7


  • Учителю
  • ҚМЖ Сабақ жоспары Ана құшағында

ҚМЖ Сабақ жоспары Ана құшағында

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы:4

Пән мұғалімі: Ж.Кулымбетова

Сабақ тақырыбы: Ана құшағында

Мақсаты:

Білімділік: . Оқушыларға Ғ. Мүсіреповтың « Қазақ солдаты » романынан үзінді «Ана құшағында» атты әңгімесін түсініп оқуға және түсінгенін әңгімелеп айтуға үйрету. Өз ойларын ортаға салып, топпен жұмыс істеуге, ананың бала өміріндегі орнын білуге үйрету, романдағы басты кейіпкер туралы білім беру.

Дамытушылық: Өзекті, түйінді ойын ашуға жағдай жасау және байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастырып, әр түрлі тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық ойын, танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ананы құрметтей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Батырдың да, алыптың да анадан туатындығын, сондықтан ана - өмір бастауы екендігін ұғындыру. Алдарына қойған мақсаттарына жетуге ұмтылу.

Көрнекілігі: слайд , тірек сызба, автордың суреті

Оқытудың нәтижелері:

  1. Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады

  2. Берілген тақырыптың маңынасы мен мазмұнын түсінеді

  3. Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады

  4. Оқушы өз ойын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады.

Қамтылатын модульдер:

1 - модуль - Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (топтық жұмыс, диалогтік оқыту)

2 - модуль - Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

3 - модуль - Бағалау

4 - модуль - АКТ пайдалану (интерактивті тақтамен жұмыс және видео)

2. Қадамдар:

1.Қызығушылықты ояту

2.Мағынаны ашу

3.Ой - толғаныс

4.Рефлексия

5. Бағалау

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

1.Үй тапсырмасын сұрау

2.Топқа бөлу

3.Оқушының зейінін сабаққа аудару

4. Жаңа сабақты түсіндіру

5. Тапсырмалар беру

Оқушының іс-әрекеті:

1.үй тапсырмасын орындайды

2. сөздер бойынша топқа бөлінеді

3.Зейіндерін сабаққа аударады

4.Жаңа сабақты меңгереді

5. Берілген тапсырмаларды топтасып орындайды

6.Кері байланыс. Алма ағашына алма ілу арқылы

7. Бармақ арқылы бір - бірін бағалайды және «Екі жұлдыз бір тілек» айдары бойынша топ бір-бірін бағалайды.

Сабақтың барысы

I.Қызығушылықты ояту.

І. Ұйымдастыру кезеңі. (5 - мин)

«Шаттық шеңбері»

Қуан шаттан,қуан шаттан,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын!

ІІ . Үй тапсырмасын тексеру. Модуль 1, әдісі «Диалогтық оқыту»

- Үйге төрт түліктің қайсысы жайлы біліп келу тапсырылды? (Түйе)

-«Үлек» әңгімесінің мазмұнын 2 - 3 оқушыға жалғастыра айтқызу.

Үй тапсырмасын пысықтау: Модуль 2, әдісі «Ортадағы қаламсап» (7-мин)

Оқушылар қаламсаптарын ортаға жинайды. Мұғалім қай қаламсапты таңдаса, сол қаламсаптың иесі сұраққа жауап береді.

Мұғалімнің сұрақтары:

1.-Үлек дегеніміз не екен қане, үлекке сипаттама беріп көрейік.

- Үлек - жалғыз өркешті, нардың бурасы. Айбары сұмдық, кісіге шабады,айбатты, батыл, қорқу дегенді білмейді

Еңбегі өте зор, ауыл түйелерін бағады.

2.- Түйе жейтін қандай шөптердің аты айтылған?( изен, жусан ,алабота, ащы қурай, теріскен, шеңгел, жантақ ) Тағы да қосуға бола ма?.

3. -Егер Мүлкібай атай бармаған болса, не болар еді?

4.Мүлкібай ата портретін кім айтады ?

Қоржиған, бойы кішкентай, ап - арық. Көңілді, балаларды жақсы көреді.

Себебі ол малға барғанда бүкіл баланы жинап апарады.

Малды да жақсы көреді. Үлектің оны тыңдайтыны кішкентай кезінен жақсы баққан, қараған.

Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлемін (көк,қызыл,сары)

II. Мағынаны ашу кезеңі (20- мин)

ІҮ Жаңа сабаққа әзірлік.

Қане,балалар ,мына бейнебаянды тамашалайықшы (ана туралы слайд)

Балалар,мына бейнебаяннан не ұқтыңыздыр?

Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы.Мейірім, сүйіспеншілік, еркелік т.б.

Жарайсыңдар балалар!Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы өздерің айтқандай Ғабит Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романының үзіндісі «Ана құшағында» әңгімесімен танысамыз.

Бүгінгі сабақта автор орындығына дарынды оқушымыз Жолдықожа Сымбатты отырғызғым келіп тұр.

Ғабит Мүсірепов жайлы не білеміз?

Қазақтың көрнекті жазушысы Ғабит Мүсірепов 1902 - 1985 - жылдар аралығында өмір сүрді. Оның «Тұтқын қыз», «Қазақ солдаты», « Ұлпан » т. б. атты еңбектері бар. Алматы қаласында ол кісіге арналған ескерткіш бар. 3 - сыныпта « Таңның атуы » атты шығармасымен танысқанбыз.

- Кемеңгер жазушының Қазақ солдаты деп отырғаны кім екен?

- «Қазақ солдаты» романы «Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай - қарай зытам… Зытып келе жатқаным, қашып келемін. Артыма қарай беретінім, қорқып келемін» - деген сөздерімен басталады Бұл әңгімеде Қайырғали Смағұлов деген баланы бәрі Қайрош деп атайды. 10 жастағы Қайрошқа ауылдың сиыр, бұзау, торпағын бақтырып қояды. Оның алдына 87 бас мал салып беріп, егер бір бас малды жоғалтсаң, 10 жыл қораға қамаймын дейді қара мұртты. Мен қашан оқимын деп жүргенде бір қасқа торпақ жоғалып кетеді. Ары санайды 86, бері санайды 86. Жер жұтты ма? Ізі де жоқ. Қорқып кеткен Қайрош қалаға қарай қаша жөнеледі.

Зытып келем, зытып келем.

Артыма қарай - қарай зытып келем.

Қайрош сол зытқаннан Гурьев қаласындағы балалар үйіне орналасады.

- Балалар үйі кімдерге арналған?

- Панасыз, әке - шешесіз балаларға арналған.

«Құлыным, Қайрошым... Қайда жоғалып кеттің? » -деген әлсіз дауыс естіледі

- Кімнің даусы деп ойлайсыңдар?

Әрине, анасының даусы.

- Ана неліктен бұлай деді екен ? Біз мұны әңгімені оқу барысында анықтайық.

Дарынды оқушы Жолдықожа Сымбатты бармақпен бағалау

Жаңа сабақ.

«Ана құшағында »

Әңгімені оқушыларға оқыту.

Сұрақтар қою арқылы мазмұнын аша түсу.

1. Анасы Қайрошты қайда іздеп келді? ( балалар үйіне )

2. Қайроштың досының аты кім? (Шеген)

3. Оның атын әңгіменің қай жерінде кездестіресің? (Әңгіменің басында … тізесіне сорпа шашырағанда; … Анасы кеткенде Қайроштың көзінен жас шыққанда.)

4. Ана мен баланың бір-біріне деген ыстық сезімін әңгіменің қай жерінен оқуға болады?

5. Мариям апай деп отырған кісі кім деп ойлайсың?

6. Қайрош неліктен анасымен бірге ауылға кетіп қалмады?

Дәптермен жұмыс:

Сергіту сәті:

ҮІІ Жаңа сабақты қорытындылау. Постер жасау(13-мин)

Екі жұлдыз ,бір ұсыныс арқылы бағалау

ҮІІІ Үйге тапсырма



  • "Ана құшағында" әңгімесін оқып келу,әңгімелеу

  • Қайырғали Смағұлов ( Қайрош ) туралы мәліметтер қарастыру

  • «Ана» тақырыбына шығарма жазу



Рефлекция: Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, алма ағашына іледі

Бағалау









































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал