- Учителю
- 'Өзін-өзі тану' тақырыбы: 'Табиғатқа құштармын'
'Өзін-өзі тану' тақырыбы: 'Табиғатқа құштармын'
Мектеп: «Өзін-өзі тану» гимназиясы
Сабақ жоспары: «Өзін-өзі тану»Сабақ: №27
Тақырып:Табиғатқа құштармын
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер:мейірімділік, сыйлайстық, қамқорлық, кешірімділік
Мұғалім:Ахатаева Бейбиткул Сагатовна Сынып: 1«А» Оқушы саны: 16
Мақсаты:«Табиғат» ұғымын түсіндіру, оған қатысты қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
-
табиғат заңдылықтарын құрметтей отырып, мейірімділік, сыйластық, қамқорлық, түсіністік қасиеттерін қалыптастыру;
-
балалардың табиғатқа аялы қарым-қатынастарын дамыту;
-
табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Ресурстар: интербелсенді тақта, түрлі-түсті қарындаш, аудиожазба
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. 5Т-ны еске түсіріп, тәртіпке шақыру. Нұрға бөлену (музыка ойнап тұрады)
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
-Балалар, қандай көңіл-күйде болдыңдар? Кәне, бір-бірімізбен бөлісейік.
Ескертулер:
Оқушылардың оқу-құралдарын (бейжик, күнделік, кітап, дәптер, түрлі-түсті қарындаштар)
-
Үй тапсырмасын тексеру.
101,102-б. 27-сабақтағы А.Ысқабайдың «Табиғат деген не?»мәтінін оқып келу
Сұрақтарға жауап аламын:
- Табиғаттағы тіршілік иелері: Табиғат деген не ? деген сұраққа қалай жауап берді? Себебі не?
-Неліктен табиғатты Анаға теңейміз?
(Балалардың жауаптары тыңдалады)
Пәнаралық байланыс: дүниетану пәні
-
Дәйексөз «жағымды ой-пікір)
«Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз».
(Р.Сәтімбекұлы)
Дәйексөзді өзім оқимын, қыздар, ұлдар, хормен оқимыз.
- Табиғат аясында болдыңдар ма?
- Табиғаттан қандай әсер алдыңдар?
-Табиғаттың берген сыйын біз қалай қабылдауымыз керек?
-Табиғат пен адам үйлесімділігі деген не?
Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң, өзім қорытындылаймын.
-
Оқиға айту (Әңгімелеу).
Баланың тапқырлығы
(Аңыз әңгіме) Жади Шакен
Ерте-ерте, ертеде, ен даланы шегіртке жаулапты.
Егістіктер тақырға айналып, ағаштар жапырағынан айырылып, жалаңаш қалып, табиғатқа зиянын тигізіпті. Шегіртке әдейі басынғандай, патшаның алтын ордасына дейін басып кіріпті.
Патша уәзірлерінен ақыл сұраса, бірі:
-
Дәрі себу керек,-десе, енді бірі:
-
От жағу керек,-дейді екен. Енді біреуі:
-
Қыста барлығы үсіп кетпей ме?-деп бас қатырыпты.
Ақыры мұның шарасын табатындығын айтып, ордаға құс бағушы бала келіпті. Бірақ оның сөзіне ешкім сенбепті. Амалы таусылған бала қараторғайлары тұрған тордың аузын ашыпты. Топ-тобымен дүркірей ұшқан қараторғайлар шегірткелерді жей бастапты.
Халық баланың тапқырлығына таңғалып, қараторғайлардың тигізген пайдасына риза болыпты. Ал патша мен уәзірлер өздерінің надандығынан ұялып:
-
Табиғатымыз сенің арқаңда аман қалды. «Ақыл жастан, асыл тастан» деген осы екен-ау,-депті.
Сұрақтар:
1. Балалар, шегірткенің әрекеті жайлы не айтар едіңдер?
2. Баланың тапқырлығын неден байқадыңдар?
3. Болашақта табиғатты қорғау үшін қандай үлес қосар едің?
-
Шығармашылық, топтық жұмыс.
-Балалар, дәптерлеріңдегі 35-беттегі тапсырманы орындаймыз. Өздеріңе ұнаған табиғат көріністерінің суретін салыңдар.
Жұмыстың қорытындысы:орындаған жұмыстарынжария етеміз.
-
Топпен ән айту.
«ЖАУ-ЖАУ, ЖАҢБЫР»
Өлеңін жазған - Ш. Сариев
Әнінжазған - К. Дуйсекеев
-
Алатаудың бауырында,
Атам-әжем ауылында,
Ақша бұлтар, ауа берші,
Жау-жау, жаңбыр, жауа берші.
Қ а й ы р м а с ы:
Бақыт болып жаушы, жаңбыр,
Менің әсем қалама,
Бақыт болып жаушы, жаңбыр.
Менің әсем қалама,
Менің байтақ далама.
-
Алматыдай астанама,
Жасыл желек жас қалама.
Бұлттар, бұлттар, ауа берші,
Жау-жау, жаңбыр, жауа берші.
Қ а й ы р м а с ы:
-
Үйге тапсырма:
М.Әбдірашева «Орманшының баласы» оқып келу (103,104-беттер).
-
Сабақтың қорытынды сәті (соңғы тыныштық сәті).
-Көздеріңді жұмып, бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап қойыңдар!
Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар.