- Учителю
- Открытый урок по математике на тему 'Бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс. Алыстау жылдамдығы' (4 класс)
Открытый урок по математике на тему 'Бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс. Алыстау жылдамдығы' (4 класс)
Математика | Күні: 13.11.2015 ж Сыныбы: 4 «А» | ||
Сабақтың тақырыбы | Бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс. Алыстау жылдамдығы | ||
Сілтеме | Әдістемелік құрал, оқулық. | ||
Жалпы мақсаты | Бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс кезіндегі алыстау жылдамдығын табуды үйрету | ||
Оқыту нәтижесі | Бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс кезіндегі алыстау жылдамдығын табуды үйренеді Есепті өздігінен талдап, түсініп шығаруға дағдыланады Ойлау қабілеті артады | ||
Негізгі идеялары | Топпен және жұппен жұмыс жасату арқылы оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу . | ||
Уақыты | Тапсырмалар | Мұғалімнің іс-әрекеті: не істеймін? | Оқушылардың іс-әрекеті |
3 мин | Ұйымдастыру кезеңі
«Жақсы сөз- жан шуағы» тренинг
Бағалау критерийлері
| І. Ұйымдастыру
«Мақсатымыз - білім алу, Міндетіміз - еңбектену. Еңбек етіп жұмыла, «5»-ке қолды жеткізу.»
Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, тренинг өткіземін.
Көңіл көтеру, назарларын аудару.
Оқушыларды топқа бөлу.
Күзгі бақ жемістері арқылы бағалау. | Мұғаліммен сәлемдесу.
Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Бір-біріне қарап жақсы тілектерін айтады.
Оқушылар түстер бойынша 4-топқа бөлініп, отырады.
Бағалау критерийлерімен танысады.
Есепті дұрыс шығарған бала «Бағбан» атайдың сыйлығына ие болады |
4 мин | Үй тапсырмасын тексеру | Үй тапсырмасын тексеру | Оқушылар үй тапсырмасын жұптасып, топ болып салыстыра отырып тексереді |
3 мин | 1. «Мағынаны тану» | Музыканы тыңдай отырып, берілген слайд бойынша тақырыптың мағынасын тану | Музыканы тыңдай отырып, ойланып, жаңа тақырыпты айтады. |
7 мин |
2-есеп | Әңгімені баяндау | Әңгімені тыңдай отырып, әңгіме желісіне қарай топ болып сызбасын сызады, түсіндіреді. Есептерді шығарады.
|
2мин | 5-тапсырма Топпен жүмыс
| Балалар, қазір қай мезгіл? Олай болса «Бағбаншы» атайдың бағындағы жемістер пісіп жатыр екен. Көмекке барамыз ба? Топ болып Бөліндінің мәнін табайық.
| Топ болып орындайды, түсіндіреді |
1 мин | Сергіту сәті | «Бағбан» атаймен танысу. Атай сұрақтар қояды, жауап береміз. Жарай ма? | Оқушылар шешеді |
17 мин | 6-тапсырма 7-тапсырма | Атайдың алмаларын теруге көмектесу. | Жұлып алған алмадағы есептерін тақтаға орындайды. |
2 мин | 9-тапсырма | Алған фигураларын қағаз бетіне жапсырып, әріптермен белгілейміз. Доғал бұрыштарды табамыз | Тапсырманы орындап, доғал бұрыштарды табады |
2 мин | Бекіту | «Бағбан» атай ризашылығын береді. «3 қадамды сұхбат», оқушылардың практикалық жұмыстарын тексеремін. Жіберілген қателіктер бойынша ескерту жасаймын. | Тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қояды. |
1 мин | Рефлексия | Жаңа сабақ бойынша Не үйрендік? Неден қиналдың?
| Сабақ бойынша не үйренгендері туралы әр қайсысы стикерге жауаптарын жазады.( тақтаға іледі) |
2 мин | Оқушыларды бағалау | Сабақ соңында бағалау критерийлері бойынша бағалау.Сумативті баға қоямын. | Оқушылар бірін-бірі бағалайды. |
1 мин | Үйге тапсырма беру | 4, 8 -есептер | Күнделікке үй тапсырмасын жазады. |
Ергешова Фарида Қалдыбайқызы Бастауыш сынып мұғалімі
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құланды орта мектебі