- Учителю
- Ауыр жеңіл, сұйық сусымалы заттар.
Ауыр жеңіл, сұйық сусымалы заттар.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.Таным
Бөлімі:
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы:
Ауыр жеңіл , сұйық және сусымалы заттар
Мақсаты:
Таразы түрлерімен таныстыру.
Заттардың ауыр жеңілділігін аз көптілігіне, үлкен кішілігіне байланысты емес екендігін тәжірибе жүзінде көрсету
Байқампаздық қабілеттерін дамытуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс
Сұйық, сусымалы
Қажетті құрал жабдықтар, көрнекіліктер
Құм топырақ, күріш,су таразыМотивациялық-
қозғаушылық
«Жақсылық шеңбері»
Шеңберге тұрып, бір- біріне күлімсірей қарайды.Қызығушылық танытады.
Шырылдайды қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып
Табыс тілеп көзбенен
Алға қадам бастаймыз.
Ұйымдастыру -іздестіру
Балалар білім ханшасының сыйлықтарын алғыларың келем ме?
Ендеше жаңа тақырыбымыздың сұрақтарына жауап берейік
Балалар менің қолымдағы затқа бәріміз назарымызды аударайық
Бұл заттың атын кім біледі?
Бұл затты не үшін пайдаланамыз?
Балаларды таразымен таныстыру.
Адамдар заттардың салмағын өлшеу
Үшін таразыны ойлап тапқан.Қане балалар алақанымызды жайып қолымызды екі жаққа ұстайық.Бір қолымызға ауыр екінші қолымызға жеңіл заттарды ұстап көрейік.Ал енді қай қолымыздағы зат ауыр, қай қолымыздағы зат жеңіл екенін сезінейік.Мінекей балалар таразы да заттардың салмағын өлшейтін осындай құрал екен.
1.Таразымен көкөністердің салмағын өлшеп ауыр-жеңіл ұғымын түсіндіру
2.Заттардың салмағы бірдей болғанмен бір зат өзінің бірнеше затан ауыр болатынын саналы ұғындыру.
3.көкөністерді таразыға салып анықтау
4.Таразының бір жағына бірнеше қызанақ , екінші жағына бір ғана асқабақ салынады көкөністердің салмағын анықтау. Салыстыру нәтижесін «ауыр - жеңіл» сөздерімен анықтаймыз.
Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырма
Не ауыр ? Не жеңіл ?
2-тапсырма
Тышқанға жеңіл, ал пілге ауыр заттарды бер
3-тапсырма.
Есептерді құрастыр және шығар
-
Сұйық заттар
Балалалрға сұйық заттар туралы түсінік беріледі.
Сусымалы заттар-күріш, секер, ұн, тұз.
Сусымалы заттарды бір-бірінен ажырату
Сусымалы заттардың ерекшелігі - бір ыдыстан екінші ыдысқа төккенде үйінді сияқты болатынын балаларға іс- тәжірибе жасап көрсету.
Балаларды сұйықтарды өлшеудің жалпыға бірдей тәсілі мен өлшем бірлігі - литрмен таныстырылады.
-ге су сыяды ?
Ал ішіне қанша
сыяды?
Қайсысында су көп?
1) бір литрлік банкіні кең өлшеммен өлшей отырып, толтыру.
2) 1 литрлік банкіні көлемі әртүрлі өлшемдермен өлшей отырып, судың белгілі бір мөлшерін құю. Банкілердің қалай толғанын салыстыру
«Дүкен » ойыны жүргізіледі.
Сергіту сәті
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолын жу.
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетін, маңдайын.
Су дегенін осы-
Тазалықтың досы.
Сусымалы заттар.
Сусымалы заттар туралы түсінік беріледі
Тәжірибе ретінде балаларға салыстыру жұмысын жүргіземін.
Егерде суды жерге төгетін болсақ ол жан жаққа жайылып кетеді- бұл сұйық зат
Ал сусымалы затты жерге төгетін болсақ ол бір жерде үйіліп қалады. Ендеше су сұйық зат,
Ал топырақ, ұн, күріш бұлар сусымалы заттар болады
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Балалар бір қолына кітап екінші қолына дәптерді ұстап көреді. Заттардың салмақтарын ажыратады.
Оқу іс- әрекетін мұқият тыңдайды.
Таразымен танысады
Заттардың салмағын өлшеп көреді.
Ауыр және жеңіл заттарды ажыратып қоршайды
Есептер құрастырып шығарады
Тәжірибе ретінде жасап көреді
Өлшеу тәсілдерімен танысады
Дүкенші сатып алушыларға литрлік банкілерді пайдаланып сүт сатады.
Қимыл қозғалыс арқылы орындайды
Тәжірибе ретінде жасап көреді
Рефлексивті-түзетушілік
Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?
Несімен сендерге ұнады?
Қандай тапсырмалар орындадық?
Қандай тапсырмалар сендерге қызықты болды?
Түсінбеген , қиналған жерлеріңіз болды ма?
Балаларды жұлдызшалалар арқылы мадақтаймын
Балалардың жауаптары
Күтілетін нәтиже :Заттардың ауыр немесе жеңіл екенін салыстыра отырып білуі керек.
Нені игереді:
затты пішініне,көлеміне,салмағына қарай ажыратуға болатынын
Нені біледі:
Заттардың ауыр жеңілділігін тәжірибе жүзінде көрсетуін