7


«Ц әрпі мен дыбысы»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 06.12.15

Мектеп: №8 қазақ орта мектебі

Сынып: 1 «ә»

Әдіскер: Жахметова Б.Қ.

Мұғалім: Бакирова А.ә.

Практикант:Нұрділда Айгерім

Сабақтың тақырыбы: «Ц әрпі мен дыбысы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Ц дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

Дамытушылық: Ц дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен тілін, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды партада дұрыс отыруға, сауатты, қатесіз таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:ойын, сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың көрнекілігі:Ц әрпіне байланысты суреттер,кеспе әріптер Сабақ барысы:

Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлеметсіңдер ме! Бүгінгі әліппе сабағын сендерге мен беремін. Аты - жөнім Нұрділда Айгерім

Психологиялық дайындық:Қайырлы таң достым Қайырлы таң құрбым Бейсенбінің сәті Сәттілікке толсын Бүгінгі алған бағаларын Кілең бестік болсын!,- деп бәріміз сабағымызды бастайық.

Өткенді қайталау:

  • Өткен сабақта қандай дыбыс өттік?

  • Щ дыбысы қандай дыбыс? -«Э»дыбысы қандай дыбыс? - «Балхаш» туралы кім айтып береді? - «Щёткаларды» кім жатқа айтып береді?

Сергіту сәті:

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.


Жаңа сабақ.

Жұмбақ

Аяғын жерге тірей қалып,

Шеңбер сызды шыр айналып.

(Циркуль)-Балалар


Оқушыларды ц дыбысымен таныстыру.

Ц дауыссыз дыбыс. Ц дыбысы орыс тілі арқылы енген кірме сөздерде кездеседі.

Мынау цирк (тақтада цирк суреті ілініп тұрады). Ондағы сайқымазақтың өнері қандай? Үйретілген хайуанаттардың өнерін айтсаңшы. Осы цирк сөзі қандай дыбыстан басталады? Білесің бе? Бірге айтайық. Ц - Ц - Ц.

Цц - мынау ц дыбысының таңбасы. Баспаша түрі Ц дауыссыз дыбыс. Оны көк бояумен бояймыз. Ол тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылады. Сөздерді мұқият тыңда. Ц дыбысы бар сөздерді есіңде сақта!


Цирк; циркуль; цех; цемент; офицер; мотоцикл; цифр; концерт.


Оқулықпен жұмыс.

а) оқулықтағы сөздерді оқып, сөздік жұмыс жүргізу.

ә) «Цирк» мәтінін оқыту.

б) Мәтінде неше сөйлем бар?

в) Қадыр Мырза Әлідің «Клоунның сыры» атты өлеңін оқыту. Өлеңнің мазмұнын оқушыларға айтқызу.

Клоунның сыры

Циркте жұрт самсаған

Мәз болса деп жан салам.

Ду күлдірсем оларды,

Қуанамын мен соған.

-Балаларға жекелеп оқыту.

Сергіту сәті:Доп болам дөнгелеп, Ұшсам болам көбелек, Колымда таяғым Ойыншык кояным Ертең мен өскенде Күлдіргіш клоун боламын. Тақтамен жұмыс:Сөздерге талдау жасау,текшелермен жұмыс.


«Кім тапқыр?» ойыны. Ойынның шарты: Балаларға шаршыны лақтырамын,кімде-кім шаршыны алады,сол «Цц» әріпінен келетін сөз айтады.

Дәптермен жұмыс.

а) Ц дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру.

ә) Ц әріпін ауада жазып көрсету.

б) Ц әріпінің үлкен және кіші түрлерін дәптерге көрсету. Ц әрпін әдемі жазып үйренейік. Ц әрпінің бас әрпі. Үлкен жолдың ортасынан сәл төмен қаламынды қой. Солдан оңға қарай доға жасай отырып, тік төмен көлбеу сызық жүргіземіз де жазу жолының астыңғы сызығына жете бере оңға қарай доға жасай отырып, астыңғы сызыққа тигізе ілгек жасаймыз. Бастапқы ілгектен оңға қарай жылжып, қаламынды қой да тік төмен көлбеу сызық жүргіземіз де жазу жолының астыңғы сызығына жете бере оңға қарай доға жасап, астыңғы сызыққа тигізе ілгек жасаймыз. Ілгекке жалғастыра төмен тартып бау байлаймыз.


Сергіту сәті:

«Ойлайық та, ойнайық!» (Көп нүктенің орнына ц әрпін қойып, сөздерді оқы.

Жазылуын есіңде сақта!)


...ирк,кон...ерт,мото...икл,...иркуль,...емент.

Қорытынды.

Сонымен қандай жаңа дыбыспен таныстық?

Ц дыбысы бар сөздерге мысал келтіру.

Оқушыларды бағалау.

Оқушыларға жұлдызша беріледі.


Үй тапсырмасы. «Цц дыбысы мен әрпі»

Мұғалім:

Әдіскер:

Баға:





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал