7


  • Учителю
  • Планирование Мазмұндама жазу ережесі

Планирование Мазмұндама жазу ережесі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



^ Мазмұндама түрлерi және оған қойылатын талаптар



Көркем мәтiндi меңгертуде жиi қолданылатын жазу жұмыстарының бiрi - мазмұндама. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мәтiндi қабылдап, сол қабылғандарын қайта жаңғыртуға тиiс және естерiнде қалған мәлiметтердi өз сөздерiмен жазып беруге дағдыланады, сөз тiркесiн құру, сөйлем құрау шеберлiгiне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бiрқатар сөз тiркесi мен сөйлемдер, бейнелi сөздер оқушының есiнде қалады, оқылған мәтiндi қайта жаңғырту үшiн сөздер мен сөйлемдердi бiр-бiрiмен байланыстыруға жаттығады.



Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тiлдiк материалдарды орынды қолдана бiлуге, жазбаша сөйлеудiң ерекшелiгiн, мәтiннiң синтаксистiк құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игi ықпал етедi. Осындай бiлiм дағдыларын қалыптастыруда мазмұндаманың мынандай түрлерiн жүргiзуге болады:



  1. Дайын мәтiн бойынша мазмұндама.



  2. Сурет бойынша мазмұндама.



  3. Аяқталмаған мәтiн бойынша мазмұндама.



    1. Дайын мәтiн бойынша мазмұндама. Дайын мәтiн бойынша мазмұндаманың өзiн бiрнеше түрге бөлуге болады:



  • Мәтiнге жуық немесе толық мазмұндау.



  • Мәтiннiң мазмұнын сақтай отырып, бiрақ баяндалу формасын өзгертiп баяндау.



  • Қысқарта баяндау.



  • Толықтырып мазмұндау.



  • Мәтiнге жуық немесе толық мазмұндау. Мазмұндаманың бұл түрiнде мәтiннiң мазмұны бүтiндей қайталанбағанмен, түгелге жуық меңгерiледi. Мәтiндегi сөз тiркесi, сөйлемдер сөзбе-сөз қайталанбауы мүмкiн, алайда кейбiр жаңа сөздердiң, сөйлемдердiң, көркемдегiш құралдардың оқушы жұмыстарынан орын алуы мүмкiн. Бұл дұрыс па, жоқ әлде бұрыс па? Мұны әр түрлi түсiнуге болады. Бiрiнде оқушы мәтiн мазмұнын терең меңгерiп, ондағы кейбiр сюжеттiң, көрiнiстiң, өзiне ұнаған сөз үйiрiмiнiң бастапқы қалпын сақтағысы келсе, кейбiр оқушы мәiн мазмұнын өз сөзiмен беруге сөз қолданыс, сөйлем құрау дағдыларының қалыптаспауынан шығарма авторын сөзбе-сөз қайталауға келiп соғады. Бiрiншi жағдайда сол жазған мазмұндамасындағы жаңадан игерген сөз қолданыстары оқушының актив лексикасына айналса құба-құп. Ал, өткiншi, тек баға алу үшiн бiр-ақ рет пайдаланып, кейiннен жадынан шығарса, онда алға қойған мақсаттың орындалмағаны.



Мазмұндама жазғанда көркем мәтiндi қаз қалпында қайталауға жол бермеу үшiн белгiлi әдiскер-ғалым С.Тiлешева мұғалiмдердiң мына мәселелердi мазмұны тартымды, оқиға қызғылықты, көркемдiк қуаты жағынан жоғары талапқа сай болуы, мазмұндама жазар алдында мәтiндi оқу, әңгiменi негiзгi бөлiмдерге бөлiп, оған тақырыптар беру, жоспарын жасату, тiлiн талдау, т.б. жұмыстарды орындатқан жағдайда оқушылар мәтiндегi барды қайталау болмай, нағыз шығармашылық жұмысқа айналатынын айтады.



Жазу техникасы: мазмұндама жазылатын мәтiн ең алдымен сыныпта мәнерлеп оқылады. Қандай да болмасын әсерлi шығарма ұсынылған, ол нақышына келтiрiп, дұрыс дауыс ырғағымен оқылмаса, қызығушылық сезiмiн тудыра алмас едi. Өйткенi мазмұндама мәтiндерiн оқушыларға оқып беруде мұғалiмнiң дауыс сазының әсерлi болуының маңызы зор. Сондықтан мазмұндама мәтiнiн оқығанда мұғалiм дауыс ырғағын бiрқалыпты сақтап, өзiнiң дикциясына қатты көңiл бөлгенi жөн. Мәнерлеп оқуда екi түрлi талап қойылады. Олар - физикалық және психикалық. Бiрiншiден, оқыған кезде дұрыс тұру, демдi еркiн және терең алу, дауысты бiрқалыпты сақтау болса, ал екiншiсiне оқудың ритмiн сақтау, сөздi анық айту, бiрқалыпты оқу, пауза жасау, дауыс ырғағын тыныс белгiлерiне сәйкестендiру, т.б. жатады.



Мiне, сондықтан мазмұндама мәтiнiн мұғалiмнiң өзi оқып бергенi жөн. Одан кейiн мазмұны айтылып, мәтiндегi мағынасы түсiнiксiз сөздер мен сөз тiркестерi (фразеологизмдер) түсiндiрiледi. Мазмұндау жоспары түзiледi. Алғашқы кезде мұғалiмнiң көмегiмен, кейiннен оқушылар өз беттерiнше жоспар құрады. Жоспар жазылмақшы мәтiннiң мазмұнына байланысты жай және күрделi болып келедi. Мәтiнге жоспар құру, оның мазмұнын жоспарлап жазу дегенiмiз - мәтiн мазмұнын бөлiм-бөлiмге бөлiп беру деген сөз. Мәтiндi жоспарлау - оқылған шығарманың мазмұнын жүйелеп беру, ондағы оқиғаның, iс-әрекеттiң орындарын алмастырып алмау үшiн қажет. Жоспарлау мәтiндегi әңгiме болып отырған негiзгi мәселенi тани бiлуге баулиды. Мәтiнге жоспар жасау, әдетте, жай жоспар күрделi жоспар жолымен жүзеге асырылады.



  • ^ Мәтiннiң мазмұнын сақтай отырып, баяндау формасын өзгертiп мазмұндау. Мұнда бiрiншi жақта баяндалған мәтiндi үшiншi жақта, өткен шақта құрылған мәтiндi келер шақ формасында өзгерте мазмұндау.



  • ^ Дайын әңгiме бойынша жазылатын мазмұндаманың келесi түрi - ықшамдап мазмұндау. Мазмұндаманың бұл түрiнде берiлген мәтiннiң айтылайын деген негiзгi ойға қатыссыз, қосымша сюжеттер қысқартылып, ең негiзгi, түпкi ойды жазады.



Қысқарта, ықшамдап мазмұндаудың да өзiндiк маңызы бар, өйткенi әңгiмедегi iс-әрекеттердiң негiзгi және қосалқы жақтарын ажырату барысында да шығармашылық сипатқа ие болады. Мәтiндi ықшамдау барысында әңгiмедегi қосымша детальдардан түйiндi ойды даралауға жаттығады, мазмұнды талдай отырып, қажеттi материалды жинақтауға, көп ойды аз сөзбен беруге, пiкiрiн қысқаша баяндауға дағдыланады. Ұсынылып отырған мазмұндаманың бұл түрiн оқушыларды сөздi талғап, таңдап қолдануға, сөйлемдi жинақы құруға, аз сөзбен көп мағына беруге, тiлiн ширатуға септiгiн тигiзедi.



  • ^ Дайын мәтiн бойынша жазылатын мазмұндаманың келесi бiр түрi - толықтырып мазмұндау. Бұл жоғарыда айтылған ықшамдап мазмұндауға керiсiнше берiлген әңгiме мазмұнын толықтырып, кеңейтетiн, ұсынылған ойға тың пiкiрлер, жаңа сюжеттер тапқызу мақсатында жүргiзiледi. Мұнда оқушының шығармашылық қабiлетiн дамыту мақсат етiледi.



Жұмыстың бұл түрiнде бiр әңгiменiң қысқаша мазмұны берiледi. Негiзгi ой ұсынылады. Оқушы өз жанынан берiлген ойды күшейтетiндей детальдар қосып, мәтiндi толықтырады. Жаңа сюжеттер қосып, баяндалған iс-әрекеттi дәлелдей түседi. Мұндай жұмыстар оқушылардың таным процестерiн дамытып, тiлiн ширатады.



Мазмұндаманың бұл түрiн жаздыру мұғалiмге үлкен жауапкершiлiк жүктейдi. Тыңғылықты дайындалуын қажет етедi. Ұстаздардың үнемi есiнде болатын мәселе: оқушыларға ұсынылатын мәтiндер мазмұны олардың күнбе-күн араласып, көрiп-бiлiп жүрген, етене таныс зат, құбылыс оқиға және iс-әрекеттер болғаны жөн. Балалар сонда ғана жұмыс барысында онша қиналмай, тез төселiп кетедi.



^ 2) Сурет бойынша мазмұндама жаздыру. Жұмыстың бұл түрiн жүргiзуде дайын әңгiме бойынша жүргiзiлетiн мазмұндамаға ұқсас жүргiзiледi. Олай дейтiнiмiз мұнда да әңгiме мәтiнiн мұғалiм алдын-ала әзiрлейдi. Бұл жұмыстардың бiр-бiрiнен айырмашылығы сөз болып отырған мазмұндамада даяр мәтiнге қосымша сол оқиға желiсiн ашатын сурет болады. Жұмыс барысында қылқалам туындысын пайдалана отырып мазмұндама жазу оқушылардың сурет мазмұнын түсiнуге, шығармада бейнеленген зат не құбылыстарды бейнелi де көркем сөзбен өрнектеудi үйретедi. Баланың эстетикалық талғамын байытып, шығармашылық қиялына қанат бiтiредi.



Суреттi пайдалана отырып жазылатын мазмұндаманың мынандай түрлерi бар:



а) белгiлi оқиғаға арналған бiр сурет бойынша мазмұндама;



б) бiр оқиға мазмұнын ашатын сюжеттi суреттер арқылы жаздырылатын мазмұндама.



Сурет және сюжеттi суреттер бойынша жаздырылатын мазмұндамаларды түрлендiрiп өтуге мүмкiндiк мол. Атап айтқанда, сюжеттi сурет бойынша өткiзiлетiн мазмұндама мәтiнiндегi қайырымдар мен сөйлемдердiң орындарын ауыстырып берiп, оны суреттiң сюжетiне байланысты түзеттiрiп немесе орны ауыстырылған суреттердi мәтiн мазмұны бойынша жүйеге түсiрiп, түрлерi оқушының ойлауы мен қиялын дамытып, шығармашылық қабiлетiн арттырады.



а) Сурет бойынша мазмұндаманы мына жүйеде жүргiзуге болады:



Алдын-ала дайындалған қыс келбетi бейнеленген суреттi iлiп, сұрақ-жауап тәсiлi бойынша дайындық жұмысы жүргiзiледi.



1. Суретте жылдың қай мезгiлi бейнеленген? Оны немен дәлелдейсiңдер? 2. Су-реттiң алдыңғы жағында кiмдер көрiнедi? Олар не iстеп жүр? 3. Балалардың көңiл-күйлерi қандай? 4. Ауа райы қандай деп ойлайсыңдар? 5. Суретке қандай ат қоямыз? 6. Қандай ой қорытындысын жасаймыз?



Суреттiң мазмұны жоғарыдағы жоспар бойынша талқыланып, сұрақтарға дұрыс берiлген жауаптар iрiктеледi.



Мұғалiм осы сурет бойынша дайындап келген мәтiндi мәнерлеп оқып шығады.



Мұғалiм мзмұндама мәтiнiн оқып болғаннан соң, әрбiр қайырым суретпен салыстырылады. Балаларға мағынасы түсiнiксiз деген сөздер мен сөз тiркестерi синоним сөздер арқылы түсiндiрiледi. Кейбiр сөздердiң орфографиясын есте сақтау қажеттiлiгi ескерiлiп, тақтаға жазылады.



Ұжым болып мазмұндаманың жоспары түзiледi.



Жоспардың үлгiсi:



1. Таңертеңгi табиғат көрiнiсi.



2. Өзен жағасында.



3. Балалардың қыс қызығы.



4. Балалар соққан аққала.



5. Қорытынды.



Мәтiн мазмұнын құрылған жоспар мен суреттi салыстыра отырып бiрнеше оқушы айтып шығады. Мұғалiм қорытынды жасайды. Балалар мазмұндама жазуға кiрiседi.



2. Сюжеттi суреттер арқылы мазмұндама жаздыру. Бұл жұмысты ұйымдастыру үшiн алдын-ала мәтiн дайындайды. Сол әңгiме мазмұнына сай бiрнеше суреттер әзiрлейдi. Нәтижеде мәтiндi негiзгi бөлiктерге бөлуге, баяндалған оқиғаның құрамды бөлшектерiн тануға, ең бастысы - ондағы идеяны тап басуға дағдыланады. Сюжеттi суреттер арқылы мазмұндаманың тағы бiр ерекшелiгi, бiрiншiден, сөзден сурет, екiншiден, суреттен сөз тудыру қабiлетi қалыптасады. Яғни, шәкiрттердегi ойлаудың абстракт-логикалық түрiнiң дамуына игi ықпал етедi.



^ 3) Аяқталмаған мәтiн бойынша мазмұндама жаздырудағы мақсат - оқушыларды өз бетiнше сюжет ойлап, әңгiменi әрi қарай жалғастыра отырып, сәттi шешiм тауып аяқтауға дағдыландыру.



Бұл шығармашылық жұмыс түрiнде мазмұндама мен шығарманың элементтерi кездеседi. Бұрын ылғи дайын мәтiнмен жұмыс iстеп қалыптасқан оқушы алғаш рет өз ойынан әңгiме құрап, өзiндiк ой қорытындысын жасайды. Мұғалiмнiң негiзгi мақсаты - баланы ойлантуға ситуация туғызу. Сол арқылы оның өзiндiк "менiнiң" қабiлетiне қанат бiтiру, қайнар бұлағын ашу. Бала бойындағы "туа бiткен тiлдiк қабiлетiн" ояту. Мұғалiм бұл жұмысты "жеңiлден ауырға қарай жүргiзу" принципi негiзiнде iстейдi.



Алғаш рет оқушыларға ұсынылатын аяқталмаған әңгiменiң оқиға желiсi, сюжетi суреттер арқылы бағыт-бағдар беру негiзiнде жүргiзiледi. Демек, оқушылар аяқталмаған мәтiндi сюжеттi суреттерге және ұжым болып құрылған жоспар негiзiнде жазып шығады. Атап айтқанда:



а) келесi кезеңде аяқталмаған мәтiн, жартылай түзiлген жоспар, әңгiме соңына бағыт-бағдар беретiн сюжеттi суреттер негiзiнде мазмұндама жаздыру;



ә) аяқталмаған мәтiн мен әңгiменiң, сәттi тұжырымдауға сiлтеме жасайтын жоспар негiзiнде мазмұндама жаздыру;



б) соңына дейiн түзiлмеген жоспар мен аяқталмаған мәтiн арқылы мазмұндама жаздыру.



^ Жазба жұмыстарын бағалау өлшемдерi



Мектеп бiтiрушiлердiң сауаттылығын, бiлiмiн бағалау үшiн жүргiзiлетiн бақылау диктанттарындағы сөз саны белгiленген нормаға сәйкес болуы қажет.



^ Бақылау диктантының белгiленген нормасы төмендегiдей:



5-сынып - 90-100 сөз; 6-сынып - 100-110 сөз; 7-сынып - 110-120 сөз; 8-сынып - 120-150 сөз; 9-сынып - 150-170 сөз; 10-сынып - 170-190 сөз; 11-сынып - 190-200 сөз.



Диктант мәтiнiне байланысты мұғалiмдердiң ескеретiндерi:



  1. Қажет болған жағдайда мәтiн мазмұны жөнiнде қысқаша мәлiмет беру.



  2. Сөйлемдердiң құрылысы мен тыныс белгiлерiн, оқылу интонациясын ескеру.



  3. Жай сөйлем, құрмалас сөйлемдердiң қандай түрлерiнiң барын анықтау, ондағы екпiн, тыныс белгiлерiне көңiл бөлу.



  4. Сызықша, тырнақша тәрiздi тыныс белгiлердi қолдану жүйесi.



Егер диктанттың мәтiнiнде дұрыс жазылуы оқушыларға бұрын түсiндiрiлмеген қиын сөздер кездессе, онда олар тақтаға жазылады.



Мұғалiм мәтiндi әуелi мәнерлеп оқып шығады, содан кейiн жеке сөйлемдердi оқып жаздыра бастайды. Соңғы сөйлем жазылып болған соң, диктант мәтiнi толық қайта оқылады. Бұл ретте мәтiн баяу оқылады. Соңында мұғалiмнiң рұқсаты бойынша оқушылар өз жұмыстарын қосымша тексере алады. Диктант мәтiнiн таза қағазға көшiруге рқұсат етiлмейдi.



Бақылау диктанттарын бағалауда орфографиялық және тыныс белгiлiк қателерi жеке-жеке есептеледi де жалпы бiр баға қойылады.





^ Диктантты бағалау төмендегi өлшемдерге негiзделедi:



"5" деген баға еш қатесi жоқ немесе орфографиялық жеңiл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгiсiнен жеңiл 1 қатесi бар (0/1) диктанттарға қойылады.



"^ 4" деген баға емледен 3, тыныс белгiсiнен 3 қатесi бар (3/3), немесе емледен 2, тыныс белгiсiнен 4 қатесi бар (2/4) немесе емледен 1, тыныс белгiсiнен 5 қатесi бар (1/5) диктанттарға қойылады.



"^ 3" деген баға емледен 6, тыныс белгiсiнен 5 қатесi бар (6/5), немесе емледен 5, тыныс белгiсiнен 6 қатесi бар (5/6), немесе емледен 3, тыныс белгiсiнен 8 қатесi бар (3/8) диктанттарға қойылады.



"^ 2" деген баға емледен 9, тыныс белгiсiнен 5 қатесi бар (9/5), немесе емледен 8, тыныс белгiсiнен 9 қатесi бар (8/9) диктанттарға қойылады.



"1" деген баға қате саны "2" деге бағаға көрсетiлген мөлшерден асып кеткен диктантқа қойылады.



Мазмұндама - оқушының өз ана тiлi мен әдебиетiнен алған бiлiмiн тексерудiң негiзгi нысандарының бiрi. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жүйелi баяндай бiлу қабiлетi мен тiл байлығы, сауаттылық деңгейi айқын көрiнедi.





^ Мазмұндама мәтiнiнiң көлемi төмендегiдей болады:



5-сынып - 100-150 сөз; 6-сынып - 150-200 сөз; 7-сынып - 200-250 сөз; 8-сынып - 250-300 сөз; 9-сынып - 300-350 сөз; 10-сынып - 350-400 сөз; 11-сынып - 400-450 сөз.



Мазмұндаманы бағалауда оқушы жұмысының мәтiн мазмұны мен негiзгi ойға сәйкестiгi, тақырыпың толық ашылуы, бяндау жүйесi ескерiлiп, сөздiк қорының деңгейiне, сөйлем құрылысына, мәтiннiң стильдiк бiртектiлiгiне, тiл шеберлiгiне назар аударылады.



Мазмұндама мен шығармаға екi баға: бiрiншiсi жұмыстың мазмұны мен көркемдiк сапасы, тiл шұрайлылығы үшiн, ал екiншiсi грамматикалық сауаттылығы үшiн қойылады.



Шығарма - оқушының туған халқының әдебиетiнен алған бiлiмiн өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркiн ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегi. Оқушыдан көркем шығарманы өзiндiк ой-пiкiрi, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлi, көркем тiлмен жүйелi баяндауы талап етiледi.



Оқушы шығармасының құрылысы: тақырып, жоспар, эпиграф (мүмкiндiгiне қарай, мiндеттi емес), кiрiспе, негiзгi бөлiм, қорытынды, сонымен бiрге материалды баяндау әдiсi мен оның реттi жүйесi сияқты мәселелерден тұрады.





^ Шығарма жазуға қойылатын негiзгi талаптар:



  1. Тақырыпты оқушының өз ойы және сөзi арқылы (оқулықтан көшiрмей) толық аша бiлуi.



  2. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.



  3. Артық баяндау, қажетсiз дәлелдемелер мен көпсөздiлiкке жол бермеу.



  4. Шығармада сөз болған жайды оқушының өзi ғана емес, басқаларға да түсiнiктi болатындай орамды тiлмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндауы.



  5. Шығарманың барлық бөлiмдерiнiң бiр-бiрiмен тақырып, негiзгi ой арқылы шебер байланысуы.



  6. Шығарманың кiрiспе мен қорытынды бөлiмдерi қоса алғанда тұтас жұмыстың 1/4 бөлiгiндей болуы қажет.



  7. Мiндеттi түрде жоспар болуы және шығарма мазмұнын жоспарға сай рет-ретiмен жүйелi баяндауы қажет. Жоспар болмауы себептi шығарманың бағасы кемiтiлуi мүмкiн.



  8. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиiстi қорытынды жасау.



  9. Оқушының өз шығармасында әр түрлi көркем шығарма кейiпкерлерiн салыстыра отырып, орынды жерде дәйексөз келтiруi, ауыз әдебиетi үлгiлерiнен, сын мақалалардан, әдебиеттану еңбектерiнен өте шағын үзiндiлердi қисынымен қолдану жоғары бағаланады, оның терең бiлiмiн танытады.



  10. Шығармада қолданылған дәйексөздiң қайдан алынғандығы айқын көрсетiлуi және ол оқушының ойын қайталамай, оны дәлелдеуi, жалғасты-руы қажет.



  11. Шығармада жазушының өмiрбаянына, әдеби шығарманың жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейiпкерлерге қатысты қателiктер жiберiлмеуi керек.



  12. Оқушының жұмысы стильдiк бiртектiлiгi мен тiл шеберлiгiне қарай (сөздiк қоры, сөйлем құрылысы, материалды берудегi көрiктi ой, көркем тiлi, тiлiнiң образдылығы, ой сергектiгi, сезiмталдығы) бағаланады.





^ Шығарма көлемi мен уақыты төмендегiдей болады:



5-сынып - 0,5-1бет; 6-сынып - 1-1,5 бет; 7-сынып - 1,5-2 бет; 8-сынып - 2-3 бет; 9-сынып - 3-4 бет; 10-сынып - 4-6 бет; 11-сынып - 6-8 бет (оқушы дәптерiнiң бетi).



Сыныпта жазылатын шығармаға сабақ кестесiнен қатарынан екi сағат берiледi. Бiтiру емтиханында - 6 сағат.



Шығарманың бағалануы туралы



Оқушы шығармасын тексеру, бағалау мәселесiн негiзiнен төрт салаға бөлiп қарайды:



1. Мазмұндылығы мен идеялылығы.



2. Ой-пiкiрдiң жүйелiлiгi.



3. Стилi.



4. Грамматикалық сауаттылығы.



Бұлардың қай-қайсысы да оқушы бiлiмiн бағалауда маңзы. Шамамен алғанда, шығарманың идеялылығы мен мазмұндылығына оқушының тақырыпты қалай ашқандығы, қамтылған мәселенiң дұрыстығы мен бұрыстығы, дәлелдiгi, негiзгi ойды жеткiзе алуы жатады. Пiкiр жүйелiлiгiне шығарманың жоспарға сәйкестiгi, әрбiр бөлiмнiң мөлшерi мен ой жүйесi, пiкiр ұтымдылығы, т.б. енедi. Тақырыпты ашуға байланысты ойын қалай жеткiзгендiгi, сөйлемдерiнiң оралымдылығы, сөз қолданысы, бiр сөздi бiрнеше рет қайталамауы, дәйексөздi қолдана бiлуi, сөйлемдi ұрыс құруы сияқты мәселелер стильге жатады. Ал емле, тыныс белгiлерiне байланысты жайлар грамматикалық сауаттылық тұрғысынан қаралады.



Әдебиет бойынша



"5" деген баға:



1. әдеби материалды терең ұғынып, өте жақсы түсiнсе, оны тақырыпты ашу үшiн дұрыс қолдана бiлсе;



2. тақырыпқа толық әрi нақты жауап берсе;



3. мәселенi өзiндiк ой-пiкiр тұрғысында дұрыс талдай бiлсе;



4. ойын жүйелi желiмен жаза бiлсе;



5. тiлi бай әрi әдеби тiл нормаларына сай болса;



6. шығарма құрылысы ой жүйесiне сай шебер қиысып келсе, стиль бiрлiгi сақталса;



7. фактiлiк қателер болмаса, сөздi орынды қолдана бiлсе;



8.қорытынды пiкiрi орынды, тиянақты болса.



Мазмұнында 1, тiлiнде 1 елеусiз қате болуы мүмкiн.



"4" деген баға:



1. жұмыс мазмұны негiзiнен тақырыпқа сай болса;



2. әдеби тiлмен жазса, бiрақ ойын баяндауда бiрен-саран дәлсiздiктер жiберсе;



3. қажеттi қорытындылар мен түйiндеулерiн дұрыс жасай алса;



4. ой жүйесiнiң шамалы бұзылуы байқалса;



5. стиль бiрлiгi сақталған, сөйлем құрылысы алуан түрлi, бай болса.



Мазмұнында 2, тiлiнде 2-3 кемшiлiк болуы мүмкiн.



"3" деген баға:



1. тақырыптан айтарлықтай ауытқыған болса;



2. материалды баяндау негiзiнен дұрыс, бiрақ жекелеген фактiлiк дәлсiздiктер кездессе,



3. баяндау желiсi аздап бұзылса;



4. сөздiк қоры жұтаң, сөйлем құрылысы бiр үлгiде, бiркелкi болса, сөздi орнымен қолдана алмаса;



5. стиль бiрлiгi сақталмаса, тiлi солғын болса.



Мазмұнында 4, тiлiнде 5 кемшiлiк кездесуi мүмкiн.



"2" деген баға:



1. жұмыс тақырыпқа сай келмесе;



2. көптеген фактiлер бұрмаланса;



3. шығарманың барлық бөлiмдерiнде баяндау жүйесi бұзылса, жоспарға сәйкес келмесе;



4. сөздiк қоры өте жұтаң, сөйлемдерi қысқа, бiркелкi, өзара байланыспаса, сөздi орнымен қолданбау жиi кездессе;



5. стильдiк бiркелкiлiк сақталмаса.



Мазмұнында 6, тiлiнде 7 кемшiлiк болуы мүмкiн.



"1" деген баға:



1. тақырыпты мүлдем ашып жаза алмаса;



2. мазмұнында 7 және тiлiнде 7-ден артық кемшiлiктер кездессе.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал