- Учителю
- Бөлу математика 2 сынып
Бөлу математика 2 сынып
Сабақ: №4
Пән: математика Айы-күні:
Сынып: 2 «А»
Сабақтың тақырыбы: Бөлу
Сабақтың мақсаты: бөлу туралы түсінік және көбейту кестенің компоненттерін жетілдіру.
Дамытушылық: есепті шапшаңдыққа, дұрыс шығара білуге үйрету және өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: бір-біріне сыйластыққа, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу
Сабақтың барысы:
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың формасы: жұппен, топпен жұмыс
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, логика, өз бетімен есеп шығару, көрнекілікпен жұмыс.
1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа сабақ
№1. а) 15 алманы 3 себетке тең бөліп салу керек.
Әр себетте неше алмадан болады?
15-ті 3- ке бөлдік, сонда себетте 5 алмадан болды
?
ә) Бағбанның 15 алмасы бар. Ол алманы 5-тен себеттерге салғысы келедә. Оған неше себет қажет болады?
15-ті 5-ке бөлдік, 3 себет қажет болды.
Бөлудің компоненттері:
бөлінді бөлінді
5 · 2 = 10
бөлінгіш бөлгіш бөліндінің мәні
: - бөлу кестесі таңбасы
№2 Түсіндіре шығару
Суретін сал. Шешуін жаз және есептерді салыстыр
а) 10 дәптер 5 оқушыға тең бөлініп берілді. Әрбір оқушы неше дәптерден алды?
ә) 10 дәптер ір оқушыға 2-ден таратылып берілді. Неше оқушы дәптер.
№3 Өрнектерді жаз Олардың мәнін тап
8-ді 4-ке бөл 14-ті 2-ге бөл 12-ні 6-ға бөл
6-ны 3-ке бөл 8-ді 2-ге бөл 9-ды 3-ке бөл
ә)
8 см : 2 25 л : 5
10 л : 2 12 дм : 4
15 кг : 3 18 см : 6
9 см : 5 12 см : 3
3 ц : 4 14 л : 2
№4 Суреттегі заттардың ұзындығын өлше. Осы ұзындықтағы кесінділерді сыз.
Сергіту сәті:
№5 Есептерге өрнек жаз
А) Тігін шеберханасында күніне 3 көйлектен тігілді. Шеберханада 6 күнде неше көйлек тігілді?
Ә) Тігін шеберханасында күніне а костюм тігілді. 8 жұмыс күнінде неше костюм тігілді?
№6 Өрнекті шеш
Үш шкафта барлығы 550 кітап бар. Бріншісінде 250 кітап, екіншіснде біріншіден 50 кітап кем, ал қалғаны үшінші шкафта тұр. Үшінші шкафта неше кітап бар?
№7 Теңдеулерді шеш
900 - х = 250 + 140 a + 320 = 800 - 120
D - 250 = 450 - 120 150 + a = 1000 - 540
5.Үйге тапсырма: №4 Суреттегі заттардың ұзындығын өлше. 180 бет.
6.Бағалау. мадақтау, өзара бағалау