7


Сабақ: Ақ боран 4-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ақ боран. Ж.Жұмаханов. Сыныбы: 4

Сабақтың мақсаты:

1. Әңгіме мазмұнын ашу, негізгі кейіпкерді айқындата отырып, идеялық мазмұнын түсіндіру;

2. Сөздік қорын дамыту, ойын тыңдау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;

3. Адам еңбегін бағалай білуге, табиғатты тани түсуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: автор портреті,сызба, кеспе сөздер, суреттер

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап,көрнекілік,салыстыру.

Сабақ барысы:І .Ұйымдастыру.

С Ә С С Д С Е Б С С И С Е Т

Қайталанып келген әріптерді алып тастасақ сөз шығады.-Ол қандай сөз?-Әдебиет.

-Балалар, қазір қай ай? - Қаңтар айы.

-Қаңтар айы жылдың қай мезгіліне жатады? Қыс мезгіліне жатады.

-Қыста ауа райы қандай болады? Қыста күн суық,қар жауады,аяз болады,боран соғады,күн шығып тұрады.

-Сен осы мезгілде қандай ауа- райын қалайсың? Не үшін қалайсың

ІІ.Үй тапсырмасы:

1.Т.Айбергеновтің «Аппақ қыс» өлеңін мәнерлеп оқу.

2.Өлең мазмұнын қара сөзбен әңгімелету.

3.Сұрақ: -Өлеңде кейіптеу бар ма? -Неге ұқсатады?-Кімге ұқсатады?

4.Көркем сөздерді іздеп тап.

5.Өлеңге талдау жаса.Неше шумақ,неше тармақ,неше буын бар?

-Өлеңнен не туралы білдік?-Қандай ой түйдік?

ІІІ.Жаңа материал: 1.Жұмбақ шешу.

Жолдың шаңын ұшырып,

Ағаштарды жұлқылап.

Бұтақтарды сындырып,

Көрінбей жүр зырқырап. Ол не? / Боран/

-Бұл қай мезгілде болатын құбылыс? -Көбіне қыста болатын құбылыс.

2.Ж.Жұмахановтың «Ақ боран»әңгімесімен танысамыз.

-Ақ боран сөзін естігенде ойыңа не оралады?

3.Оқулықпен жұмыс.

а/Мұғалімнің мәтінді оқуы. Әңгіме арасында әрі қарай не болады деп ойлайсыңдар?-

деп сұрақ қойылады.Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

ә/Оқушылардың тізбектей оқуы.

б/ Түсініксіз сөздермен жұмыс.

в/Мазмұнын сұрау.

г/Сұрақтар:-Қасым қайда оқиды?-Қасымның боранда адаспауына не себеп болды?

4.Қасымға мінездеме.

Табанды

Сергіту сәті: Күн шықты,

Бұлт болды.

Жел болды.

Боран басталды,

Боран басылды.

Аспан шайдай ашылды.

5. «Ойландырар сұрақтар» ойыны.

а/Мәтіннен қыстың суретін беретін жолдарды тауып оқы.

ә/Боранға адамның қимылын бере суреттейтін жолдарды тауып оқы.

б/ Қасымның орнында болсаң не істер едің?

в/Автор бұл әңгімені неге жазды деп ойлайсыңдар?

6.Жеке жұмыс. Қыс белгілерін атайық. Мәтіннен қыс белгілерінің түрлерін іздеп табу,толтыру

Қыс

Боран

Қар

Жел

Аяз

Күн

Қаhарлы

Ақ түтек

ақ

ызғырық

Жапалақ

берік

күртілдек

Ызғырық

Қызыл шұнақ

Ашық

шағырмақ

бұлыңғыр емес

7. Топтастыру.Жылқы жайында не білесің?

8.Халық болжамдары:

Бұлт желге қарсы жөңкісе,қар жауады.

Күзде ағаштың жапырақтары ерте түссе,қыс қатты болады.

Үйрек бір аяғымен тұрып,басын қанатының астына жасырса,аяз болады.

Қыста тауық ерте қонақтаса,күн суытады.

ІV.Қорыту

9.Ойын: «Әдебиет лотос».Әр оқушы сызбаны толтырады.

Авторы

Шығарма аты

Кейіпкер

Оқиғаның негізгі түйіні

Шығармада басты шешімді кім жасады?

Оқиға қалай аяқталды?

Өз ойың

V. Бағалау.

VІ.Үйге тапсырма:

1.Мәтінді оқып,мазмұнын айту.2.Жылқы туралы өлең жазу,сурет салу.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал