7


  • Учителю
  • Казахский язык 2-класс Антоним

Казахский язык 2-класс Антоним

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Бекітемін:

Күні: 29.11.2013 жыл

Сыныбы: 4 «Ә»

Пәні: қазақ тілі



Сабақтың тақырыбы: Мағынасы қарама-қарсы сөздер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Қарама - қарсы мәндес сөздерді ажырата білуге ықпал жасау. Сөз және оның мағынасы жайлы түсініктерін кеңейту.

  2. Өз ойларын тұжырымдап еркін айтуға, сөздік қорларын дамытып, байланыстырып сөйлеуге машықтау, шығармашылық деңгейге жетелеу.

  3. Өз бетімен қорытынды шығара алуға, алған білімін қолдана алуға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, сиқырлы сандықша, лотолар, сөмке, т.б.

Сабақта қолданылған технология: дамыта оқыту

Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану



Сабақтың барысы.



І. Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті.

  • Балалар,көзімізді жұмып,біраз демалып,жақсы істерді көз алдымызға елестейік.

Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.

Бұл әлемнің ауасы тым таза,жұпар иісті. Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз, олар ерекше адамдар, олардың жанында біз өзімізді еркін сеземіз.Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып,жан дүниемізді осы жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді!

Енді қайтатын да уақыт келді.Көздеріңізді аша қойыңыздар.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 4-жаттығу. 70-бет.

  • Біз қазір ғана сиқырлы әлемге барып қайттық. Қандай сезімде болдыңдар? (ж)

  • Жарайды, мен сендерге сол сиқырлы әлемнен сиқырлы сандықша алып келдім. Оның ішінде не бар деп ойлайсыңдар? (ж) Оның ішінде сендердің үй тапсырмаларың бар. Қане, кім шығып маған көмектеседі екен?

(сандықшаның ішінен «түзу, қашық, жуан, кеш, биік, ірі, әдемі» деген сөздер шығып, оқушылар кітаптан қарап отырып әр сөздің сыңарын табады)



ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Балалар, сендер ара сияқты еңбекқор екенсіңдер. Жарайсыңдар, балалар! Айтпақшы, ара туралы білгілерің келе ме? (ж)

  • Олай болса, дәптерімізді ашып, күннің жадын, тақырыпты жаза қояйық. «Ара» деп бір жазу жолын толтырайық.





Оқулықпен жұмыс.

7-жаттығу.

  • Өлеңді мәнерлеп оқы.

  • Мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап.



  • Балалар, жаттығуда қандай жәндік туралы айтылған? (ж) «Ара» деген сөз омоним болады. Неліктен, балалар? (ж) Олай болса, тыңдаңдар. (ақын туралы мәлімет айтылады)



  • Осы бір кішкентай бал арасы қаншалықты бал тасуы мүмкін. Өйткені бір омартадан ондаған килограмм бал алынады.Бір кило-грамм балға айналатын гүл шырынын жинау үшін бал арасы 300 мың км-дей ұшып, сол кезде 19 млн. гүлге қонуы керек. Ал бірнеше кг бал жинау үшін миллиондаған км қашықтыққа ұшады деген сөз.





  • Балалар, ара қандай жәндік екен? Біз сол араның бойынан өз бойымызға қандай қасиеттерін сіңіруіміз керек?



  • Ақын 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. Ол - жазушы, ақын, аудармашы.Оның тұңғыш туындысы республикалық «Пионер» балалар журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде оның жетпістен астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді. Ал әнге арнап жазылған өлеңдерінің саны екі жүзден асты.



  • «Көршіңді тап» ойыны. Әр оқушы жанындағы оқушыға сөз мағынасына қарай жасырады.





Жатқа жазу диктанты.

8-жаттығу.

  • Мақалдарды оқып, жатқа жаз.

  • Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сыз.



45 секунд уақытқа «бомба» қойылады. «Бомба» жарылғанша оқушылар жаттап үлгеруі тиіс. Жазып болған соң бір оқушы шығып, мақалдардан қарама-қарсы сөздерді табады. Тақтада астын сызады. Мақал оқушылармен талданады.



  • Қане, балалар, бұл мақалдар не туралы екен? Мейірімді адам мен мейірімсіз адам және ақылды мен ақымақ қандай болады? Ал, біз қандай адам болуымыз керек?



9-жаттығу.

  • Берілген сөздерге қарама-қарсы сөздерді тап.



Жаттығу интербелсенді тақтада орындалады. Оқушылардың сөздердің сыңарын тауып, сөздердің мағынасын ашады.



Сергіту сәті.



10-жаттығу.

  • Тек мағынасы қарама-қарсы сөз жұбын теріп жаз. Неліктен кейбір сөз жұптары мағынасы қарама-қарсы сөздер тобын құрай алмайтынын дәлелде.

  • Өзің қалаған сөз жұптарымен сөз тіркесін жаса.

  • Кестені пайдаланып, пікіріңді дәлелдей білуге үйрен.



Шығармашылық жұмыс.

11-жаттығу.

  • Ішінде мағынасы қарама-қарсы сөздері бар мақал-мәтел не жұмбақ тауып жаз.

  • Әрбір айтылған мақал-мәтелдерін мағынасын оқушылар ашып отырады. Және жағымды және жағымсыз жақтарымен қоса өз бойымызға жағымды қасиеттерді сіңіруіміз керек екендігін де мұғалім айтып отырады.



«Кім тапқыр, әрі жылдам?» ойыны.

Оқушыларға жұмбақ жасырылады. Оқушылар жұмбақтың жауабын тауып қана қоймай, сол жұмбақтың ішіндегі мағынасы қарама-қарсы сөздерді табады.

  1. Аспан көгі жамылды,

Қара мақпал бүркеніп.

«Т» орнына «К» қойсаң,

Жылытып жон, шағылды,

Тұрам елге нұр төгіп. (күн мен түн)



  1. Іші салқын, мұзы бар,

Күнкей қашқан қой сынды.

Жылыда тез бұзылар,

Барша тағам тығылар. (тоңазытқыш)



  1. Сырты жылтыр,

Іші жарқыл. (электр шамы)



  1. Бұрасаң тетігін,

Соғады жүрегі,

Өлшемін күн мен түн,

Әркім-ақ біледі. (сағат)





  1. Шайқап басын,

Бір төмен, бір жоғары,

Тұрса ол,

Тосын,

Үйде самал соғады. (желдеткіш)



ІV. Қорытындылау.

Не білдім? Нені үйренгім келеді?

Алдын ала дайындалған екі сөмкеге қағазға жазып салады.

Білгішбек пен Дымбілместің сөмкесі.

  • Балалар, біз бүгінгі сабақта көп нәрсе білдік және әлі үйренетініміз қаншама. Маған мынандай ой келіп тұр. Біз қоршаған ортаға, жан-жағымыздағы көмек қажет ететін адамдарға қамқор болуымыз керек, солай ма? Олай болса, біз бүгін сабақтан не білдік сонын бәрін Дымбілмеске үйретейік, ал білмейтінімізді Білгішбектен сүрап алайық. Ол үшін екеуіне қағазға жазып, сөмкелеріне салу керек.





«Лото» ойыны.



V. Үйге тапсырма.

12-жаттығу. 72-бет.



VІ. Бағалау.

Тыныштық сәті.

  • Балалар, көзімізді жұмып, ыңғайланып отырайық.

Ертеде бір білімділер елі болыпты. Сол елде барлығы білім нәрімен сусындаған, өте мейірімді жандар тұрады екен. Білімділер елі тек қана тұрғындарымен ғана емес, таза, білімнің иісі аңқитын ауасымен де барша жұртты тамсандырған екен. Ол ауамен тыныстаған адамдар одан бетер білімге құштарлығы артып, нұр үстіне нұр болады екен. Балалар, біз қазір сол елдеміз. Қане, бізде сол аса қымбат ауамен бір терең демалайық.....

Көзімізді аша қояйық.

№32 мектеп-гимназия





Ашық сабақ



Қазақ тілі жүрек тілімен

</

Тақырыбы: Мағынасы қарама-қарсы сөздер













Өткізген: Бисембаева А.К.

4 «Ә» сынып мұғалімі

















2013-2014 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал