- Учителю
- Word. Тотының тоқсан тарауы ғылыми жоба 26 бет
Word. Тотының тоқсан тарауы ғылыми жоба 26 бет
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ................................................................................,.........................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Тотықұстар тіршілігі мен өмір сүру ерекшеліктері..............................5
2. 2 Тотықұстардың түрлері...........................................................................8
ІІІ ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
3. 1 Тотықұс асырау үшін қандай ережелерді ұстау қажет? Қандай тамақ береді..............................................................................................16
ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................24
Аңдатпа
Жануарлардың ішіндегі ең ақылды құс. Дене тұрқы 9,5 см - 1 м. Қауырсындары ашық қанық (жасыл, оның қызыл және көк түстермен үйлесімі, кейде қара немесе сұр) түсті болады. Мойны қысқа, басы үлкен, тұмсығы мықты, қатты жемісті жара алады. Ең кішкентай тоқылдақ тәрізді тотылардың дене тұрқы 8 см, ең үлкен нағыз тотылардың дене тұрқы 1 метр. Жалпы ұрғашыларына қарағанда еркек тотылар ірі болады. Адамдарға еліктеп сөйлей алады. Тотылар 1000-ға жуық сөздерді жаттай алады. Есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Кейбіреулері сөйлем де құрай алады. Адамнан естіген сөздердің мағынасын түсінбесе де қайталайды. Жалпы тропикалық аймақтарда, табиғи жаңбырлы орманды жерлерде мекендейді. Ұяларын ағаш қуысына, жартастардың жарықтарына салады.
Ғылыми жобада тотықұсының тіршілік әрекеттеріне кеңінен талдау жасалады. Оның көптүрлілігі айтыла отырып, оның бірнеше түріне сипаттама жасалынған. Соның ішінде үй жағдайында тіршілік жасайтын бұйра бас тотықұсының өзіндік ерекшеліктеріне зерттеу жасалынған.
І Кіріспе
Сөйлесе сөзді,
Айтса ауызды,
Тынысы басқа,
Маңдайы қасқа.
/Тоты құс/.
Тотықұстар өте қызықты құстар. Олар иттер не мысықтар сияқты қуануды, ренжуді, ойнауды, қулық жасауды біледі. Олардың өзіндік ерекшеліктері же бар: олар ән салады, сөйлейді. Осы ерекше сипаттарымен олар адамдардың ерте кезден назарын аударған. Сондықтан да адамдар оларды қасиетті деп санаған. Тотықұстар адамдарға ұқсап сөйлегісі келетін жалғыз ғана құс. Алғаш олардың сөйлегені естігенде адамдар таң-тамаша қалған.
Тотықұстар қазірзі уақытта үй жануарларының біріне айналған. Олар кәдімгі үй мүшелерінің біріне айналған.
Осыдан 3 жыл бұрын осындай тотықұстың бірін ата-анам үйге алып келді. Алғашқыда ол тыныш болды, тордың бір шетінде отырып, мұңды көздерімен қарады. Сосын оның жалғызсырағанын байқап қасына тағы біреуін әкеліп қостық. Сонда олардың өмірлері жанданып сала берді. Содан бері мен олардың өмір сүру қалпын қызықтай бастадым. Тотықұстар туралы көптеген сұрақтар туындай бастады:
-
Тотықұстардың қандай түрлері бар?
-
Олар еркіндікте қай жақта өмір сүреді?
-
Оларды қалай күтіп-баптау керек?
-
Не жегенді ұнатады?
Біршама уақыт бірге тұрып жатқасын оларды күтіп-баптау жолдарын біршама біліп алдым, енді сол білгендерімді толықтырып, зерттеу жасауға тырыстым.
Зерттеу мақсатым: Тотықұстардың тіршілігі мен өзіндік ерекшеліктеріне кеңінен зерттеу жүргізу. Үй жағдайында тотықұсты өсірудің қыр-сырын терең танып-білу.
Міндеттері:
- әдебиеттерді оқи отырып, тотықұстар туралы кеңінен танып білу;
- тотықұс түрлерімен танысу;
- олардың тіршілік әрекетімен, өмір сүру қалпын зерттеп білу;
- үй жағдайында тотықұстардың жағдайын жасау жолдары мен ережелерін танып білу;
- өз тотықұсымның қимыл, іс-рекетіне бақылау жасау;
- тотықұс тіршілігін салыстырып көру;
- бақылау нтижелерін басқаларға таныстыру;
- бақылау нәтижелеріне талдау жасау;
- тамақтануға кететін шығынды өлшеу;
Болжам: үй жағдайында тотықұсты асырау барысында оларға жақсы жағдай жасағанда олардың адамдарға деген қарым-қатынасы және сүйіспеншілігі арта түспек.
Зерттеу әдістері:
-
әдебиеттерге зерттеу және талдау жасау;
-
үй жағдайында құстарға бақылау жасау;
-
мінез-құлықтарына салыстырма жасау;
-
тәжірибе жасау;
-
суретке түсіру.
Зерттеу пәні: амадеус тотықұсы
Зерттеу объектісі: амадеус тотықұсын үйде ұстау.
Зерттеу орны - Астана қаласы, үй жағдайында.
Зерттеу жүргізу мерзімі - 2015 жылдың қазан айынан 2016 жылдың сәуір айы.
ІІ Негізгі бөлім
-
1 Тотықұстар тіршілігі мен өмір сүру ерекшеліктері
Тылсымға толы мына әлемде адамның атқаратын функцияларын жарыса жасайтын тіршілік иелері жоқ емес. Солардың бірі - тотықұстар. Адамша сөйлеп, адамша сайрайтын бұл құстардың өмірі ерекшелікке толы.
Еуропада тотықұстар туралы алғаш рет Александр Македонский жорықтарының арқасында білген. Оларды Грецияға Үндістаннан оралған қолбасшы Онезикрит қолға үйретіп әкелген. Үндістандық Браминдер тотықұстарды адамша "сөйлей алатыны" үшін киелі құс есептеген. Содан соң тотықұстар Римде де пайда болды. Неронның кезінде тек қана үндістандық құстар белгілі болатын, одан соң құстар Африкадан да алып келіне бастады. Ресейде тотықұстар XVII ғасырда пайда болған. XIX ғасыр аяғында Еуропада, кейін әлемде кең танымал болған толқынды тотықұс пайда болған.
Жануарлардың ішіндегі ең ақылды құс. Дене тұрқы 9,5 см - 1 м. Қауырсындары ашық қанық (жасыл, оның қызыл және көк түстермен үйлесімі, кейде қара немесе сұр) түсті болады. Мойны қысқа, басы үлкен, тұмсығы мықты, қатты жемісті жара алады. Ең кішкентай тоқылдақ тәрізді тотылардың дене тұрқы 8 см, ең үлкен нағыз тотылардың дене тұрқы 1 метр. Жалпы ұрғашыларына қарағанда еркек тотылар ірі болады. Адамдарға еліктеп сөйлей алады. Тотылар 1000-ға жуық сөздерді жаттай алады. Есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Кейбіреулері сөйлем де құрай алады. Адамнан естіген сөздердің мағынасын түсінбесе де қайталайды. Жалпы тропикалық аймақтарда, табиғи жаңбырлы орманды жерлерде мекендейді. Ұяларын ағаш қуысына, жартастардың жарықтарына салады.
Тотытәрізділер қолға тез үйренеді, сондықтан оларды көп жағдайда экзотикалық құс ретінде үйде, торда ұстайды.
Тоты құстар 350-ге жуық түрлерімен дүние жүзінде ең көп таралған құстардың бірі. Өмір жастары да ұзақ. 70 жыл өмір сүреді. Ұзақ жыл өмір сүріп, адамдармен де жақсы қарым-қатынас құра алады. Жалпы тропикалық аймақтарда, табиғи жаңбырлы орманды жерлерде мекендейді. Алайда, кейбір түрлері дүниенің барлық өлкесінде тордың ішінде де өмір сүре алады.
Оларды тану өте оңай. Ашық қанық түсті қауырсындар мен имек тұмсықтары арқылы бірден көзге түседі. Бастары үлкен, мойны қысқа және әр түрлі түрлері бар.
Қандай зат болса да барлығын адам секілді ультракүлгін және түрлі-түсті шоғырда көреді. Тетрахроматик. Ең негізгі түстері - қызыл, жасыл, көк, ультракүлгін. Көру жүйесі адамнан бірнеше есе мықты дамыған. Шалғайда орналасқан затты оп-оңай көреді. Заттың алыс-жақындығына байланысты көзін икемдей алады.
Ұзақ ғұмырға ие тотықұстардың өмірі кейде 50-60 жылға, кейде 100 жасқа да созылады. Ажалы ерте келген тотықұстардың өзі 20-25 жасты бағындырып кетеді.
-
2 Тотықұстардың түрлері
Әлемде тотықұстардың 350-ден аса түрі кездеседі. Бірақ қазіргі таңда олардың үштен бірі жоғалу қаупінде тұр.
Бүгінгі таңда бұл құстардың 72 түрі мен 147 түршесі Халықаралық табиғат пен табиғат ресурстарын қорғау кеңесінің «Қызыл кітабына» еніп үлгерген.
Олар негізінен үш топқа бөлінеді: тозаң, жеміс шырындарымен қоректенетін етті тілінде өте жіңішке қылшықтардан тұратын щеткасы бар лорилер, төбесінде айдары бар, қысқа тілді какадулар, қасық ұшты, етті тілді паракиттер. Ең кішкентай тоқылдақ тәрізді тотылардың дене тұрқы 8 см, ең үлкен нағыз тотылардың дене тұрқы 1 метр. Жалпы ұрғашыларға қарағанда еркек тотылар ірі болады. Оларды өзге құстардан ажыратып тұратын ең басты ерекше қасиет - адамдарға еліктеп сөйлеу. Арасындағы ең жақсы сөйлейтіні - жако (сұр) тотысы. Жалпы қораздарда мекендерге қарағанда жақсы сөйлейді. Африканың сұр тотысы ретінде танылған жако тотысы ең зерек тоты болып табылады. Қанаттары өзге де құстардан қысқа болса да Жаңа зеландия тотысынан басқалары жақсы ұшады. Жалпы жұп болып немесе топ болып ұшады.
</ Какаду деген түрі мыңдаған тотылармен бірге топ болып саяхат етеді. Қоректенгенде және дем алған кезде өте жуас. Жалпы көшпелі құс емес. Бірақ құрғақ өлкелерде мекендейтін кейбір тотылар жаңбырлы жерлерге көшу үшін қысқа сапар жасайды. Айрықша жақсы тырмаланушы құстар. Алдыңғы саусақтарының жіліншіктері қысқа әрі мықты, аяқатарының 2, 3-саусақтары алға және 1, 4-саусақтары артқа қараған. Тырмаланып шыққанда тұмсықтарын да үшінші аяқ ретінде қолдана алады.
Жасылқанатты ара (басқа атауы - қызыл-жасыл ара). Ұзындығы 95 см-ге дейін жетеді
Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.
Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты
арқылы ала аласыз!
9