7


  • Учителю
  • Түзету сабағы:Графомоторика 2 сынып

Түзету сабағы:Графомоторика 2 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

№19 жалпы орта білім беретін мектебі

Түзету сынып мұғалімі

Шайхуалиева Раушан Сериковна

Түзету сабағы: графомоторика 2 сынып





Сабақтың тақырыбы: Тор қөзде бағдарлау.Қисық таяқшалар салу, үшбұрышты штрихтау, бояу.У әрпін таяқшамен салу.Жалауды бояу.

Сабақтың мақсаты: 1)Ұсақ саусақ моторикаларын,кеңістікті бағдарлауға үйрету, есте сақтаудың түрлерін ,қиял мен зейінді қалыптастыру және дамыту.

2)Таза, ұқыпты жаза білуге, алғырлыққа, саналылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

3)Қол қимыл үйлесімділігін, зейін мен сөйлеу тілін дамыту.

Керек заттар:қалам,түрлі-түсті бояулар,пішіндер,таяқшалар

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

II. Негізгі бөлім.

Қызығушылықтарын ояту.

Балалар шеңбер құрып, бір-біріне деген ізгі тілек білдірумен сабақты бастайық:

(барлығымыз бірге)

Топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жайна, жайна жарқын күн,

Жаса, жаса алтын күн!

Тапсырма №1

«Суретті құрастыр»

Мұғалім қиындыдағы суреттен заттың бөлігін көрсетеді, ал бала сол бөлікке қарап ненің суреті екенін табу қажет( 2-4 бөлік)

Түзету сабағы:Графомоторика 2 сыныпТүзету сабағы:Графомоторика 2 сынып

Тапсырма №2

Графикалық диктант.

~ ~ ~ ~ ~ ~ ~ ~ ~ ~ ~ ~ `~ ~ ~ ~ ~ ~ ~

) ) ) ) ) ) )

( ( ( ( ( ( (

Cергіту сәті.

(ауада саусақтарымен жазу)

Біз жазамыз,жазамыз,

Таусылғанша сиямыз.

Тапсырма №3

Үшбұрыштарды штрихтау,бояу.





Сергіту сәті

(Тыныс алу жаттығулары)

Ішін тартып жел соқты(ауаны ішіне тартып,шарға үреді)

Ағаштар былай дыбыстайды:

Алма ағашы А-А-А-А

Өрік ағашы Ө-Ө-Ө-Ө

Алмұрт ағашы Ұ-Ұ-Ұ-Ұ

Шие ағашы И-И-И-И

Тапсырма №4

Жалауларды бояу.





Cергіту сәті. (қимылмен көрсету арқылы)

Қанат жаям,жалма-жан,

Талпынғандай ұшуға

Иіліп келіп,қол созам

Аяғымның ұшына

Тапсырма №5 (көк және қызыл түсті таяқша)

У әрпін таяқшалармен салу.

Сабақтың нәтижесі

Оқушының естіп, тыңдап, ажыратып, анық сөйлегенін, мұқият орындағанын, әдемі жазғанын тексеріп, мадақтау.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал