- Учителю
- План 'Мектеп. Сынып' 1 класс
План 'Мектеп. Сынып' 1 класс
Пәннің аты:сауат ашу | Уақыты: | Кабинет:228 | Мұғалім: Абдраимова Ұ.М |
Сабақтың атауы | Мектеп. Сынып. Оқу құралдары. Сөйлем | ||
Мақсаты | Сурет бойынша сұрақтарға жауап ала отырып, балаларды сөйлетуге машықтандыру.Ауызша алған білімдерін нақтылай түсу. 1. Айналамен таныстыру. Мектеп, мұғалім, оқушы ұғымдарымен таныстыру. Оқу құралдарымен таныстыру. Сөйлем туралы түсінік беру. 2. Ой-өрісін, тілін дамыту. Танымдылық қабілетін арттыру. Сөздік қорларын молайту. Сөйлем құрауға үйрету. | ||
Күтілетін нәтиже | |||
Психологиялық ахуал | Оқушыларды түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.
| Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | |
Қызығушылықты ояту |
Сабаққа қажетті құралдардың атаңдар. | Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. | |
Мағынаны тану | Оқулықпен жұмыс а) Сұрақ-жауап әдісімен білімін тексеру. - Балалар, біз қайда келдік? -Біз мектепке келдік. - Мектепке не үшін келдік? -Оқып, білім алу үшін. - Біз қазір қайда оқимыз? -Сыныпта. - Сыныпта нелер бар? - Сынып іші қандай? ә) Оқу құралдарымен таныстыру. Дәптер, қалам, сызғыш, өшіргіш, пенал, портфель, бояу т.б. -Оқу құралдарды қалай пайдаланамыз? Әліппедегі шартты белгілермен таныстыру:дыбыс,дауысты дыбыс,дауыссыз дыбыс, сөз,сөздің буынға бөлінуі,сөйлем | ||
Сергіту сәті | Орманда кірпі келеді, | Ой сергітеді,шашағандары басылады | |
Ой толғаныс | -Балалар, кәне, кім оқу құралдарын атап береді? -Дәптер не үшін керек? -Қандай дәптердің түрлерімен таныстық? -Пенал деген не? -Оқу құралдарын неге салып тасимыз? -Бояумен не істейміз? V. Бекіту кезеңі. Оқушы туралы өлең жаттау. Күннің нұры шуақты, Сергітеді денемді. Құрдастарым сияқты, Оқушымын мен енді. | ||
Қорытынды | -Оқушы мектепте не істейді? -Оқу құралдары - сенің көмекшің. Сондықтан оқулығыңды ұқыпты ұста. | ||
Бағалау |
| Бағалау парақшасын толтырады. | |
Кері байланыс |
| Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |