- Учителю
- ' Даңқты менің аталарым' атты мақала
' Даңқты менің аталарым' атты мақала
Оразалы Жалдыбаев Ырғыз уезінің Кенжеғара болысының №5 ауылында - нұра өңіріндегі Мамыр деген атақоныста 1910 жылдың 14 қыркүйегінде дүниеге келді. Әкесі Жалдыбай, анасы Назым, әйелі Бәти Жәркенқызы - жай шаруалар болды.
Оразалы 6 жасқа келгенде әкесі қайтыс болды. Ол жатақханаға жатып, Ырғыздағы екі класстық орыс-қазақ мектебінде оқыды. Осы «мектепке атақты ұстаз Ахмет Байтұрсынов анда-санда келіп, оқушыларға қазақ халқы, ұлттық намыс туралы мағыналы - маңызды дәріс» берген.
Мектепті мектепті 1926 жылы бітірісімен, Оразалы тұтынушылар қоғамында қызметкер болды. 19 жасында ауылдық тұтынушылар қоғамның төрағасы, кейін Ырғыз аудандық комсомол комитетінің хатшысы, одан аудандық дайындау мекемесінің (райзаготконтора) директоры. 1940 жылы Ауылшаруашылығы банкісінің Ырғыз ауданы бойынша өкілетті өкілі (меңгерушісі). Осы қызметтен 1941 жылдың 14 жетоқсанында Ұлы Отан Соғысына - Ленинград майданына жіберілді. Ленинград қаласын алуға барынша тырысқан неміс - фашист басқыншыларының қан төгіс шабуылына қарсы сұрапыл соғыста кеңес жауынгерлерінің «алдыңғы бір бөлігі (ішінде О.Жалдыбаев бар) 1942 жылдың 8 сәуірінде «Старое Руссе» деген жерде қоршауда» қалады. Оны «бұзып шығуға оқтары» таусылады. Олардың «тірі қалғандарын фашистер тұтқынға алып, эшелонмен Варшаваға» жібереді. Варшавада тұтқындарғы нөмір беріп, үш қатар тақтай нар үстінде саломнан жасалған төсектері бар лагерге қамайды. Оларға қауыздан пісірген нан, быламық, ботқа ғана береді. Фашистік қатаң тәртіппен тұтқындарды қол еңбегін көп қажет ететін; соғыста бұзылған тас жолдарды, көпірлерді жөндеу, қалаларда өздеріне керек қираған үйлерді, кеңселерді қалпына келтіру, орманда ағаш дайындау жұмыстарына пайдаланады. Нашар тамақ, ұзақ ауыр жұмыс, азапты өмірден тұтқындардың ауруы, әлсіреуі, өлуі көбейеді. Өлгендерді өздері жерлейді. Осындай өмір мен өлім арасынан О.Жалдыбаев «16 тұтқын бірігіп, шағын топқа бөлініп, Бяла Подляска деген қалада жұмыста жүргенде 1944 жылдың шілдесінде тұтқыннан» қашады. Бірақ О.Жалдыбаев «тобы - 5 тұтқын ормандағы неміс әскер бөліміне тап болып, қолға» түседі. «Біз қашқан жоқпыз, ағаш дайындауда жүріп, орманда адасып кеттік»,-деп жалтартады. Оларды «фашистер өлшемі етіп ұрып-соғып Польшаның батысындағы Петркув қаласына» жібереді. Мұндада бұрынғыдай қиын, нашар жағдайда құрылыс жұмыстарына пайдаланады. Ауыр жағдайға төзбеген тұтқындар өле берді. Қалғандары шыдауға тырысады, қашып шығуды армандайды.