7


  • Учителю
  • Әдебиеттік оқу пәнінен Алып бала мәтіні (2 сынып)

Әдебиеттік оқу пәнінен Алып бала мәтіні (2 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы

Алып бала

Мақсаты

Ардагерлеріміз бен балуандарымызды ажырату, оқушыларға мәтін, мазмұнын меңгерту. Қ,Мұңайтпасов жайлы мәлімет беру. Оқушылардың тілін, сөздік қорын дамыту. Шыдамдылыққа, қиыншылықта көмек көрсетуге, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Табыс критерийлері

Ардагерлеріміз бен балуандарымызды суреттер арқылы ажыратады.

Негізгі идеясы

Ердің атын еңбек шығарады

Оқыту нәтижелері

Жаңа мәтінді меңгереді, мәтінді түсініп мазмұндайды

Әдіс-тәсілдері

Жекелей, жзұптық, топтық

Сабақтың көрнекілігі

Суреттер, түрлі-түсті маркерлер

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті



Менің жүрегім ақ

Менің жүрегім адал

Менің жүрегім мейірімді

Менің жүрегім жақсылыққа толы

Ал, балалар осы адал, мейірімді, жақсылыққа толы жүрек жылуын үрлеп, достарымызға сыйлаймыз.



Бір-біріне тілектер тілейді.



Топқа бөліну.

«Алғырлар» тобы

«Білгірлер» тобы

«Тапқырлар» тобы



Өз ұрандарын айтады



Үй тапсырмасын сұрау

Мәнерлер оқиды

Сұрақтар қою

  1. Әлияның туған жері



  1. Анасы қалай еркелеткен?

  2. Әлияның анасы қайтыс болғанда ол неше жаста еді?

  3. Неше жасында соғысқа аттанды?









Ақтөбе облысы, Қобды ауданы

«Ақмоншағым»



8 жаста еді

16 жасында



Жарайсыңдар, балалар, Әлия туралы толық меңгеріпсіңдер. Мына жерде сандар жатыр, сол сандарды өсу ретімен қойсақ, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.



10 20 30 40 70 80 90 100



А Л Ы П Б А Л А



Сандарды өсу ретімен қояды.



Біз бүгін Қалмахан Әбдіқадыровтың әңгімесімен танысамыз. Ең алдымен, ақынның өміріне қысқаша шолу жасасақ.



Әңгімені тыңдайды.



1-топ: Қажымұхан Мұңайтпасов 1871 жылы 7 сәуірде Ақмола облысы, Қараөткел ауылында дүниеге келген. Ол классикалық күрес түріне қызыққан.

2-топ: Ол қазақ халқының тарихындағы тұңғыш балуан. Ол жер шарын аралап, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль алған.

3-топ: Ол бүкіл әлемнің атақты балуандарымен күреске түскен. Ұлы Отан соғысы кезінде Қажымұқан жіберген ақшаға ұшақ жасалған.

Оқушылар жауап береді.



Әңгімені түсініп оқимыз, мәтін бойынша түсінгендерін айтады. Мәтін топтарға бөлініп беріледі.

Мәтін бойынша түсініктерін айтады.



Топтық жұмыстар.

1-топ: мәтінне алынған тірек сөздердің мағынасын ашу.

2-топ: мәтіннен сөздер беріледі, 1 минут ішінде жаттап, есте қалғандары дәптерлеріне түсіреді.

3-топ: мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріледі.

Оқушылар топтасып жұмыс жасайды.



Сергіту сәті.

Шығу үшін шымыр боп,

Шынығамыз шаршамай.

Бұлшық еттер шымыр боп,

Аламыз сосын тыныш жәй.

Сергіту сәтін жасайды.



Дәптермен жұмыс.

Ерлік, батырлық тақырыбында мақалдар жаздыру.

Мақалдар жазады.



Сөзсандықтағы сөз:

  1. Оқыра тиіп - сона тәрізді жәндік шағу.

  2. Құзар жар - биік жар.

  3. Торығып - түңіліп, ренжіп.



Сөзсандықтағы сөздердің мағынасын айтады.



Суретпен жұмыс.

  1. Суреттегі адамның күштілігін неден аңғардың?

  2. Ол не үшін өгізді арқалап алған деп ойлайсың?

  3. Суреттегі адамның ісіне көзқарасыңды білдір.

Араларынан спикер дайындайды, сол оқушы сұрақтарға жауап береді.



Сабақты қорытындылау.

Балық ойыны арқылы.

Нақыл сөздегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қою.

1 ..... есімі - ел есінде.

2 Еліңді сүйсең - ...... істейсің.

3 Батыл болмай, ....... болмайсың.

4 ........ адам өлімді жеңеді.

5 Тәуекелге бел буған адамды ........ билемейді.

6 ............ қол бастамайды.

Оқушылар «Балық» ойыны арқылы, көп нүктенің орынына тиісті сөздерді қойып, мақалдарды құрастырады.



Бағдаршам әдісі бойынша рефлексия.

Үйге тапсырма.

Қазіргі батырлар тақырыбында эссе жазу.



Сабақтан алған әсердерін стикерлерге жазып, бағдаршамға іледі.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал