7


  • Учителю
  • Открытый урок на тему 'Ә дыбысы және әрпі' (1 класс)

Открытый урок на тему 'Ә дыбысы және әрпі' (1 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы; Ә дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды Ә ә дыбысымен таныстыру, ә дыбысының орнын анықтату,ә дыбысы бар сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасай білуге үйрету.

Дамытушылық: балалардың шығармашылық қабілетін, ой-өрісін, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыта отырып, сауатты оқуға және жазуға дағдыландыру,
Тәрбиелік: әдемі, көркем, таза жазуға үйрету, бауырмалдылыққа, еңбекшілдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау - жинақтау, сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: Алфавит, Ә дыбысының таңбасы, суреттер, кеспе әріптер, текшелер, буындар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру бөлімі
- Назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау;(1 слайд)
1. І дыбысына байланысты тұтас оқуға берілген сөздерді оқыту.
2. І дыбысы қандай дыбыс?
3. Неліктен дауысты дыбыс дейміз?
4. Қай буындарда кездеседі? Мысалдар келтіру.
«Келесі буынды тап?»(2 слайд)

ІІІ.Жаңа сабақ.

Сөзжұмбақ шешу.(3 слайд)

1.Әкеңнің анасы кім?(әже)

2.Ешкінің төлін ата?(лақ)

3.Тышқанның үйін ата?(Ін)

4.Ірі жануарды ата?(піл)

5.Жеті күн қалай аталады?(апта)

6.Ыдыс түрі?(Кесе)

Қандай сөз шықты?(Әліппе)

Әліппе сөзі қай дыбыстан басталып тұр?

-Олай болса біз бүгін Ә дыбысы мен әрпімен танысамыз.(4 слайд)

-Ә дауысты ма,дауыссыз ба?Бұны білу үшін бәріміз Ә-Ә-Ә-деп әндетелік.

Қандай дыбыс екен?

-Дауысты дыбыс.

Олай болса ол әріпті дауыстылар қатарына салайық.(Әріптер салынған қалтаға салу).
1. Оқулықтағы суретпен жұмыс.(5 слайд)

-Әже деген кім?

- Сен әжеңе кім боласың?

-Әкеңнің анасы, анаңның анасы саған қандай әже болады? деген сұрақтар қою арқылы әңгіме құрастыру.
2. Кеспе әріптерден әже сөзін құрастыру, оны буындап оқу, дыбыстық талдау жасау, ә дыбысы дауысты екенін, өздігінен буын жасай алатынын, көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылатынын түсіндіру.
3. Оқулықпен жұмыс
-Бағандағы берілген сөздерді буындап, хормен оқыту.

Түсініксіз сөздердің мағынасын түсіндіру.
-«Әже» мәтінін оқып беру.
-Хормен оқыту.
-Оқушыларға тізбектей оқыту.
Сурет бойынша жүргізілген әңгімемен салыстыру.
Сергіту сәті;(Әндете)

Әлди ,әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Жылама бөпем жылама,

Жілік шағып берейін.
Дәптермен жұмыс.
Ә дыбысының бас және кіші әрпін көрсетіп таныстыру,

- Баспа және жазба түрлерін салыстыру.
Әріпті ауада, тақтада, дәптерде жазу.
«Әжім - әженің әрі,
Әженің батасы - дәрі» деген сөйлемді әдемі, қатесіз көшіріп жазу, дауыстап оқыту.
«Әже, әжім, әрі, дәрі» сөздерінің бірыңғай жіңішке айтылып тұрғанын түсіндіру.
«Қай әріпті жоғалттым?» ойыны
... ке,... демі, с... нді,... н, д... рі
Сабақты қорытындылау
- Қандай әріппен таныстық?

- Ә қандай дыбыс?
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысып отырған балаларды мадақтау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал