- Учителю
- Математика пәнінен сабақ 3 санын қосу және азайту (1 сынып)
Математика пәнінен сабақ 3 санын қосу және азайту (1 сынып)
Сабақтың тақырыбы: 3 санын қосу және азайту ( 3 + 3, 6 - 3).
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: 10 көлеміндегі санға 3-ті қосу және саннан 3-ті азайту кестесін
оқып-үйренуді қорытындылау. Қосылғыштардың біреуі 3 болған
жағдайдағы санның құрамы.
2. Дамытушылық: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыра
отырып, есептеу, логикалық ойлау әрекеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру.
Көрнекіліктер: Тақырыпқа байланысты суреттер, қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Психологиялық кезең:
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
ІІ. Оқушылардың игерген білімдерін пысықтау кезеңі:
Оқушыларға қима үлестірмелі материалдардан цифрларды алып, оларды өсу ретімен тізбекке құру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақ мақсатымен таныстыру.
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Оқулықпен жұмыс. Түсіндірме жұмыс.
1 - тапсырма.
Сурет бойынша қосынды және айырма құр.
3 + 3 =... ...+ 3 = ...
4 + 3 =... ...- 3 = ...
2 - тапсырма.
Сан қатары. Санды 3-ке арттыру және санды 3-ке кеміту.
Қосу және азайту амалының байланысына назар аудару.
Сан қатарының бойымен 1 сан аттай отырып, тура және кері бағытта санау үлгісін пысықтау.
3 + 3 = 6 6 - 3 = 3
..+ 3 =... ... - 3 =...
ІҮ. Сергіту сәті:
«Ойлан, тап» ойыны.
Математикалық жұмбақ.
1. Көлден ұшты 7 қаз,
Қайтып қонды 3 қаз.
Қонбады оның нешеуі,
Кәне кім тез шешеді?
2. Шығармақ боп неше есеп,
Жиналғанды 5 есек
3 - еуі ұйықтап отырды
Ынталысы неше есек?
3. 10 Кітаптың 3 - еуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
Ү. Сабақты бекіту:
3 - тапсырма. Есепті шығар:
Самира - 3 кітап
Аружан - 4 кітап
Барлығы - ? кітап
3+4=7 (к.)
Жауабы: барлығы 7 кітап оқыды
4-тапсырма. Сан қатарымен жұмыс. Ауызша орындау.
1, 4, 7, 10
10, 7, 4, 1
ҮІ. Сабақты қорыту:
- Біз не білдік?
Шығармашылық тапсырма.
Оқушыда 3 сызғыш бар: ақғ, жасыл және қызыл. Ақ сызғыш жасылдан ұзын, ал жасыл сызғыш қызылдан ұзын. Ең ұзын және ең қысқа сызғыштың түстері қандай?
ҮІІ. Үйге тапсырма:
ҮІІІ. Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.