7


  • Учителю
  • Баяндама. Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларында Ы. Алтынсариннің педагогикалық мұра арқылы патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері».

Баяндама. Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларында Ы. Алтынсариннің педагогикалық мұра арқылы патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері».

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Кіріспе



Бастауыш буын - қайталанбайтын кезең, ақиқаты сол, білім негізі бастауыштан басталады. Бастауыш білім беру сатысы оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен ерекшеленеді. Бастауыш сатыдағы білім берудің бағдарлы мақсаты - оқу әрекетін қалыптастыру; айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік тәрбие түрлеріне сай сезім қатынас қарым - қатынасқа дайындау; өзін қоршаған және өмір сүрген жаңа табиғи және әлеуметтік ортаны тануға, сүюге, қорғауға, өзін ұстай білуге үйрету болып табылады. Оны оқу, ойын, еңбек, қарым - қатынас сияқты түрлерін меңгерумен қамтамасыз етуге болады.

Басты назар аударатын мәселелердің бірі - патриотизм. Патриотизм патриоттық тәрбие құндылықтары арқылы жүзеге асатыны белгілі.

Бастауыш сынып оқушылары оқу сабағы, тәрбие сағаттары, сыныптан, мектептен тыс жұмыстар арқылы танымдық, тәрбиелік әрекеттерін қалыптастырады.

Оқу адамның жеке басы танынымының ерекше түрі. Оқи жүріп оқушылар өздерін қоршаған дүниені, елін, жерін, ұлтын, мәдениетін, тілін таниды.

Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет. Сондықтан мектептің бастауыш оқыту сатысындағы оқу - тәрбие жұмыстарын жан - жақты толықтырып, халықтық тәлім- тәрбиенің озық үлгілерімен сабақтастырып, бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі күн талабының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға баулу мектептің тәрбиелік жұмыстарының аса маңызды бөлігін құрайтындықтан, өмірде болып жатқан бетбұрыстар, қоғамдағы саяси көзқарастар, әлеуметтік - экономикалық өзгерістер - еліміздің тарихына, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасқан салт - дәстүріне құрметпен қараумен қатар, оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға жол ашып отыр.

«Қазақстан - 2030 бағдарламасына қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Оқушыларды қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез - құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек», - делінген.



Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларында Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұра арқылы патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері».

Қазiргi қазақстан мектебiндегi жаңа өзгерiстер әлемдiк бiлiм беру тәжiрибелерiн пайдалана отырып, баланың жеке дара күшiн дамуын қамтамасыз ететiн жаңа бағыты, жобаны iздестiру және оны қолдануға бағытталған.

Әр елдiңболашағысолхалықтыңбiлiм, ғылымдеңгейiменанықталатындықтан,оқужүйесiннеғұрлымтиiмдiқұрабiлуқажеттiлiгiқайкезеңде де өзектiмәселеболыпқалмақ.

Талай ғасырды басынан өткеріп, бізге жеткен батырлар жыры бүгінгі ұрпақтың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда басты орын алады. Батырлар жырының мазмұны туған елін, жерін жаудан қорғаумен қатар ананың балаға деген махабатты, сүйіспеншілігі, адамгершілік қасиеттеріне негізделген. Ата-бабаларымыз батырлардың қайсар қаһармандығын, ерлігін суреттей отырып, ұрпақ тәрбиесіне өшпес мұра қалдырып отырды.

«Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - азаматтың қас жауы, ол келешекте оның барлық барлық өміріне апат әкеледі», - депті әл - Фараби бабамыз. Мұнан өз тағдырын өзін шешуге қолы жеткен халқымызға ұлттық рухани болмысты дұрыс қалыптастыру аса қажет екенін байқаймыз.

Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мәселесі - бүгінгі күннің білім беру жүйесі алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі.

Отан дегеніміз - халық. Халық дегеніміз - адам. Адамды сүю - оған жақсылық жасау. Ендеше отаншылдық - сонау ерте заманнан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім. Халықтық құндылықтарға сүйене отырып, елдікке, ерлікке, азаматтыққа тәрбиелеудегі өлең - жырлар, мақал - мәтелдердің әсері ұтымды болатындығы туралы танымал педагогтарымыз айтып та, жазып та жүр.

Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев шығармаларынан да байқауға болады. Балаларға патриоттық рух беретін, халық үшін қызмет етуге үндейтін, өз елін қорғау үшін керек десе, жанын қиюға дейін баруға болатынын іспен көрсететін және үстем таптың озбырлық ниеттерін айқын әшкерелеп, оған қарсы күрес жүргізуге шақыратын Махамбеттің қуаты күшті шағын өлеңдерінің балалар үшін маңызы ерекше. Махамбет балалар әдебиетінің өкілі емес, бірақ Махамбет өлеңдерінің бірсыпырасы балалар мен үлкендерге бірдей ортақ мұра. Абай халықтың болашақ жаңа қауымына, жасөспірімдерге арнап талай өлеңдер жазды, нақыл сөздер айтты. Жастарды өнер- білімге шақырды. Абай өз өлеңдерін жастарға үлгі - өнеге көрсету үшін жазатындығын алдын ала ескертіп өтеді. Білімді ұрпақ туған ұлт - халық үшін қызмет етсін дегенді басты міндет етіп қояды. Абай өз қызметін Отан мен халық алдындағы борышым деп түсінді. Оның шығармалары Қазақстан тағдырына деген, оның бостандық сүйгіш халқының болашағына деген қамқорлықпен айшықталған. Оның патриотизмі туған ел табиғатына, мәдениетіне, тіліне, озық дәстүрлері мен ұлттық мінезінің жақсы жақтарына деген сүйіспеншілігінен көрініс тапты. Ыбырай атамыз да бар үмітін жас ұрпаққа артты. Ыбырай атамыздың соңында қалған мұрасының жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісіне тигізетін әсері зор. Өйткені патриотизм қашанда, қандай қоғамда да өзінің әлеуметтік мәнін, маңызын жоғалтпайтын ұғым.

Алғаш халық мұрасына, салт-дәстүріне, ұлттық ерлік және жауынгерлік тәрбиесіне мән бере отырып, оқулық жазған Ы.Алтынсарин болды. Өзінің «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығында «Қобыланды батыр» жырынан

«Қобыланды және Тайбурыл» деген атпен үзінді енгізген. Қазақ халқы тек батырларын ғана құрметтеп қоймаған, сонымен қатар батырлардың серігі астына мінген аттарының қасиеттерің жақсы суреттеген.

Ыбырай Алтынсариннің жемісті еңбек етіп, едәуір жақсы шығармалар қалдырған саласының бірі- проза жанры болды.Оның " Бай баласы мен жарлы баласы", "Қыпшақ Сейітқұл", "Киіз үй мен ағаш үй", "Надандық", "Лұқпан хакім", т.б. бірсыпыра шығармалары қоғамдық өмірдің әр алуан жақтарын суреттеуге арналған. Бұл еңбектерінде жазушы өз дәуірінің елеулі мәселелерін көтере отырып, еңбекші халықтың қоғамдық санасын оятуды, тәрбиелеуді мақсат етеді.

Ыбырайдың "Өзен", "Жаз" деген өлеңдері табиғат көріністерін суреттеуге арналған. Мұндай тұтас лирикалық, пейзаждық өлеңдер Ыбырайға дейінгі қазақ поэзиясында кездеспейді. Оқырмандардың көңілін табиғаттың сұлу көріністеріне аудару арқылы ел сүю, жер сүю, Отан сүюге тәрбиелейтін патриоттық өлеңдер орыстың демократтық, гуманистік әдебиетінің үлгісі болатын. Ыбырай өлеңдері - туған ел табиғатын жырлап, сол арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойында табиғатты, Отанды сүю сезімдерін тәрбиелеуге жасаған елеулі қадамы. Екі өлеңінде де Ыбырай табиғат көрінісін жалаң алмай, адамдардың тіршілігімен байланыстыра көрсетеді. Сол арқылы табиғат пен адамның байланысын, табиғаттың адам ісіне, еңбекке, ой-сезіміне тигізер жанды әсерін бейнелейді.
Таулардан өзен ағып сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең, ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар ,
Өзеннен рақат тауып, басылады.
Ақын тау өзенін нақты әрі әсерлі суреттеген. Бүкіл тіршіліктің "өзеннен рақат тауып" жатқанын нақты сипаттау оқырман көңіліне жағымды сезім ұялатады.

Ал, туған жер, көркем табиғи, елінің, жерінің байлығы мен көркемдігі, ана тілінің асыл қасиеттерін таныстыратын мәтіндер арқылы оқушылар елге, жерге, тілге, Отанға, атамекенге деген сүйіспеншілік сезіміне тәрбиеленеді.

Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкілғұмырынажалғасып жатады.

Өзінің өнегелі өмірі, тынымсыз ізденісі, жан- жақты таланты арқылы танылған Ыбырай Алтынсарин шығармаларының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны расан зор.

Қорыта келгенде, Ыбырай Алтынсарин- реалист жазушы, ағартушы педагог, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы, тіл тазалығы үшін күрескер, тұңғыш кемеңгер.

Көрнекті әдебиетші ғалым Қ.Жұмалиев өзінің "ХҮІІІ- ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті" деген ғылыми - зерттеу еңбегінде педагог- жазушыға: ХІХ ғасырда қазақ даласынан шығып, орыс, Европа мәдениетіне қолы жеткен оқымысты, халық ағартушылар дәрежесіне көтерілген әрі педагог, әрі ақын- жазушы Ыбырай Алтынсаринның өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор,"- деп баға береді.






Қорытынды



«Бастауыш сынып оқушыларында Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұра арқылы патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері» атты баяндамада негізігі қарастырған мәселелерімнің маңызды, қоғамның бүгінгі таңдағы стратегиялық міндеттерінің бірі екенін сезіндім. Жақында Мемлекет басшысы бекіткен 2006 - 2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы азаматтарына патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасында жеке адамды тәрбиелеудегі маңызды бағыттар айқындалды. Бұл ретте, әсіресе жастардың отансүйгіштік сана - сезімін қалыптастыруда, Отан мүдделерін қорғаудағы азаматтық борышы мен міндеттерін орындауға тәрбиелеуде үлкендердің (аға буынның, педагогтардың, тәрбиешілердің және т.б.) атқарар рөлі де, жауапкершілігі де орасан.

Қазақстан Республикасының 2007 - 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасында (Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы №216 Жарлығымен мақұлданған), орнықты даму Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет. Орнықты даму қағидаты Президенттің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының негізінде де тұжырымдалған.

Осы тұжырымдамадағы патриотизмді дамытудың шаралары:

  • патриоттық бағдардағы саяси партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың қызметі арқылы халықтың азаматтық санасын тәрбиелеу;

  • жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу жүйесін дамыту;

  • бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысында отансүйгіштік бағыт пен кәсіби мәдениетті арттыру;

қарастырылған.

Отанды қастерлеудің озық үлгісін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы» атты жаңа кітабын оқып көз жеткізуімізге болады. Автор кітаптары түйін сөздің оқу - білім мәселесіне арнап, сонымен бірге адамның бойында Отанға, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейтің әрбір жасқа таным нәрін егетін, тиімді еңбек ету машығын үйрететін бәсекеге қабілетті білім беру жүйесіне де байланысты екенін айтады.

