7


  • Учителю
  • Ашық сабақ жоспары тақырыбы: «Топырақ»

Ашық сабақ жоспары тақырыбы: «Топырақ»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ Дүниетану -----------------------

Сабақтың тақырыбы: Топырақ.Топырақ түрлері,ерекшелігі,құрамы және оны қорғау.

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың білімділігі:Топырақ түрлерімен, қара шіріктің пайда болуы, жолдарымен таныстыру. Өз жерлерінің топырақ түрлерін анықтау. Топырақ түрлерінің су өткізгіштік қасиетін анықтау арқылы қандай топырақтың өсімдік өсуге қолайлылығы туралы түсінік беру.

Сабақтың дамытушылығы: Құнарлы топырақты тануға сөздік қорын, ой-өрісін, тыңайтқыштарды ажыратуға сарамандық іскерліктерін дамыту.

Сабақтың тәрбиелігі: Экологиялық тәрбие беру. Табиғатты сүюге,қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Түрлі топырақтар, әртүрлі топыраққа өскен өсімдіктер, плакаттар, Қазақстан картасы.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі: Оқу танымдық әдіс

Пәнаралық байланыс: Еңбекке баулу

Сабақтың жүрісі: І. Қызығушылықты ояту:

-Психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың түрлері өте көп. Қазақстанның кез келген жерінен табылады. Олардың құрамынан металл қорытып алынбайтындықтан кеге жатпайтын пайдалы қазбалар деп атайды.

Олар қолданылуына қарай негізгі үш топқа бөлінеді: кен, кенге жатпайтын, жанғыш.

Жаңа сабақ.

Ауамен, сумен бірге топырақ тіршілік өсімдіктерді қоректік көзі сумен қамтамасыз ететін жер қабаты «топырақ» деп аталады. Топырақтың негізгі қасиеті - құнарлығы. Топырақтың құрамында әртүрлі қажетті қоректік заттар су, ауа болады. Топырақтың беткі қабаты қоңыр түсті болып келеді. Қарашірік қабаты. Қарашірік қабаты өсімдіктер мен жануарлардың шіріген қалдықтары осы қабатта болады.

«Қарашірік» қабатынан төменде бозғылттау қабат жатады. Жоғарыдан сіңген ылғал бұл қабаттағы түрлі минералдық заттарды ерітіп, төмен қарай шайып отырады. Бұл «шайылу» қабаты. Одан төменгі қабат шайылған заттар жинақталатын қабат орналасады. Жер бетінен сіңген жаңбыр, қар суы шайып алып келген минералдары осы қабатқа жинақталады. Қарашірік қабатын мекендейтін жәндіктер жылдың құрғақ, ыстық кездерінде төменгі қабатқа қоныс аударады. Топырақ қабаттарында зат алмасу жүріп жатады.

Ылғал жоғарыдан төмен сіңсе, құрғақ төменнен жоғары қарай көтеріліп, өсімдік өзіне қажетті қоректік заттарды бойына алады.

Топырақ қабатының астында топырақ түзуші жыныстар жатады.

Қазақстанның көпшілік бөлігі жазық болып келеді. Жазық бөлігінің топырағы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді. Еліміздің солтүстік бөлігі құнарлы қара топырақты өңірде жатыр. Орманды дала аймағы қарашірікті топырақ қалыңдығы: 75см-ге жетеді.

Дала зонасында одан жұқалау қара топырақ түгелдей жыртылады, онда астық дақылдары бидай, жүгері егіледі, өнімі мол.

Орта тұсында құрғақ дала мен шөлейтті қызыл-қоңыр топырақ алып жатыр. Топырақ құрамында қаршірік аз. Жауын аз жауады.

Оңтүстік аймақтарда қоңыр топырақ , оңтүстікте суармалы жерлерде күріш, қант қызылшасы, қауын-қарбыз өсіріледі. Көп жерлерде топырақ бетіне тұз шығып жатады. Оны «сор» деп атайды. Өсімдік әр жерде бірен-саран кездеседі.

Үгілуден пайда болған борпылдақ жыныстар орын алады. Топырақ түзуші жыныстық жеріне қарай құмды, құмайт, сазды, саздақ топырақ түрлері болады.

Өсімдіктердің өсуі үшін топырақтың суды сіңіру және бойында ұстауының маңызы зор. Сазды топыраққа түскен су сіңбейді, кілкіп тұрады. Өсімдікке қажетті ауа кірмейді. Құмайт топыраққа су жақсы сіңгенімен суды бойына ұзақ ұстай алмайды, тез кеуіп кетеді. Өсімдікке саздақ топырақ қолайлы. Себебі, суды жақсы сіңіреді, ылғалды бойында ұстап тұрады. Қазақстанның көпшілік бөлігі жазық болып келеді. Жазық бөлігінің топырағы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді. Еліміздің солтүстік бөлігі құнарлы, қара топырақты өңірде жатыр. Орманды дала аймағы қарашірікті топырақ қалыңдығы 70-75см-ге жетеді. Дала зонасында одан жұқалау қара топырақ түгелдей жыртылады. Онда астық дақылдары бидай, жүгері егіледі, өнімі мол. Орта тұсында құрғақ даламен шөлейтті қызыл-қоңыр топырақ алып жатыр. Топырақ құрамында қарашірік аз. Жауын аз жауады. Оңтүстік аймақтарда қоңыр топырақ, оңтүстікте суармалы жерлерді күріш, қант қызылшасы, қауын-қарбыз өсіріледі. Көп жерлерде топырақ бетіне тұз шығып жатады. Оны «сор» атайды. Өсімдік әр жерде бірен-саран кездеседі. Топырақты күтіп, баптамаса азып-тозады, өнім шығыны азаяды.

ІІ. Оқушыларға оқыту. (Тізбектей оқу)

ІІІ. Сұрақтар беру.

1. Топырақ қандай қабаттардан тұрады?

2. Топырақ қабаттарының ерекшеліктері?

3. Тау жыныстарының әсеріне байланысты топырақ қандай түрлерге бөлінеді?

4. Өсімдіктің өсуіне қолайлы топырақ?

IV. Сарамандық жұмыс.

V. Түсінгенін сұрау.

VI. Топырақты қорғау үшін қандай үлес қосар едіңдер?

VII. Қорытындылау.

Туған жеріміз - бай ел. Сен осы елдің ұланысың. Қазақстанның топырағында жүрсің, ауасымен демаласың, суын ішесің. Туған елді көркейту үшін оның байлығын арттыру үшін сен табиғатты танып, білуің керек.

VIІI. Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал