- Учителю
- Ұшқан ұя 2 сынып
Ұшқан ұя 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: | Ұшқан ұя (Б.Момышұлы) | |||||
Мақсаты: | Мәтінді түсініп оқиды, ондағы негізгі ойды, идеяны ажыратады.
| |||||
Міндеті: | 1. Б.Момышұлы жайлы мағлұмат алу, мәтіннің мазмұнын нақты айтуға үйрету. 2.Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. 3. Б.Момышұлы бейнесі арқылы үлгі өнеге алуға баулу. Бір-бірін тыңдауға, мейірімділікке, әдептілікке тәрбиелеу. | |||||
Күтілетін нәтиже: | Б.Момышұлы жайлы мағлұмат алады, мәтіннің мазмұнын жүйелі айтуға үйренеді. Оқушылардың сөздік қоры, тіл байлығы дамиды. | |||||
Модульдің қамтылуы: | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
| |||||
Әдіс-тәсілдер: | Топтастыру, миға шабуыл, диалог әңгіме, сюжеттік-рөлдік ойын, әңгімелесу, сұрақ-жауап.
| |||||
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: | Алтын ереже, суреттер. | |||||
Дереккөздер: | Әдебиеттік оқу 2-сынып. Ақпараттық ғаламтор желісі | |||||
Уақыты | Кезеңі | Мұғалімнің іс - әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||
3-минут | Ұйымдастыру | Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын құру. «Амандасу» тренингін өткізу. Топқа бөлу. Стикер түстері арқылы 3 топқа бөлу | Бір-біріне жақсы тілектер айту.
Стикер түстері арқылы 3 топқа бөліну.
| |||
2 минут | Үй тапсырмасын сұрау | «Хат келді» хатта жазылған тапсырмаларды орындайды.
| Үйге берілген тапсырмаға байланысты оқушылар сұрақтар дайындау және сұрақтарға толық жауап беру. | |||
| Жаңа білімді меңгеру кезеңі | |||||
3 минут | Теориясы: «Білу» (бір нәрседен хабардар болу, еске түсіру) | Жаңа сабақтың тақырыбын ребусты шешу арқылы ашу.
| Жаңа сабақтың тақырыбын ребус арқылы ашу. Б.Момышұлы туралы өз ойларын айту. | |||
10 минут | «Түсіну» (өз түсінігі негізінде әрекет етеді, түсіндіреді)
|
Мәтінді екі топқа бөліп беру. Мәтінді түсініп оқу, топта талдау. | Оқушылар ребусты шешіп, жаңа сабақтың тақырыбын табу.
Оқушылар мәтінді оқу, топта талдау. | |||
7 минут | «Қолдану» (алған білімін қолдана отырып, проблеманы шешу)
|
| Түсінгендерін топтық жұмыс түсіндіру. | |||
5 минут | «Талдау» (талдайды, салыстырады, айырмашылығын табады) | Дәптермен жұмыс Ататегі - арғы аталар
| Сызбадағы сөздердің тұсына өз ата - тегіңді жаз. | |||
5 минут | «Жинақтау» (ақпаратты жинақтайды, ойлап табады) | Жаңа тақырыпты жинақтау бойынша тест беру. Ол үшін «Кім жылдам» ойынын пайдалану. Тест интервью: 1.Ақсақал деген кім? 2. Қымыз қай малдан алынады? 3. Сәлемдесудің тағы қандай түрін білесің? 4. Әдепті бала- қандай бала? 5. Баппен деген сөзді қалай түсінесің? | Оқушылар тест жұмысын орындайды. Тестте бір-бірініңкін тексеру, қорытындысын шығару.
| |||
5 минут | «Бағалау» (бағалайды, талқылайды, өз пікірін айтады) | Жаңа тақырып бойынша ашық сұрақтар қою. | Оқушылар топта бірлесе отырып сұрақтарға жауап береді.
| |||
2 минут | Бағалау | Оқушылар бүгінгі сабақта қаншалықты жауап бергендерін жинаған жұлдызшаларына қарай өздеріне бағалату. «5»-кемінде 5жұлдызша «4»-3-4 жұлдызша «3»- 1-2 жұлдызша Мұғалім оқушылардың жинаған баллдары бойынша бағалайды
| Оқушылар «5» алса қызыл, «4» алса сары, «3» алса жасыл алмаға өз есімдерін жазып, «Алма ағашына» жапсырады. | |||
1 минут | Үйге тапсырма
| Мәтінді түсініп оқу.
| Оқушылар тапсырманы күнделіктеріне жазып алады | |||
2 минут | Кері байланыс | «Екі жұлдыз, бір тілек» | Әр оқушы өзіне ұнаған екі сәтті жазып, бір ұсыныс немесе тілек жазу. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін таратылған стикерге жазады.
|