- Учителю
- Білім беру инновациялық шешімдер
Білім беру инновациялық шешімдер
Ормаханова Гулнура Суинбековна
Жамбыл облысы Тараз қаласы
</ №39 гимназия бастауыш сынып мұғалімі
Білім берудегі инновациялық шешімдер.
Әлемдік өркениет төрінен ойып орын алу үшін, Қазақстанның жан-жақты дауының бірден-бір жолы ғылымды әр қырынан меңгерту қажет болып отырғаны белгілі. Қазақстан әлемдік білім кеңістігіне кіруге бағыт алғаны баршаға мәлім.Бүгінгі нарық заманында «Өмір бойы білім алу, әрбір Қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс»,-деп Елбасы жолдауында көрсеткендей отандық білім беру жүйесінің дүниежүзі білім кеңістігіне ену білім саласына үлкен өзгеріс, жаңа леп әкелді.
Елбасымыз Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті халық үшін» , «бәсекеге қабілетті экономика үшін»-деген жолдауында : «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі»,-деген . Сонымен қатар білім беру ісінде де жыл сайын өзгерістер енгізіп отыр. «Жаңа технологиялық құзірет» бағдарлай білу өз бетінше білім беруде стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, жеткізе білу, жүзеге асыра білу»,- деп атап көрсеткен . Елбасы жолдауының айқын басымдылықтарын жүзеге асыру үшін білім беру ұйымдарында жаңа формацияның педагогы қажет. Заман талабы, білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде жүзеге асырылуы орынды. Жаңа тұлға оқушыны дамыту жолдары: өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі тану , өзін-өзі дамытушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Бұл дегеніміз мектеп оқушыларының ғылым, білімнің қоғамдық қажетті деңгейі мен қамтамасыз ету , оларды Отандық ұлттық және әлемнің мәдениет арналарына сусындату қажет. Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушылары.
Жаңа ғасыр білім беру жүйесіне жаңа міндеттер жүктеп отыр. Сондықтан болар Елбасы «Білім беру саласын түбегейлі өзгертіп, мұғалім мәртебесін көтеруді басты назарда ұстауда»
Мектептің жүрегі, ондағы оқушылардың рухани өсуіне ықпал ететін-ұстаз. Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламалар , қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Қазіргі технологиялық сөздіктер педагогикалық инноватиканы педагогикалық іс-әрекеттің жаңару үрдісін , оның принциптерін, заңдылықтарын, әдәс-тәсілдерін зерттейтін сала ретінде қарастырады, ал педагогткалық инновация деп тәрбие мен білім берудің тиімділігін арттыру мақсатында педагогикалық іс-әрекетке енгізілген жаңалықтар деп түсінік беріледі .
Білім беру саласында инновацялық үрдісті жүзеге асыру мұғалімдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендіруді талап етеді. Инновациялық іс-әрекеттер адамдардың шығармашылық жемісті қызметтерінің бір түрі және оған мотивациялық, креативтік, технологиялық, шартты компонеттер жатады. Сонымен қоса мотивациялық педагогтардың педагогикалық жаңалықтарға деген сұранысын, ол жаңалықтарды қабылдау дәрежесін көрсететін кәсіби шығармашылық бағыттарының мазмұнын анықтайды.
Егеменді еліміздің басты мақсаты өркениетті елдер қатарына ену болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған , рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған , рухани бай, жаңашыл жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Осыған орай бүгінгі күні мектеп мұғалімі жан-жақты, әлемдегі жаңалықтардан мағлұматы бар болғанда ғана жаңа формациядағы ұстаз бола алады. Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, білімін күнделікті ісіне қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болуы керек.
Жаңа типтегі сабақтың саналы да нәтижелі өтіліуі- мұғалімнің әр тақырыпты оқушының жас және психологиялық ерекшелігін ескере отырып, оны өмірмен байланыстыра, ұштастыра білуде . Осыған орай озық тәжірибе , жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану ұстаз шеберлігінің белгісі.
Мен өз оқушыларыма білім беруде барынша жоғары жетістікке қол жеткізу үшін, қолайлы орта жасауға тырысамын . Сабақты жоспарлау кезінде жеті модульді тиімді ықпалдастыруды ойластырдым. Жеті модульде қарастырылған идеялар мен әдістер сабақта пайдаланатын жекелеген стратегия мен тәсілдер сияқты тығыз байланыста болады. Осы жеті молдульдің оқыту мен оқудағы жаңа әдістер бойынша әдіс- тәсілдерін сабақ барысында қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасымен қатар қызығушылығы артып , топтық және жұптық жұмыс барысында белсенділік танытып, өз-өздеріне деген сенімділік пайда болады.
Диалог немесе әңгімелесу тәсілдеріне көңіл бөлетін болсақ, оның өз көп сабақтарымызда негіз бола алатыны көрініп отыр. Диалогтік оқыту барысында мұғалімдер мен оқушылар пікір алмасуда тең құқылы серіктестер бола алады .Мерсер әңгімелесуді «оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі» деп қараған. Мерсер әңгімелесудің үш түрін көрсетеді: әңгіме-дебат, топтық әңгіме және зерттеушілік әңгіме. [Нұсқаулық, 40бет] яғни осының ішінде диалог жүргізу мен топтық әңгіме түрін өз тәжірибемде қолдануды дұрыс деп санадым.
Диалогтік оқыту негізгі модульдердің бірі болып табылады. Диалог оқушылар өздерінің пікірлері мен идеялары туралы пікір алмасып, талқылай алатын әдіс. Диалог әдісін әдебиеттік оқу сабағында көбіне өткен сабақты еске түсіру, сабақты бекіту мақсатында пайдалануға болады. Оқушыларға сұрақ қойып жауап алу арқылы білімдерін бағаладым.
Сондықтан да жаңа материалды меңгерту кезінде оқушылар арасында бір-бірімен диалогтік байланысқа түсетіндерін байқадым. Сабағымда әрбір топқа жаңа сабақ бойынша сұрақтар дайындатқызып және бір -бірлерімен сұрақ-жауап алмасу арқылы диалогтік қарым-қатынасқа түсінетіндерін байқадым. Сабақты жоспарлау кезін оқушыларың өз беттерінше оқулық пен ғаламтордан және басқада ақпарат көздерінен ізденіп жұмыс жасауын ескерту қажет. Месер мен Литлтон [2007] өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мен қатар , олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. [Нұсқаулық, 39бет]Топтық жұмыста диалог құрумен қатар термин сөздерді де пайдалана отырып, сөйлеу мәнерін жетілдіру әдебиеттік оқу сабағында пайдаланған тиімді екенін түсіндім. Өйткені оқушылар тапсырманы орындау кезінде бір-бірімен ақпарат алмасады, сұрақтарды қойып жауап беру арқылы өз ойларын ортаға салып орындайды. Оқушылар алынған ақпараттарды ойлайды, бағалайды, талқылайды,талдайды және ой елегінен өткізгенде ғана оқушылар тапсырманы толығымен түсіне алады. Сабақ кезінде диалог ақылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы жақсарады және олардың ойлау қабілеттері дамиды. Мен өз сыныбымның жас ерекшелгін ескере отырып, зерттеу сабағыма алдым.Бағдарламадағы әдіс-тәсілді меңгеру нәтижесінде оқушылармен өткізген сабағымда менің байқағаным, оқушылардың іс-ірекеті өзгере бастады яғни үздік ,жақсы оқитын оқушыларымның белсенділіктері арта түсіп, нәтижесінде дарындылық пен көшбасшылық қасиеттері айқын байқалды. Ал сабаққа енжар қараған оқушыларымды алға тарту нәтижесінде өз ойларын еркін айтып , топпен жұмыла жұмыс жасауға ынталанып, сабаққа деген қызығушылықтарын танытты. Топқа бөліну және топ ережелерімен таныстыру барысында белсенділік танытқан өте ұяң және өз ойларын ашық айтуға ұялатын оқушыларға жеңіл сұрақтар қоя отырып, диалогке тарттым. Осындай жағдайларда диалогтік оқыту әдісінің әр сабақта рөлі зор екенін білдім.
Себебі сабақ кезінде оқушылар өздерінің ойларын қазіргі өмірмен байланыстырып айтып өтеді. Диалогтік оқыту кезінде оқушылардың жадында сабақ сақталады. Тапсырмаларды орындау барысында топ мүшелері тапсырманы бөліп алып орындап жатты. Екеуара жұптаса отырып «анаграмма» арқылы жұмыс жасады және талқылады. Диалогтік оқытуды сабағымда қолдана отырып, өзімнің оқушыларға және оқушылардың бір-біріне қойылған сұрақтары арқылы оқытуды толық бағдарлауға мүмкіндік алдым.
ХХI ғасырдың ұстазы- өз кәсібінің майталманы, рухани күш жігері жоғары,парасатты болуы шарт.Білім берудегі инновациялық шешімдердің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің білімді,саналы, ақылды көзімен қарай білсе,міне,білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты-осы.Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек» ХХI ғасыр - білімділер ғасыры.Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәт естен шығармауымыз керек.
Болашақта оқушыларымды шығармашыл, өз бетімен білім алуға дағдыланған, жан-жақты, өз ойын еркін айта алатын, АКТ-ны сауатты қолдана білетін, өзіне деген сенімі мол, тәрбиелі, ынталы ұрпақ тәрбиелейтініме сенімім мол.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.2014 және 2015 жылғы Елбасы жолдаулары.
2.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007жыл
3. С Көшімбетова «Оқу- тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары», Алматы, 2008.
4.М.М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде»,Алматы, 2002