7


Сабақ жоспары 3 саны

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Қайталау
(математикадан ашық сабақ)
1- сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаттары:
Б/ Оқушылардың өткен тақырыптарды қандай деңгейде білетінін анықтау
Д/ Есептерді шешуде есептеу машығын жетілдіру, 3 санын қосу кестесі арқылы баланың ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, өз бетімен жұмыс жасауға әрекеттендіру
Т/Тазалыққа, ұйымшылдыққа баулу.
Әдістемелік мақсаты: СТО технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: қайталау
Көрнекілігі: күн, бұлт, күн шашақтары , дидактикалық материалдар
Пәнаралас байланыс: музыка, сауат ашу.
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықтарын ояту
-Келген қонақтарға иіліп сәлем берейік!
-Осы біз жылуды қайдан аламыз? /күннен/
Психологиялық дайындық
-Күннен жылу аламын
Жүрегіме саламын
Досыма сыйлаймын
Сәттілік тілеймін!/хормен/
-Енді тақтадағы сандарды хормен оқып жіберелік: 21536847. Енді осы сандарды рет-ретімен оқысақ, бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады ,кәне...
А Қ А Й Л У Т А
2 1 5 3 6 8 4 7
АҚАЙЛУТА ---ҚАЙТАЛАУ
Мағынаны ашу:
Сабақтың тақырыбы «Қайталау» екен...
-Оқушыларға мақсат қойғызу, толықтырып айтамын
-Бүгін біздің сыныбымыз жарық болмай тұр екен, күн сәулесін бұллтар басып алыпты, оны ашу үшін бұлттардың тапсырмасын орындауымыз керек
1-бұлт: «Кім жылдам?»өздік жұмыс

Қосылғыш 3 4 5 6 7
Қосылғыш 3 3 3 3 3
Қосындының мәні

Азайғыш 6 7 8 9 10
Азайтқыш 3 3 3 3 3
Айырманың мәні

2-бұлт:- Геометриялық фигураларды ата және сыз:
Нүкте, кесінді, түзу, сәуле, ирек сызық, үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, шеңбер, сүйір бұрыш, доғал бұрыш, тік бұрыш.
3-бұлт: бүгін күннің нешесі?/20 қаңтар/
-аптаның қай күні?/сейсенбі/
Дәптерге күнді, 2, 12 санын жазып шығайық
2 2 2 2 2 2-қандай сан?/бір таңбалы сан/
12 12 12 12 12 12 -екі таңбалы сан
3-бұлт-. Оқулықпен жұмыс:
Есеп 1, 149- бет
-Қайсысы есеп?- Неге?
Тақтамен жұмыс:Есеп 1
Сыныпта-6 б
Кетті-3б
Қалды-?
6-3=3
Ж. 6 бала қалды.
Сергіту сәті: «Геометриялық фигуралар»
Түзу болып тұрайық
Кесіндіні құрайық
Сәуле болып созылып
Нүкте бола қалайық
4-бұлт- /жұппен жұмыс/
Далада-10 қаз Сыныпта-3 қыз
Кетті-3 қаз Ұлдар-сонша ?
Қалды-?
..................... ........................
Жауабы: .................................. Жауабы: ............................................
Дарынды балаларға: 2есеп те беріледі./музыка әуенінде шығарады/
5-бұлт-. Логикалық есептер:
1. Көлден ұшты 7 қаз
Қайтып қонды 3 қаз
Қонбады сонда нешеуі?
Айтшы, кім тез шешеді?/4қаз/
2.10 асықтың 3-н
Досың сұрап әкетті
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?/7 асық/
3. Оң қолымда 3 кәмпит
Сол қолымда сонша кәмпит
Болады неше кәмпит?/6 кәмпит/
4. Аулада 5 үйрек
Қорада 3 үйрек
1 үйрек тығылды
Қалғаны неше үйрек?/7 үйрек/
5.Табақта 5 өрік
Маратта 2 өрік
Қолымда 1 өрік
Болады неше өрік?/8 өрік/
6. 2 тауықта неше аяқ/4аяқ/, ал 2 қойда ше?/8аяқ/
7. Баста неше тесік бар?/7 тесік/
8. 20 саусақ көрінсе, неше қол болғаны?/2 қол/
9. Сәуле 2-де, Бақыт 7-де
Екеуінің жасын қосып шықсаң
Табасың жасын Мараттың /9жас/
10. Зообақта барғанда құмда ойнаған 3 маймыл, әткеншек тепкен 2-н, арқаларын қыздырып отырған тағы үшеуін көріп қалдым, сонда нешеу болғаны?/8 маймыл/
6-бұлт: «Топпен жұмыс»
1-топ:
3 5 6 7 8 9 10
Е Л М І Ң З Д
9-3-3=3 е 3+3+3=9 з
2+3= 5 л 7+2+1=10 д
4+3=7 і 9-2=7 і
3+3= 6 м 10-8-0= 8 ң
10-3= 7 і

2-топ:
3 5 6 7 8 9 10
Б Л О А Ш Ғ Ы
9-3-3=3 б 4+3=7 а 6+0=6 о 3+3+3=9 ғ
2+3= 5 л 7+2+1=10 ы
9-2=7 а
10-2-0= 8 ш

3 5 6 7 8 9 10
Б І М Л Д Н Ң
9-3-3=3 б 10-2= 8 д
2+3= 5 і 10-5+0= 5 і
4+3=7 л 3+3+3=9 н
8-3=5 і 2+2+1=5 і
3+3=6 м 7+2+1=10 ң

3 5 6 7 8 9 10
Қ Л О Ы Н А Д
9-3-3=3 қ 10-2-0= 8 н
3+3= 6 о 7+2+1=10 д
2+3=5 л 3+3+3=9 а
10-3= 7 ы
Өрнектің мәнін табу арқылы жасырын сөзді табу:
«Еліміздің болашағы білімдінің қолында!»
Сергіту сәті «Көңілді күн» А.Қалаубаеваның орындауындағы әнге билету
Тест
Тест№1
1. 10см-3см=
а/7см ә/8см б/6см
2. Суда 7 үйрек пен одан 3-уі кем қаз
жүр. Суда неше қаз?
а/6 қаз ә/5қаз б/4қаз
3. Аянда 3 шар, Саянда да сонша шар.
Екеуінде неше шар бар?
а/ 7шар ә/6шар б/8шар
4. 10-3-3=
а/4 ә/5 б/7
5.Болды-9құс
Ұшты-3 құс
Қалды-?
а/ 8құс ә/ 6 құс б/ 7 құс
Тест№2
1. 7см+3см=
а/4см ә/10см б/8см
2. Аулада 7 қаз бен одан 3-уі кем тауық жүр. Неше тауық жүр?
а/10тауық ә/4тауық б/5тауық
3. Анарда 5 шар, Саяда сонша шар бар. Екеуінде неше шар бар?
а/ 5шар ә/10 шар б/7
4. 10-3-2=
а/5 ә/7 б/6
5. Жүр еді-5 бала
Келді-3 бала
Барлығы-?
а/ 8 бала ә/ 7 бала б/ 2 бала

Рефлексия: тест жұмысын орындаған балалар күн сәулесін апарып жапсырады: «Өте жақсы»-сары, «жақсы»-тоқ сары, «онша емес»-қою сары
Үйге тапсырма: №3,4 150 бет
Бағалау:Оқушылардың еңбектеріне қарай бағасын жариялау
Қорытынды: Күн өзінің сәулесін шашып, жылуын барлық әлемге таратады. Сендердің де болашақ өмірлерің күннің сәулесі сияқты жарқырай берсін! Білімдерің күннің шашағындай жайыла түссін!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал