7


  • Учителю
  • Ақ бұзау. Жуан дауыстылар Сауат ашу 1 класс

Ақ бұзау. Жуан дауыстылар Сауат ашу 1 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Жуан дауыстылар туралы түсінік беру.Сөйлем ішінен жуан дауыстыларды таба білуге үйрету.Төрт түлік туралы мағлұмат беру арқылы,малдардың адам өміріне пайдасын ұғындыру. Дамытушылығы: Оқушылардың еркін сөйлеуін,мәнерлеп оқуын,көркем жазу
предварительный просмотр материала

Макуова Нуршат Аманкосовна

Ақтөбе облысы

Ақтөбе қаласы

«Сымбат» жеке мектебі

Ісанатты мұғалім


Сабақтың тақырыбы: Ақ бұзау.Жуан дауыстылар

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Жуан дауыстылар туралы түсінік беру.Сөйлем ішінен жуан

дауыстыларды таба білуге үйрету.Төрт түлік туралы

мағлұмат беру арқылы,малдардың адам өміріне пайдасын

ұғындыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың еркін сөйлеуін,мәнерлеп оқуын,көркем жазу

дағдысын қалыптастыру.Өз ойын анық жеткізу,шығармашылық

қабілетін дамыту,сөздік қорын молайту.

Тәрбиелілігі: Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.

Шапшаңдыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,ой қозғау.

Көрнекілігі: суреттер,сөздер жазылған парақшалар,кеспе әріптер,

көшпелі тақта,үнтаспа,т.б.

Түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Тақпақ айтқызу арқылы оқушылардың сабаққа назарын аудару.

«Қайырлы күн» деп айтамыз,

Түсте бірге қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

-Балалар біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?

-Төрт түлік.Дауысты және дауыссыз дыбыс әріптері.

-Төрт түлікке нелер жатады?

-Қой,ешкі,түйе,сиыр,жылқы.

«Боз бие» өлеңін оқу.

Сауалнама жүргізу

- Оқушылар берілген сұрақтардың дұрыс жауабын шаблондар

арқылы көрсетеді.

1.Дауысты дыбыстар қатарын тап:

а) б,в,г

+ ә) а,ә,е

2. «К» қандай дыбыс?

+ а) дауыссыз

ә) дауысты

3. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

а) 40 әріп

+ ә) 42 әріп

ІІІ.Үй тапсырмасын қорыту

-Төрт түлік мал иелерін сұрау

Шопаната,Зеңгібаба,Қамбарата,Ойсылқара,Сексеката.

-Дауысты дыбыс әріптеріне нелер жатады?

а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,и,(у),ю,я,ё,э.

-Дауыссыз дыбыс әріптеріне нелер жатады?

б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,(у).


ІY.Жаңа сабақ Ана тілі

Жұмбақ

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Сыртылдаған тұяғы бар,

Бір желпуіш сияғы бар. (Сиыр)

Сиыр төлін қалай атаймыз? -бұзау

- Ендеше, балалар біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы

«Ақ бұзау» деп аталады.

Y.Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы «Ақ бұзау» өлеңін үнтаспадан тыңдау.

Өлең не туралы? -бұзау

Оқулықтағы суретпен жұмыс

  • Суретте кімді көріп тұрсыңдар?

  • Баланы

  • Баланың жанында не бар?

  • Бұзау

  • Бұзау ненің төлі?

  • Сиырдың төлі

Сурет бойынша шағын әңгіме құрау.

- Өлеңді жазған балалар ақыны Жақан Смақов.Ақынның өлеңдері өте

көп.Алдағы уақытта оқулықтан,газет-журналдардан оқып танысазсыздар.

-Оқулықтан өлеңді тұтас бір-екі балаға оқыту.

YІ.Сергіту сәті

Ұста қолды алдыңа,қайшылашы беріліп,

Ұста қолды жаныңа, кеудең тұрсын керіліп.

Бүйір таяп оң қолмен,көтер қанат сол жаққа,

Бүйір таяп сол қолмен, көтер қанат оң жаққа.

-Жарайсыздар балалар!

YІІ.Түсіндірме жұмыс Қазақ тілі

Ақ бұзау сөзіне дыбыстық талдау жасау

- Бұзау сөзін буынға бөлу-сөзде қанша дауысты дыбыс болса,сонша

буын болады-2буын (Бұ-зау)

Көрнекілік арқылы ережелерді қайталату

Дыбыстар

Дауысты Дауыссыз

жуан,жіңішке қатаң,ұяң,үнді -

- Ереже таныстырылады

Жуан дауыстылар:а,о,ы,ұ.

Оқушыларға ережені хормен оқыту.

YІІІ.Дәптермен жұмыс

28-жаттығу.

1.Өлеңді мәнерлеп оқып, дыбыстық талдау жасау.

-Автор туралы мағлұмат беру,өлеңнің мағынасын түсіндіру.

2.Сөздерден жуан дауысты дыбыстарды табу.

Ыстық-ыстық сүт ішсең,

Дәмі кетпес таңдайдан.

Бой жадырап кенеттен,

Буы шығар маңдайдан.

«Тақия тастамақ» ойыны

Ойын шартын түсіндіру

3. Жуан дауысты дыбыстары бар сөз тауып айту,сөздерді буынға

бөлу,сөйлем құрау.

ІХ. Сәйкестендіру тестісі

Суреттегі малдардың сәйкес дыбысталуын тап:

Түйе мөңірейді

Сиыр кісінейді

Қой боздайды

Жылқы маңырайды


29-жаттығу. Сөздік диктант

Сөздерді сауатты,қатесіз жазу.

Сүт, айран, қаймақ, май, құрт.

- Сөздерден жуан дауысты дыбыстарды табу.

- Тексеру,мадақтау.

Сөздік жұмыс

Бүгінгі сабақтағы бұрын кездеспеген сөздер бар.Сол сөздердің мағынасын дұрыс ұғынып алайық.

Кілегей-сүт бетінде тұратын майлы қабат,шикі қаймақ.

Уыз-жас төлдеген малдың алғашқы 3-4 күндік қою уыз сүтінен

пісірілетін дәмді тағам.

Х.Сабақты қорытындылау

Сиырдың суретін құрастыру.

1. Бүгін Жақан Смақовтың қандай өлеңімен таныстық? -Ақ бұзау

2. Бұзау қай малдың төлі? -Сиырдың

3. Сиыр иесін қалай атаймыз?-Зеңгібаба

4. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді?- 2-ге,жуан,жіңішке

5. Жуан дауысты дыбыстарды ата:-а,о,ы.ұ

6. Жуан дауысты дыбысы бар бір сөз айт:-қой

ХІ .Үйге тапсырма:

а) «Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқу

ә) 28-жаттығуды көшіріп жазу

ХІІ. Бағалау

«Тез ойла,сөз ойла»


С

Й

М

Ұ

А

Қ

Ү

Р

А

Р

Й

У

Т

А

Й

Т

М

Ы

А

Н

Қ

Қ

А

З


1.Сүт 2.Айран 3.Май 4.Құрт 5.Қаймақ 6.Уыз




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал