- Учителю
- Поурочный план по математике 'Бөлшектер мен үлестер. Олардың жазылуы' (4 класс)
Поурочный план по математике 'Бөлшектер мен үлестер. Олардың жазылуы' (4 класс)
Пәні: математика. 4 сынып Сабақтың тақырыбы:Бөлшектер мен үлестер. Олардың жазылуы.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:Бӛлшектер мен үлестер туралы түсінік беру,жазылуын, орындалуын түсіндіру.
2.Дамытушылық:Оқушылардың ақыл-ойын,байқағыштық қабілетін,логикалық ойлау
қабілетін арттыру.
3.Тәрбиелік: Шапшаңдыққа,ептілікке,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,имандылық
қасиеттерін қалыптастыру
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер ,ойындар,геометриялық фигуралар.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану пәні.
Сабақтың барысы: 1Ұйымдастыру кезеңі.
А)Оқушылармен сәлемдесу.
Ә)Балалардың назарын сабаққа аудару.
2.Психологиялық дайындық.
Қайырлы күн достым, Қызықты күн болсын.
Сәрсенбінің сәтінде, Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз, Кілең бестік болсын.
3.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге №6есеп 103беттегі.Сәйкес санды таңда.
1000=270+270+460 1000=1850-560-290
1000=320+320+360 1000=1900-530-370
1000=230+380+390 1000=1700-450-250
2-3балаға оқытып,басқаларын тексертемін,дәптерлерін жиып аламында тексерілген дәптерлерді тарқатамын.
4.Жаңа сабақ мазмұны.Тақырып:Бөлшектер мен үлестер.
Суретке қараймыз.Мына тіктөртбұрыш неше тең бөлікке бөлінген?(16) Қанша бөлігі боялған?(4
бөлігі боялған). Мұны біз бөлшек түрінде жазып көрсетейік.
16 4 - 16 бөлімі ,4 алымы
2суретте 21 бөлікке бөлінген,9 блігі боялған,яғни бөлшек түрінде 21 9 көрсетеміз.
Мынау бүтін алма ортасынан бөлсек 2 бөлікке бөлінеді.Тағы ортасынан бөлсек 4 бөлікке
бөлінеді.Төрт бөліктің 2 бөлігін алып тәрелкеге саламыз. Бөлшек түрінде жазамыз
4 2 4бөлімі, 2 алымы. 3суретте шеңбер бейнеленген.
1шеңбер 4 бөлікке бөлінген,3бөлігі боялған: 4 3
2шеңбер 3 бөлікке бөлінген,2бөлігі боялған: 3 2
3шеңбер 8 бөлікке бӛлінген,3бөлігі боялған: 8 3
4шеңбер 9 бөлікке бөлінген,8бөлігі боялған: 9 8
№2есеп
S1=256 S2=128км S=? S= S1+S2=256км+128км=384км
№3есеп. «Кім жылдам » ойын третінде ойналады(3қатардан 3 оқушы тақтаға шығарылады) .
816 : 9 = (6қалдық) 725 : =8 (5қалдық) 634 : = 7 (4қалдық)
№4 есеп t=? V1 =13км/Сағ V2 = 17км/сағ 9 9 9 S=90км V1+V2=V
13км/сағ+17км/сағ=30км/сағ. Т=S:V=90км:30км/сағ=3сағ.
№5 есеп «Құстарға қамқорлық» ойыны ретінде өткіземін.
Балаларға сұрақ қоямын.Қазір жылдың қай мезгілі?Күз,яғни күздің соңғы айы.Күзде құстар
жылы жаққа ұшып кетеді.Ал қыстап қалатын құстарды кім біледі? Отырықшы құстарды
оқушыларға ататамын: қарға,ұзақша,сауысқан, суықторғай,кӛкторғай,қараторғай т.б. Ал енді
балалар осы қыстап қалған құстарға ұя,жем салғыш жасап қамқорлық жасауымыз керек.Ол үшін
әр құстың артында жапсырылған есептерді шығаруымыз керек.
Логикалық есеп №7
Серік пен Назымның үйлері кӛшенің бір жағында орналасқан.Серіктің үйінен мектепке
дейінгі арақашықтық 200км-ді құраса, ал Назымның үйінен мектепке дейінгі арақашықтық 500
км аралықты алып жатыр.Назымның үйінен Серіктің үйіне дейінгі арақашықтықты тап.
Н С ? 200 км М 500 км
5.Сергіту сәті. «Ормандағы ағаштар ойыны»
Сендер ағашқа айналуға дайынсыңдар ма?
Бір-біріңнің соңыңнан тұрыңдар.Орманда күн шығып барлық ағаштар оған жапырақтарын
жайып қарап тұрды.Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары
созылады.Жапырақтар күннің астында билеп тұрды.Кенеттен қатты жел тұрып ағаштарды
шайқай бастады.Желдің артынан жаңбыр жауа бастады.Көп ұзамай көкжиектен күн
көрініп,талдар қуанды.Ағаштар өз діңіндегі артық жауын тамшыларын сілкіп тастады.өздерін
сенімді, сергек,тап-таза сезініп қалды.
6.Қорытындылау.
3қатарға 3түрлі фигура беремін ,4,6,8 бөліктерге бөлдіртіп,2,3,4 бөлектерді боятамын.Бөлшек
түрінде жаздырамын.Ары қарай бөлшектерді толықтырамын,қорытындылаймын.
7.Бағалау. Әрбір оқушыны сабақ бойында жинаған фишкаларының санымен бағалаймын.
8.Үйге тапсырма беру.
№6 есеп. 107 бет