Отанға деген сүйіспеншілік - патриотизим ата - ананы, жасы үлкенді құрметтеуден басталып, өркендейді. Бала ата - анасы өнегесіне, өмір мен өнердегі әйгілі қаһармандарға, көш бастайтын ерлерге қарап есйеді, тәжірибе жинақтайды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл кітабы патриотизм, Отанды сүю пәнінен дәріс беретін тағылымы мол оқулық десе де, әркімнің күнделікті серігі болатын, жаны сергек жастарды уақыттың алдыңғы шебінде жүруге дайындайтын, еліңе деген махаббат арқылы ұлы болашағыңызға деген сеніміңізді жанып, ширататын, нақты - әрекеттеріңізге күш - қуат қосатын аса бағалы туынды.

Патриотизм дегеніміз - ол сіз бен біздің Отанға деген қарым - қатынасымыз. Мен, әрине, кеңестік отансүйгіштік негізде тәрбиелендім, октябрят, пионер, комсомол ұйымдарында мүше болдым, әкем Ұлы Отан соғысының ардагері болғандықтан, отансүйгіштіктің Отан соғысы кезінде шынайы көрініс тапқанын білемін.

Бертін келе, Желтоқсан оқиғасы кезінде ешнәрседен тайынбаған қаншама қазақтың қыздары мен жігіттері болғанын, ақ қарда бұрымдары шашылып, қандары төгілген қазақтың ару қыздарының қайсарлығын өз көзімен көрдім. Ендігі мақсат: осы өмірден көрген - білгендерімді, университетте алған білімдерінді өскелең ұрпақтың ойында патриотизмді дамытуға жұмсаймын. Өз елін сүйетін, өз Отанын қастерлейтін, өз қалқын мақтан ететін, Қазақстандық жастарды елшіл отаншыл, мемлекетшіл қасиеттерге баулып, жақсыдан үйренуге, жаманнан жүйренуге үйретемін. Әрбір Қазақстан азаматын «Бұл-менің Отаным» деген мақтанышты сезімге тәрбиелеуге тағылымды үлес қосамын және де қиындығы мен қызығы да бар бұл іске бүкіл қазақстандықтарды шақырамын. Әрқайсымыз ұлтжанды, бауырмал болсақ, мемлекетіміздің тірегі нығайып, болашағымыз жарқын болары анық. Жастарды отаншылдыққа, имандылыққа, салауатты өмір сүруге, адамгершілікке тәрбиелеу абыройлы іс. Оны іске асырудың жүгі де жеңіл емес.

Патриоттық тәрбие,ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады.Ыбырай атамыздың соңында қалған мұрасының жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісіне тигізетін әсері зор.

Пайдаланған әдебиеттер



  1. Назарбаев Н. Ә. Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде. - Алматы: Қазақстан, 1993.

  2. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан - 2030»

  3. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. - Алматы: Мектеп. 1984.

  4. Жарықбаев Қ. Б., Қазақ ағартушылары жастарды тәрбиелеу туралы. - Алматы, 1965.

  5. Жарықбаев Қ. Б., Қазақтың тәлім - тәрбиелік ой - пікір антологиясы. - Алматы, 1998.

  6. Байділдина К. Патриоттық тәрбие бастауы. - Бастауыш мектеп.

1986, №9.

7. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасының және оқыту әдістемесі. - Алматы, 2004.

8. Қалиұлы Серғазы. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. - Алматы, 2003.

9. Үсенов Ә., Мәуленов С. Музыка сабағы арқылы ұлттық тәрбие беру.- Бастауыш мектеп, 2005, №6.

10. Алексеенко А. Н., Қозыбаев М. К., Романов Ю. И. Этносы Казахстана. - Астана, 2001.

11. Макаренко А. С. Избранные педагогические произведения. - Москва, 1956.

12. Макаренко А. С. Ата - аналар кітабы. - Алматы, 1987.

13. Коменский Я. А. Ұлы дидактика.

14. Белгібаева Г. Патриоттық тәрбие беруде ауыз әдебиетінің атқаратын

рөлі - Бастауыш мектеп. 2005. №8.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал