
Дамытушылық:Балалардың икемділігін, шапшандығын дамыта отырып ойнату.
Тәрбиелілік: Балаларды ойын барысындағы әрбір құралдармен қалай ойнау керектігіне тәрбиелеу.
Сабақтын тапсырмалары:Әр түрлі құралдармен жаттығулар жасау.
Керекті құралдар: мамық,доп, секірмек, обруч, гир.
Бөлімдері
Өту барысы
Уақыт
Әдістемелік нұсқаулық
Ұйымдастыру кезені:
Негізгі бөлім:
Қорытынды:
Бағалау:
Сынып түзел, тік тұр!
-Сәлеметсіздерме балалар.
Мен сендерге бүгін дене шынықтыру сабағын өткіземін.Менің аты жөнім Қуанышбай Таншолпан Нұрышқызы.
Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
«Гимнастика сабағындағы ережелер».
Сонымен балалар сабағымызды бастамас бұрын сергіту жаттығуларын жасап аламыз.
Осымен сергіту жаттығуымыз аяқталды.
Балалар гимнастика негізі үш тармақтан тұрады.
Қарапайым немесе негізгі гимнастика.
Спорттық мақсаттағы гимнастика.
Жеке мақсаттврға бағытталған гимнастика.
Енді балалар гимнастика ережелерімен танысып алайық.
-
Гимнастикалық жабдықта белгілі бір уақытта бірнеше адамның жаттығу орындауына болмайды.
-
Спорттық жабдықтарында жаттығуды орындайтын жерге секіріп түскенде міндетті түрде екі бүгіп түсу керек.
-
Қандай да болсын құрал жабдақта орындалатын жаттығуларды мұғалімнің рұқсатынсыз бастауға болмайды.
-
Спорт құралдарында жаттығуларды орындамас бұрын міндетті түрде олардың жарамдылығы тексеріледі.
-
Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы спорттық киім киеді.
Гимнастика сабағындағы кей бір жаттығулар түрлері:
Доппен, секіртпе, обручпен жаттығулар жасаймыз. Алдымен төртке бөлініп алып біріміздің артымызға біріміз тұрамыз.Алынғы қатардан бастап ортада тұрған құралдармен керілу жаттығуларын жасап өте бересіндер.
Енді балалар гимнастика жаттығуларына байланысты ойындар ойнайық.Ойынды ойнау үшін жаттығу жасаған кездегі топ өз қалптарынша қалып ойындар ойнаймыз.
Гимнастикалық жаттығулардан құралған эстафеталар:
Балалар біз бүгінгі сабағымызды жалғастыру үшін біз эстафеталық ойындар ойнаймыз.
Ойынның шарты:1.Балалар обручтан секіріп өтеді және обручтан өтіп болған сон мамық үсінде аяқтарын бес рет көтереді.
2.Тез жүгіріп барып бір килограмдық гирді бес рет көтеру,ары қарай обручты айналып мәреге жету.
3.Орындықты бес рет секіріп өту, секіртпені теуіп мәреге жету.
4.Жартылай отырып жүру, обучты айналдырып мәреге жету.
Балалар сендер бүгін өте жақсы жаттығулар жасап ойындарды өте жақсы деген бағалармен ойнай білдіндер.Сау болындар!
Балалар бүгінгі ойында достық женді деп есептеймін сендерге мына смайликтерді беремін барлығына,
1 мин
2 мин
29 мин
1 мин
1 мин
Түзеліп тік тұру.
Оқушылар формасын тексеру.
Балалар реттік санымен саналамыз .Сынып оңға бұрыл!Оңға бұрыл!Солға бұрыл!Кері айнал!Солға бұрыл!Кері айнал! Енді 2 мин жүгіреміз.Жүгіріп болған соң сапқа қайта тұрамыз.Енді сергіту жаттығуын жасаймыз. Беске саналамыз және әркім өз саны бойынша қадам жасаймыз.
Ең әуелі басымызды оңға солға 4-4 тен айналдырамыз, қолымызды иығымыздың үстіне қойып, аяғымызды иық белдеуінде қойып иығымызды алдыға және артқа 4-4 тен айналдырамыз;енді қолымызды бір- біріне қапсырып алдыға, артқа оңға, солға еңкейеміз; қолымызды кеуде тұсында ұстап оңға және солға бұрылыстар жасаймз; енді қолымызды белімізге қойып оңға, солға төрт рет айналдырамыз;тіземіздің үстіне қолымызды қойып тіземізді ішке, сыртқа айналдырамыз; қолымызды бір -біріне қапсырып, алдымен оң аяғымыздың ұшымен содан соң сол аяғымыздын ұшын айналдырамыз.
Сапта тұрып тындау.
1)Секіртпе, доппен, обучпен 1-2 алға, 3-4 артқа қарай еңкейеміз.
2)1-2оңға, 3-4 солға қарай еңкейеміз.
1-2 оң аяғымызды сол жаққа сілтейміз,3-4 оң аяғымызды оң жаққа сілтейміз.
3)1-2денемізді сол жаққа бұрамыз,3-4 денемізді оң жаққа бұрамыз.
4)1-2, 3-4 қолымызды жоғары көтеріп керілеміз.
5)1-4 допты жоғары лақтырамыз,секіртпемен секіреміз,обручты айналдырамыз.
Қос аяқтап секіру керек және денелрін тепе-тен ұстауы тиіс.Аяқты көтергенде мандайға жақындатқан дұрыс.
Барынша тез жүгіру, гирди көтергенде аяқтарын сәл алшақ қою, обуч ішіне сыйу үшін сәл енкейу.
Орындықтын екі жағына тендей түсу, секіртпе тебу.
Жарылай отырғанда денеміз сәл бүгілінкі, аяғымыздың арасы ашық болуы керек.
Аты жөні
Бағасы
Қолы
Мұғалім:
Қарымсақова Жаңыл
Әдіскер:
Макишев Серік