7


  • Учителю
  • Теңдеулерді шешу амалдары сабақ жоспары

Теңдеулерді шешу амалдары сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Сабақтың жоспары

Поурочный план

The plan of the lesson

Күні/Дата/Date:04.03.2016

Сынып/Класс/Class: 4 «Ә»

Пән/Предмет/ Subject:Математика

Сабақтың тақырыбы / Тема занятия/Theme: «Теңдеулер және оларды шешу тәсілдері»

Сабақтың түрі/Вид занятия/Kind of the lesson:Жаңа сабақ

Сабақтың үлгісі / Тип занятия/Type of the lesson:

Мақсаты/Цели занятия/Objectives:

Білімдік / образовательная/educational: Теңдеулер және оларды шешу тәсілдері туралы білім беру,дұрыс оқуын және жазуын үйрету,теңдеулер жайлы біліктерді жалпылау және жүйелеу.

Дамытушылық/развивающая/ developing:Оқушылардың байқампаздығын,ойлау шеберлігін,есептеу дағдыларын жаттығулар арқылы дамыту, теңдеулерді шешу қасиеттеріне байланысты есептерді шығару біліктерін бекіту,логикалық тапсырмалар арқылы ойын дамыту.

Тәрбиелік/воспитательная / bringing-up:логикалық тапсырма арқылы ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,тақтамен жұмыс арқылы ұқыпты таза болуға үйрету.

Көрнекі құралдар/ Оборудование/Resources: қима қағаздар, презентация,суреттер,4 сынып математика оқулығы «Атамұра» баспасы,сиқырлы сандықшалар.

Сабақ барысы/ход урока/course of the lesson

І.Ұйымдастыру кезең.(3 минут)

ІІ. Негізгі кезең. (26 минут)

IІІ.Сергіту сәті.(3 минут)

ІV.Негізгі кезеңді бекіту.(10 минут)

V.Қорытынды.(2 минут)

VІ.Бағалау.(1 минут)

Сабақ барысы/ход урока/course of the lesson

І.Ұйымдастыру кезең.(3 минут)

Қатар-қатар тізіліп,

Оқушыға лайық

Қолымызды жіберіп,

Түп-түзу боп тұрайық.

Жақсы оқып сабақты

Әдеп сақтау сәніміз

Отыруға нақпа-нақ

Дайындалдық бәріміз

1-қатар жай отыр,

2-қатар тез отыр,

3-қатар сен де отыр.

Сабақ бастар кез боп тұр.



Амандасу.

-Қайырлы күн оқушылар!Добрый день дети!Good morning!Қалдарың қалай?Как дела у вас?How are you?

-Бүгінгі сабаққа дайынсыңдар ма?Балалар бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр.

Олай болса,бүгінгі сабаққа барлығымыз белсенді қатысып,өзімізді сабақта жақсы көрсетейік.

ІІ.Негізгі кезең. (26 минут)











- Балалар, бүгін біздің сабағымыз басқа күндерден ерекше болмақ. Бұл сабақта сиқырлы сандықшалардағы тапсырмаларды орындайтын боламыз. Әр дұрыс орындалған тапсырмаға суреттің қиындылары беріледі.Сабақ соңында осы қиындылардан белгілі бір сурет шығады. Осы суретке қол жеткізу үшін бірігіп жұмыс істеуіміз керек.

Ал енді сабақ ережелерін еске түсірейік.

Ережелер:

1.Қол көтеріп жауап беру.

2.Бір-біріміздің сөзімізді бөлмеу.

3.Тапсырмаларды орындауда шапшаң болу.

4.Белсенділік таныту.

Белсенді болған балаларға мен сандықшаның ішінде болатын асыл тастарды беремін.

-Жарайсыңдар,балалар,енді біздің сабағымыздың тақырыбын табу үшін ми гимнастикасын жасаймыз.Ми гимнастикасындағы тапсырмаларды орындау арқылы сіздерге тақырыбымыздың аты беріледі.

Ми гимнастикасы.

1.854+34=888 (Теңдеулер)

2.жаңа күннің атуы-жаңа күннің шығуы (және)

3.Біздің сыныптағы оқушылар саныннан 15-ті азайтқанда қанша болады? 15 (оларды)

4.Математика сөзі ағылшын тілінде қалай болады? Mathematics(шешу)

5.Мен бір сан ойладым. Оны 19-ға арттырып, нәтежиесін 3есе кеміттім. Сонда 10 шықты. Мен қандай сан ойладым? (11)(тәсілдері)

-Жарасыңдар,балалар,сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Теңдеулер және оларды шешу тәсілдері».

Нені білу керек?Теңдеулер және оларды шешу тәсілдерін.

Нені қолданады?Теңдеуді шешу ережелерін ,амалдарды орындау алгоритмін қолдану.

Барлықтарыңа іске сәт!

1-тапсырма. (Кітаппен жұмыс)

-Бізге берілген тапсырма 65 беттегі № 3-ші есепке назар аударайық.

Теңдеу дегеніміз құрамында мәнін табу керек болатын әрпі бар теңдік. Теңдеуді шешу дегеніміз оның барлық түбірлерін табу немесе оның бірден- бір түбірі болмайтынына көз жеткізу. Теңдеуді тура санды теңдікке айналдыратын әріптің мәні теңдедің түбірі деп аталады.

  • Мысалы, 7x+5=26 -теңдеу

  • x=3

  • 3- саны теңдеудің түбірі.

-Жарайсыңдар, сандықшаны ашып ,суреттің қиындысы беріледі, өте жақсы!

2-тапсырма. (Тақтамен жұмыс)

258 бет № 2-ші есеп.

Берілгені:



5*х=7+28

63-x=100:5

x+10=56:4

x-86=43*2

18:x=81:9

x*12=15*









-Бәрекелді,екінші сандықшаны ашып,суреттің келесі қиындысын алдық!

-Ал осы фигура бізді қоршайтын қандай заттарға ұқсас?



IІІ.Сергіту сәті.(3 минут)

-Жарайсыңдар,балалар! Шаршадыңдар ма?Олай болса,кішкене сергіп алайық!

-Бәрекелді,олай болса,барлықтарымыз маған назар аударамыз,меннің атымнан қайталандар!



ІV.Негізгі кезеңді бекіту.(10 минут)

3-тапсырмасы.(Тақтамен жұмыс)

259 бет № 6-шы есеп.Теңдеу құр және оны шеш:

Берілгені:

А)Мұғалімнің ойлаған санына 1242-ні қосқанда 3130 шықты.Мұғалімнің ойлаған санын тап.

Ә) Мұғалімнің ойлаған санынан 3412-ні азайтқанда 7148 қалды.Мұғалімнің ойлаған санын тап.

Б) Мұғалімнің ойлаған санын 75-ке көбейткенде 675 шықты.Мұғалімнің ойлаған санын тап.

В) Мұғалімнің ойлаған санын 17-ге бөлгенде 340 шықты.Мұғалімнің ойлаған санын тап.

</ - Өте жақсы ,білімді екенсіздер балалар,тапсырманы орындап,сандықшаны ашып,суреттің бір бөлігін таптық.

4-тапсырма.(Логикалық тапсырмалар)

1.Көзді жұмып нені көруге болады?

Жауабы: түсті

2.Саны мен әріп санының бір-бірімен сәйкес келетін екі санды атаңыз.

Жауабы: жүз (100) және миллион (1000000)

3.Жаңа тақтайша Бір қалада 100 үйден тұратын жаңа аудан салынды. Тақтайша жасау шеберлері тақтайшаларды дайындап, 1-ден 100-ге дейін жазылған тақтайшалардан бір қорап келді. 9 саны кездесетін барлық тақтайшалар нешеу? (9 және 6 сандары әртүрлі сандар )

Жауабы: Дұрыс жауап- 20 тоғыздық. 9,19,29,39,49,59,69,79,89,90,91,92,93,94,95,96,97,98,99

-Жарайсыңдар,балалар,дұрыс жауап беру арқылы сендер соңғы сандықшаны ашып,суреттің соңғы қиындысын алдыңдар!

V.Қорытынды.(2 минут)Рефлексия.(Сұрақ-жауап әдісі)

Сонымен,оқушылар,қандай сурет шықты? (Қостанай қаласындағы Қазақ-Француз орталығы)

- Бүгінгі сабақта қандай жаңа мәліметтер алдық?

-Теңдеу дегеніміз не?

- Теңдеулердің шешу тәсілдері қандай?

VI.Бағалау.(1 минут)(Үлестірмелі қағаз бойынша,белсенділіктеріне байланысты )

-Сабаққа қатысқандарың үшін рахмет.Сау болыңдар!

Мұғалімнің қолы_________



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал