- Учителю
- Сабақтың тақырыбы '2-сыныпта өткенді қайталау. Дыбыс және әріп'
Сабақтың тақырыбы '2-сыныпта өткенді қайталау. Дыбыс және әріп'
Пәні: қазақ тілі
Күні:
Тақырыбы: 2-сыныпта өткенді қайталау. Дыбыс және әріп
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сөздерді дұрыс айтып, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру,сөйлеу дағдыларын дамыту; ақыл-ой, адамгершілік тәрбиелеріне баулу, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, сюжетті суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 1. 13-жаттығу тексеру, оқу, талдау.
2. Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болды? Жазбаша сөйлеуді қай кезде қолданады деп ойлайсың? Ауызекі сөйлеуді ше?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Дыбыс және әріп туралы еске түсірейік.
2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Дыбыс дегеніміз не? Әріптің дыбыстан қандай айырмашылығы бар?
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс.
1-жаттығуды оқу, талдау. Сөздерді дыбыс санына қарай топтап жазу.
ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу
2-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқу, соңғы екі жолындағы сөздерге дыбыстық талдау жасау.
3-жаттығу «Адасқан буындар» ойынын өткізу. Оқулықта берілген буындардан ең көп сөз құраған топ жеңеді.
4-жаттығудағы ат әбзелдерін әліпби бойынша тізіп жазу.
5-жаттығу.Сөздерді оқу, мағынасын ашу, кестеге орналастыру.
6-жаттығу Әріптерді топтап жазу.
7-жаттығу ауызша орындалады. в) сергіту жаттығуы.
ҮІ. Бекіту: 8-жаттығу Берілген әріптердің ішінен артық әріпті таңдап алу. Неліктен сол топқа жатпайтындығын дәлелдеу.
ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 9-жаттығу, 13-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау