- Учителю
- 1. 4 Санымен цифрының жазылуы жолдарын, 4 санының құрамымен таныстыру. 0-Ден 4 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету; 2. Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, дұрыс есептеуге, ізденімпаздыққа тә
1. 4 Санымен цифрының жазылуы жолдарын, 4 санының құрамымен таныстыру. 0-Ден 4 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету; 2. Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, дұрыс есептеуге, ізденімпаздыққа тә
Күні: 23.10.2015 Сыныбы: 1 «А»
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: 4 саны және цифры
Сабақтың мақсаты:
-
4 санымен цифрының жазылуы жолдарын, 4 санының құрамымен таныстыру. 0-ден 4 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету;
-
Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, дұрыс есептеуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;
-
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, сөздік қорын молайту. Математикалық тілдерін дамыту.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау-жинақтау, көрнекілік, іздену.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер, «Білім қорабы», 4 санының құрамы, сызықтар, текше, өрнектер,оқулық.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі (3мин)
1.Кел ойнайық! (алақандарын соғады)
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1.
-сонымен бізде қандай сабақ? (математика)
-нешінші сабақ? (2-ші сабақ)
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (3мин)
Санамақтар.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту (4мин)
«Кубик тастамақ» ойыны.
1.Фигураларды ата. (нүкте, сәуле, түзу сызық, қисық сызық, тұйықталған сызық, тұйықталмаған сызық)
2.2+1 қосындының мәнін тап. Қосу амалдарының компоненттерін ата. (жеке,хормен)
3.3-1 айырмасының мәнін тап. Азайту амалдарының компоненттерін ата. (жеке,хормен)
4.Сандарды өсу ретімен сана.
ІV.Сергіту сәті.(2мин)
-Оқушылар көздерін жұмып, мұғалім атаған фигураларды алдарындағы қорапшалардан алып көрсетеді.
V.Жаңа тақырыпты меңгеру.(6мин)
-
Алдымыздағы фигуралар ішінен шаршыны (текшені) көрсетеміз.
-
Бұл фигураны неге төртбұрыш деп аталады?
-
Төртбұрыштың бұрыштары нешеу?
-
Ал неше қабырғасы бар?
-Олай болса, бүгінгі біздің тақырыбымыз 4 саны және цифры деп аталады. (тақтамен жұмыс)
-
Балалар неше жыл мезгілі бар? (қыс,көктем,жаз,күз)
-
Төрт түлік малды білеміз бе? (түйе, жылқы,сиыр,қой+ешкі)
-
4 санының көршілерін атап өтсек: 1,2, 3.
4
2
1
3
1
2
3
-
Олай болса, дәптердің оқулықтың, партаның бұрыштарын санайық.
-
1-ші қатар: дәптердің бұрыштарын;
-
2-ші қатар: оқулықтың бұрыштарын;
-
3-ші қатар: партаның бұрыштарын.
-
-қанша болды?
-
-әрине 4.
VІ.Дәптермен жұмыс.(5мин)
-Оқушыларға 4 саны және цифрының таңбалану әдісін ұғындыру. Цифрды алдымен тақтада 2 элемент арқылы жазылатынын сосын ауада орындап, дәптерлерімізге орындаймыз.
-Саусақтарымызға арналған сергіту сәті (1мин)
-Әрі қарай жалғастырып көркем жазумен жазамыз.
VІІ.Оқулықпен жұмыс (5мин)
-№2 есеп. 3 қатар бойынша жұмыс.Әр қатардан 3-3 оқушыдан тақтаға жауабын жазады.
3+□=4
4-□=3
4-3=□
1+□=4
4-□=2
2+2=□
□+2=4
□-3=1
3+1=□
VІІІ.Қорытынды.(7мин, жұппен+топпен жұмыс)
-Балалар сабағымызды «Білім қорабымен» бүгінгі математика сабағымызда нені түсінгенімізді, сабақта не ұнағанын, не үйренгенімізбен неі білгенімізді, қорапқа алдарымыздағы күнделікті сабақта қолданыа жүрген түрлі-түсті шеңберлерімізді бір-бірімізге айтып саламыз.
-Тамаша! «Білім қорабымызды» ашып қарап, қай қатар қалай түсінгенін қарап көрелік. (сары түс - осы қатар бүгінгі сабағымызды түсінген екен; күлгін түс-бұл қатармен келесі сабақта көбірек жұмыс жасайды екенбіз)
-Осымен бүгінгі математика сабағымыз өз соңына жетті.
-Сендерге сабақ ұнады ма?
-Құрметті қонақтар назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!