7


  • Учителю
  • Классный час Нұрлы Отанымыз-Тәуелсіз Қазақстан

Классный час Нұрлы Отанымыз-Тәуелсіз Қазақстан

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Нұрлы Отанымыз-Тәуелсіз Қазақстан

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ел тарихын қаншалықты білетіндіктерін тексеру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету, сөйлеу тілін, ой жүйелеу шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке, ел тарихы мен мәдениетін, салт - дәстүрін ұмытпай, қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: қима қағаздар,флипчарттар,қалам,маркерлер

Сабақтың барысы:

1.Психологиялық дайындық

Оқушылар өзорындарында тұрады.

Мұғалім:

-Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Себебі,бүгін бізге қонақтар келді. Біз қонақтарға өзімізді жақсы жағымыздан көрсете білуіміз керек.

Олай болса,күніміз сәтті өтсің деп күнді ілейін.









-Ал,бізге жылу шашатын не?

-Күннің сәулесі

2.Топқа бөлу

-Олай болса,менің қолымдағы күннің сәулесін бір-бірлеп ала қойындар

(Бір-екі бала күннің сәулесін жапсырады) Оқушылар орындарына отырады

Ал, 1 топ, сендер айта қойындаршы топтарынның аты қалай аталады екен?

-Бейбітшілік

-Бейбітшілік деген не? Ал,бейбітшілік сөзінің орысша және ағылшынша аудармасын білесіңдер ма?

1.топ: Бейбітшілік- мир-Peace( пис)

-Ал,екінші топ сендер өз атауларын туралы не айтасыңдар? Орысша және ағылшынша аудармасын білесіңдер ма?

2.Бақыт-счастье-Happy (хэппи)

-3 топ кезек сендерде...

3.Достық-дружба-Friendship (фриендшип)

-Жақсы,рахмет

-Міне,балалар біз бейбітшілік,бақытты,достықты өзімізге жалау еткен ұлы қазақ еліміз. Бүгінгі сынып сағатымызда осы тақырыпта болмақшы.

-Ал,енді: Нұрлы Отанымыз-Тәуелсіз Қазақстан-атты сынып сағатымызды бастайық

Балалар,бүгін сендер Қазақстан туралы білетіндерінді қайталап ортаға саласыңдар. Ол үшін мен сендерді саяхатқа шақырмақпын.

-Балалар,саяхатқа немен шығуға болады?

-ұшақпен,жаяу т.б.

-Балалар,біз бүгін саяхатқа қайықпен шығамыз.Алдымен қайығымызға ат қойып алайық. Қазақстанға саяхатқа баратын болғандықтан «Қазақстан» деп қоялық

-Ал,қайыққа жүзу үшін не керек?

-Толқын

-Қайығымыз көздеген жерімізге еш кедергісіз жету үшін,мына толқындарға тілегімізді жазайық









-Ал,қайғымыз енді жүзе ме?

-жоқ

-Неге? Не керек?

-Желкен

-Желкеніміз жақсы ашылу үшін сендердің көмектерін керек. Ол үшін сендер Қазақстан туралы білетіндерінді мына кестеге сұрақ ретінде жазып шығасыңдар және өздеріннің қаншалықты білетіндерінді ,сұрақтарға жауап беру арқылы анықтаймыз.

1 кесте : Сандар сөйлейді

2 кесте: Рәміздердің элементтері бойынша

3 кесте: Не күтеміз,тойлаймыз?







3.







</<br>


-Дайын болсақ, ең қиын және барлық топ дұрыс жауап берген сұрақтарды айтып шығайық.

-Міне,желкеніміз де желбіреп шыға келді.

-Балалар,көлде тағы не кезіктіреміз? Қандай құсты?

-Шағала

-Олай болса,осы шағалаға біздің еліміздегі жаңалықтарды жеткізіп тұрсын деп оларға белгілерді байлап жіберейік.

-Ал,енді қайық жүре ма?

-Жоқ

-Неге?

-Капитан керек

-Дұрыс айтасыңдар, қайық капитансыз жүрмейді. Қазақстанда елбасымыз болмаса осындай дәрежеге жетпес еді. Келесі тапсырма, жыл бойы мерекелерде елбасымыз туралы қойған қойылымдарыннан үзінді көрсету.

1 көрініс

Киіз үй іші. Бесік жанында Нұрсұлтанның әжесі мен анасы, әкесі отырады. Әжесі: Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын

Әкесі: Жігіттің сұлтаны болсын деп Нұрсұлтан қоямыз. Сұлтанымызға Алланың Нұры жаусын.

Әкесі баланы көтеріп құлағына 3 рет Нұрсұлтан деп айтады.

2 көрініс

Көрініс: Әжесі, әкесі және бала Нұрсұлтан үшеуі отырады. Әжесі әңгіме айтып отырады.

Әжесі: Ертеде Адам ата мен Хауа ана қателік жасап жұмақтан қуылады

Бала Нұрсұлтан: Әже сосын не болды?

Әжесі: Сөйтіп екеуі жерге түседі. Біз сол Адам ата мен Хауа анадан тарағанбыз.

Бала Нұрсұлтан -сосын

Әжесі: - Менің құлыным үлкен жігіт болып қалыпты ғой, еееее әр қазақ өз жеті атасын жете білу керек. Әбіш, сен балама түсіндірші.

Әбіш: Балам, мені жақсылап тыңдап ал. Біздің сегізінші атамыз Қарасай, Қарасайдан Көшек, Көшектен Айдар, Айдардан Мырзатай, Мырзатайдан Егембай, Егембайдан Назарбай, Назарбайдан Әбіш ал Әбіштен . . .

Әжесі: айналып қана кетейін, ал Әбіштен зарығып күткен мына сені берді.

Осы кезде бала Нұрсұлтан ұшып бара жатқан ұшақты көреді де артынан жүгіре жөнеледі.

Әжесі: Ей, қайда кеттің? Астапралла!

Бала: Алақай, алақай, самолет!

3 көрініс

Таңертеңгі шайдың кезі

Сұлтан: Жеңеше, мен бір керемет түс көрдім.

Анасы: Ол қандай түс, балам?(елең ете қалады)

Сұлтан: Мына Алакөлдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққаным сол, ауыл жаққа қарасам менің класым да, мектебім де, мектептегі балалар да осы Шамалған ауылының бәрі төме-е-ен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шығарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім.

Анасы: Балам сен өте үлкен адам болады екенсің, дәрежең жоғары болады екен, тұз деген жақсы нәрсе Алла тілеуіңді берсін балам. Мансабың жоғары, өрің терең, несібең аса мол, еңсең биік болады екен.

Мұғалім:

-Міне ,балалар, Елбасымыз анасынан бата алып осындай жетістікке жетіп отыр. Сендерде ата-аналарынның алғысына ие болуға талпынуларын керек. Ата-ана өмірдегі ең қымбат жандар. Сонымен қатар, Елбасымыз жас кезіңде мүлдем президент болуды армандамаған екен.Бірақ,қазыр Қазақстан атты үлкен елді басқаруда. Кім біледі,мүмкін сендердің де араларында болашақ президент отырған шығар...

-Елбасымыз айтқандай,болашақ жас ұрпақтын қолында. Ал,сендер Қазақстанның көркеюіне қандай үлес қосасыңдар? Мына «Қазақстан» атты қайғымыз одан әрі талмай жүзу үшін не істейсіңдер?

-Оны білу үшін мына бейнеге өздеріннің болашақта кім болатындарынды және неге таңдағандарынды жазыңдар.

Рефлексия

-Адамдарды қайыққа отырғызу

Әнұран орындау

Мұғалім: Бүгінгі сынып сағатымызды Қазақстан болашағы мына сендердің қолдарында деген сөзбен аяқтағым келіп отыр. Сау болыңыздар











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал