- Учителю
- Математика 'Жақшалы өрнектер' 2-сынып
Математика 'Жақшалы өрнектер' 2-сынып
Математика. Бекітемін:
Сабақтың тақырыбы: Жақшалы өрнектер.
Сабақтың мақсаты: Жақшалы өрнектерді жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру;
Жақшалы өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібімен таныстыру;
Есептеу дағдыларын жетілдіру;
Шапшаңдыққа,дұрыс есептеуге баулу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, есептеу,
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, дидак-қ ойындар,
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту:
- Психологиялық дайындық.
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға білім берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
«Миға шабуыл» стратегиясы:
- Дидактикалық ойын: «Кім жылдам ?»
9,3,12; 8,4,12; 6,4,10 сандарын пайдаланып,қосу және азайтуға мысалдар құр.
ІІ. Мағынаны тану.
а) Үй тапсырмасын тексеру.
ә) Жаңа білімді қабылдауға дайындық.
80
60+30
40+20
10+30-
40
100+90
100-90+
30
20+70
60-20
20+70-
б) Жаңа сабақ.(Флипчартта орындау).
а) 6 мен 2 сандарының айырмасына 4-ті қос.
(6-2) +4 =4+4=8
ә) 6 санынан 2 мен 4 сандарының қосындысын азайт.
6-(2+4)=6-6=0
в) Жаңа сабақты бекіту. №3.(Флипчартта орындау).
г) Сергіту сәті: (қимылмен орындау)
ғ) Дидактикалық ойын: «Жоғалған жақшалар». №4.
8-5-2=1 8-5-2=5 9-4+2=3
9-4+2=7 3+6-4=5 10-7+2=1
д) Есептер шығару,салыстыру. №5
е) Шығармашылық тапсырма.
Бірінші орында дөңгелек тұрады,ал пішіні бірдей фигуралар қатар тұрмауы тиіс. Неше нұсқасы бар?
ІІІ. Ой толғаныс. - Қорытындылау.
ІV. Математикалық диктант.
а) 3 пен 1 санының қосындысына 2-ні азайт.
(3+1)-2= 4-2 = 2
ә) 8 санынан 6 мен 3 сандарының айырмасын қос.
8+(6-3)=8+3=11
ә) Бағалау.
б) Үйге тапсырма: № 3.(3бағаны), №4.(3бағаны).