7


Арыстан мен тышқан

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Ашық сабақ Тақырыбы: Арыстан мен тышқанСыныбы: 4 Дайындаған: Камеденова Тұрсынай Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқанМақсаты:а) Оқушыларға мысалды таныстыра отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Көркем шығарманы оқуға қызығушылығын қалыптастыру. ә) Оқушыл
предварительный просмотр материала

Ашық сабақ

Тақырыбы:


Арыстан мен тышқан

Сыныбы: 4

Дайындаған: Камеденова Тұрсынай




Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан

Мақсаты:

а) Оқушыларға мысалды таныстыра отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Көркем шығарманы оқуға қызығушылығын қалыптастыру.

ә) Оқушылардың ой-өрістерін кеңейту. Түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын нығайту.Сын тұрғысынан ойлауын дамыту.Өз ойларын еркін айтып, дәлелді сөйлеу қабілеттерін арттыру.

б) Балаларды қайрымды, жағымды қарым-қатынастар жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Дамыта оқу технологиялары.

Сабақтың түрі: Таным сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Психологиялық дайындық.

2) Керек құралдарын алғызу.

3) Назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

« Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы үй тапсырмасы бойынша қандай дайындықпен келгенін анықтау.

( Ойынның шарты: егер оқушылар сабаққа жақсы дайындықпен келсе,бағдаршамның жасыл түсін көтереді; дайындалған,бірақ өзіне сенімсіздік танытса, сары түсті көтереді; дайындығы шала болса қызыл түсті көтереді.)

1 топ. Әңгіменің мазмұнын баяндайды;

2 топ. «Ғажайып жетілік» сұрақтарына жауап береді;

3 топ. «Араласып кеткен уақиғалар» тапсырмасын орындайды.

ІІІ. Жаңа сабаққа

Адалдық Сыйластық

Қайрымдылық Қамқорлық

Жанашырлық Кішіпейілдік

Мұғалім:

  • Бүгін біз да адам бойындағы жақсы -жаман қасиеттердің ара жігін ашып көрсететін, өнеге , тәлімге толы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың « Арыстан мен тышқан» мысалымен танысамыз.

«Тұлғаны танып біл» стратегиясын қолдану.

( Берілген суреттердің ішінен автордың суретін табу, ол туралы не білетіндерін ортаға салу.)

Авторға хронологиялық кесте толтыру

1 топ. Арыстан дегеніміз не? Ол туралы не білесіңдер?

2 топ.Тышқан дегеніміз не? Ол туралы не білесіздер?

3 топ. Арыстан мен тышқанның ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

Сөздікпен жұмыс.

Зиян- залал, зақым, кесірін тигізу.

Азат - еркін, өз еркі өзінде, ерікті, бостандық.

  • Мысалмен танысу.

  • Мультфильм көрсете отырып, мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

  • Рөлге бөліп оқу.

  • Іштей оқу.

Нақты сұрақ - дәл жауап.

  • Мысалдағы оқиға нелер арасында болған?

  • Арыстан тышқанды не үшін өлтірмек болды?

  • Тышқан қалайша өлімнен құтылды?

  • Ол өзі айтқан уәдесін қалай орындады?

  • Бұл мысалдың мазмұнына қандай мақалдар сәйкес келеді?

  • Сонда ақын бұл образдар арқылы қандай адамдары бейнелеп отыр?

Мысал өлең дегеніміз не?

Жан- жануарлар мен өсімдіктерге адамдық қасиет беріп, бейнелеу арқылы адамдар ортасындағы жағымсыз қылықтар мен іс әрекеттерді сын тезіне алып , ой - пікірді астарлы бейнелейтін уақиғалы өлеңдерді мысал өлең дейміз.

Дәптермен жұмыс.

Анықтама: « мысал» - сатиралық сипатта, сықақпен сыналатын,шағын көлемді шығарма. ( дәптерлеріне жаздыру)

Концептуалдық кесте

Р/с

Шығарманың

аты

Кейіпкері

Қандай қасиеттерді бейнелейді?

Ой-тұжырым

1


2

«Арыстан мен тышқан»

Арыстан


Тышқан

Батыл, өр көкірек,

мақтаншақ;

Қорғансыз, қамқор, жақсылықты ұмытпайды.


Қайырымдылық,

жақсылық жасай білу, көмектесу



І топ.

«Арыстан мен тышқан» мысалын сахналау.

ІІ топ.

Мысалдың түйінді ойын бір шумақ өлеңмен жазу.

ІІІ топ.

Мысал мазмұнына қарай мақал -мәтелдер айту..



ІV. Қорытындылау.

Мұғалім:

  • Балалар біздің ана тіліміз өте бай.Осы тақырыпта мазмұны әртүрлі ертегілер көп. Солардың бірін Зәмзәгүл әжей айтып бермекші.

Үнтаспадан ертегі тыңдау.

Түйін сөз

Балалар өз түсінгендерін, ұққандарын түйіндеп айтады.

Рефлексия . Саған сабақ ұнады ма?( Бағдаршамның түстерін пайдалану.)

Үйге тапсырма.

  1. Мысалды мәнерлеп оқу;

  2. «Арыстан мен тышқан» тақырыбында ойдан ертегі құрап келу.

Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал