7


  • Учителю
  • Өзін -өзі тану сабағы мейірімге мол жүрек 3 сынып

Өзін -өзі тану сабағы мейірімге мол жүрек 3 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзін-өзі тану 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Мейірімге мол жүрек

Мақсаты:

Балалардың «мейірімділік », «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

- Оқушыларды мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар Үнтаспа, дәптер, оқулық, жүрекшенің үлгісі

Ұйымдастыру кезеңі:

5 «Т» -ның сақталуын еске түсіру; тәртіп, талап, тазалық, татулық, тыныштық.

Тыныштық сәті»Нұрға бөлену» (Жайлы баяу музыка қойылады)

Жаңа тақырып: Мейірімге мол жүрек

Мәтінмен жұмыс

Оқулықтан Төрежановтың « Сары тауық пен балапандары » мәтінін оқу. Оқушыларды кезектеп оқыту.



Сұраққа жауап :

Сары тауық балапандарымен қандай жағдайға ұшырады?

Сары тауық балапандарына қандай қамқорлық жасады?

Тауық балапандарын тоңдырмас үшін қандай амал қолданды?

Тауық қай балапанына ерекше қарады? Неліктен?

Ақ балапанның сұрағына тауық қалай жауап берді?

</ Басқа балапандар қандай ұсыныс жасады?

Ақ балапан басқаларды қалай қолдады?

Сары тауықтың әрекетін қалай бағалауға болады?

Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

Балапандардың іс-әрекетінен қандай жанашырлықты байқадың?

Ал сендер мейірімділік, жанашырлықты кімдерге көрсетіп жүрсіңдер?

Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?



Мейірім шуағын сөзін топтастыру.

Сүйіспеншілік, қамқорлық, ынтымақ, жарастық, бауырмал, махаббат, бірлік, достық.



Дәйексөз

Мейірімділікті анадан үйрен

Халық даналығы

Дәйексөзді қайталап оқыту

Қатарға бөліп оқыту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?



Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Табиғаттың қай жаратылысын алып қарамайық, бәрі де адамдарға мейірімін сыйлайды. Мәпелеп аялап бар жақсылығын мейірімін бәріне бірдей көрсетеді. Адамдар да дәл солай жасауы керек. Сондықтан халық даналары мейірімді анадан үйрен деген екен.



Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс

Оқушыларды екі топқа бөлеміз.Екі топқа да арнайы тапсырмалар берілетін болады.

« Мейірімділік » кестесін толтыру.жаксы іс, жақсылық жасау, қайырымды, қамқоршы,



аққоңіл, жаны таза, шыдамды, жақсы адам, жылы жүректі, рақымшыл,

Жаңа ақпарат

Мейірімділік жүректен шығады. Әр адам басқаларға өз мейірімділігін көрсете алады. Ондай адамдарды мейірімді, жылы жүректі деп айтады. Адамдар бір -біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

Сергіту сәті



Жүректен жүрекке

Алдарында т.т жүрекшелер бар. Кімге қай түстегі жүрекше ұнайды соны алыңдар. Әр жүректің артында адамның бойындағы жақсы қасиеттерді оқыңдар

Балалар адамдарға , айналасына мейірімді екендіктерін жылы сөздері арқылы білдіреді. Ендеше осы қасиеттер сендердің бойларынан табыла берсін демекпін



Балалар шеңбер құрып тұрады.

Күлімдеген күн мейірімді!

Кіршіксіз ақ қар мейірімді!

Таза мөлдір су мейірімді!

Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!

Аяулы анам мейірімді!

Қадірлі әкем мейірімді!

Әлпештеген әжем мейірімді!

Еркелеткен атам мейірімді!

Жылы жүзді ұстазым мейірімді!

Тату -тәтті достарым мейірімді!

Балалар бәрі қосылып

Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Ардақты ана» өлеңін айтады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал