- Учителю
- Менің атым Қожа сабақ жоспары 4сынып
Менің атым Қожа сабақ жоспары 4сынып
Пәннің аты:Әдебиеттік оқу |
Уақыты:15.12.15 |
Кабинет: 4 |
Мұғалім:Есқайырова Н.Е. | |
Сабақтың атауы |
Б.Соқпақбаев Менің атым Қожа | |||
Мақсаты
Түрі |
Білімділік: | |||
Психологиялық ахуал |
Психологиялық атмосфера құру: Топтың ережесі жасалып, геометриялық фигуралардыитаңдау арқылы топқа бөлу 1 -топ : Қожа тобы 2 -топ : Жантас тобы Тренинг Шаттық шеңберіне тұрып бір - біріне , еліне деген құрметін, сүйіспеншілігін жеткізу.
|
Оқушылар фигураларды таңдау арқылы, 2 топқа бөлінеді
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | ||
Қызығушылықты ояту |
І. Ұйымдастыру бөлімі 1)Оқушыларды түгендеу 2) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 1) Кубизм стратегиясы.(Автор, тақырып аясында бірнеше қайталау сұрақтары қойылады) 1.Әңгімедегі Қаныш деген бала кім? Ол туралы не білесіңдер? 2.Қаныштың ұзтазы суретті көргенде қандай ойда болды? 3.Бұл әңгіме неге «Қазына көтерген бала» деп аталады? 4.Балалар қапшықтың ішінде не бар деп ойлады?
| |||
Мағынаны тану |
III.Жаңа сабақ. 1.Бердібек Сокпақбаев кім? Ол қандай жазушы? Бердібек Соқпақбаев -қазақ балалар жазушысы.1924 ж Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе ауылында дуниеге келген..Ата анасынан ерте айрылған, балалық шағында корген қиындыктар мен жоқшылық жайлы «Балалық шаққа саяхат» кітабында бейнеленген,өзі айтқандай өзінің өмірін бейнелеген. Сонымен катар «Бұлақ»,»Менің атым Қожа», «Аяжан», «Гауһар» т.б повестері. «Кездесу», «Бозтөбе»поэмалары бар. Қазақфильм киностудиясы Менің атым Қожа повесі бойынша фильм түсірді. Оқушылар Бүгінгі сабақта жазушының шығармасының 17-ші тарауымен танысасыздар.Бұл тарауды автор «Жан сезім құбылысының, әр оқушының басында кездесуі ықтимал бір сәтті кезі сипатталады»деп атаған екен,яғни әңгімені оқысаңыздар түсінетіндеріңіз, Қожаның сабаққа дайындықсыз келіп, ол үшін қатты қынжылып өкінгені туралы бір сәтін көресіңдер. Фильмнен үзінді Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» туралы «Шығарманы жазардағы ең басты мақсатым дейді: жақсылыққа тәрбиелеу. Қожа - есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға «жаман бала», «қиын бала» болып, кейін мүлде өзгеріп, жақсылардың қатарына қосылып кететін балалар аз емес қой...сол бала » деген екен. Өмірде сендер де адаспай өз жолдарыңды таба білулеріңе тілектеспін! 2. «Менің атым Қожа» фильмі туралы не білесіңдер? | |||
Ой толғаныс
Сергіту сәті |
IV.«Зерттеу-ізденушілік» Оқушылардың шығармашылық жұмысы. (Топтық жұмыс) «Менің атым Қожа» туралы жинап келген ақпарат, мағлұматтар , суреттерін жинақтап әр топ постер қорғайды. V.Ой толғаныс. (Мәтінді талдау) 1.Қожа қандай оқушы? 2.Жантас мұғалім сабақ сұрағанда қандай қулық жасағысы келді? 3. «Түртіп алу» стратегиясы бойынша шығармадағы Қожаның сабаққа дайындықсыз келгеніне өкінгенін сипаттаған сөздерді дәптерге жазып алу VI.Бағытталған оқу стратегиясы 1.»Менің атым Қожа» туралы түсірілген киноны көрдіңбе,кино ұнады ма,Әңгімедегі басты кейіпкер кім? 2.Әңгімеден Қожаның ішкі ойын тауып оқы. 3.Қожа анфиса Михайловнаның сабақ сұрау тәсілін кіммен салыстырады? 4.Сабаққа дайындалмай келгеніне Қожаның қатты өкінгенін неден байқауға болады, әңгімеден сол жерін тауып оқы. Өзіңде Қожаның басында болған жағдай болды ма ? VII.Тақтамен жұмыс. Менің атым-Қожа фильміндегі екі кейіпкерді салыстыр.өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап - сыпсыңдағыш
|
VIII. Сергіту сәті
IX. Ой тастау (топтық жұмыс)
Қожа тобы- «Ақылды Қожа»
Жантас тобы- «Тентек Қожа»
Әр топ Қожаның жағымды және жағымсыз жақтарын зерделеп, қалай қорғайды екен? Қазіргі кезде Қожа сияқты балалар бар ма?
Қожаның жағымды жақтары
Өз ісіне есеп бере алады
Жағымсыз іс - әрекеттерін жөндеуге талаптанады
Өз - өзін тәрбиелейді
Үлкенді сыйлайды
Қожаның жағымсыз жақтары
Тәртіпсіз
Аңқау
Өтірікші
Сотқар
Х.Тапсырма. Сауаттылықты ашатын хаттар.
«Менің қиялымдағы Қожа қандай болу керек» эссе( шағын шығарма) жазу.
XI. Ойын «Пікірлер ағашы»
Бердібек Соқпақбаев туралы небілесіздер?
Қандай шығармалары бар?
Қалай ойлайсыздар, кинода Қожаның әдепті жолға түсуіне не себепкер? Анасын аяуы ма, Сәйбек қартпа, Оспановтар айтқан естеліктер ме,
Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме?
Әр оқушы өз ой- пікірін қысқаша жазып,тоқталып, пікірлер ағашына іліңіздер.
Үйге тапсырма
Мазмұнын айту
Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау</</p>
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Оқушылар желкенді кемені сабак ұнаса жасыл туске, егер сабақта белгілі бір қиындық кездескен болса сары түске, ал сабақта тапсырмалар орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса қызыл түске бояйды.