7


  • Учителю
  • Разработка вне классного мероприятия 'Менің Отаным Қазақстан'

Разработка вне классного мероприятия 'Менің Отаным Қазақстан'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Кішкенекөл №1 орта мектебі


Сынып: 2 «Ә» сыныбы

Сынып жетекші:Ж.Қ.Шамшуалиева


2015-2016 о.ж.


Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Астана және Арал қалаларына байланысты суреттер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық (өзін-өзі тану пәнімен байланыстыру)
«Шаттық » шеңбер:
Бір шаңырақ астында,
Қазақстанда тұрамыз.
Бірге сайран құрамыз,
Бір үйде біз тұрамыз.
Құт, береке-шаңырақ,
Орын алған ол төрде.
Билігім өз қолымда-
Еркіндігім- Елімнің!

Мұғалім: Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Менің Отаным-Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Оқушы: Армысыздар! Қадірлі де ұлағатты ұстаздар.
Қош келіпсіздер бүгінгі тәрбие сағатына,
Бас иіп сәлем бердік баршаңызға.

Оқушы: Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.
Қош келіпсіз бүгінгі тәрбие сағатына,
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.

Оқушы: Елімнің атын айтсам- Қазақстан!
Жерімнің атын айтсам - Қазақстан!
Қойнауы қазынағы толған мекен,
Байлығымды айтсам-Қазақстан!

Оқушы: Қазақстан -бабамнан қалған мұра,
Сенбейсіңбе даламнан бар да сұра.
Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған
Батырларым демесем болар күнә.

Оқушы: Естігенде көк аспанның астында,
Тік тұрындар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Шарықташы, Әнұраным, шарықта!
Оны айтуға, жас ұлан, жалықпа.

ӘНҰРАН орындалады.

Мұғалім: Балалар, «Отан дегеніміз не?»
1-оқушы: Отан дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отан- ҚР-сы.
2-Оқушы: Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қарат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа бай.
3-оқушы: Осы ҚР-ның жас ұланы екенімді мақтан етем. Оның бай тарихын зердеме түйіп, ертеңгі азаматыболу үшін білім аламын, еңбек етемін. Кешегі тарих жолында елдің ел болуына қызмет еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсемін.
4-оқушы: Отаным менің кең- байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос. Қазақ халқы ешуақытта соғыс тілемейді бейбітшілік үшін күреседі.
Мұғалім: Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын, өлең өрнектерімен өрнектеп терең мағыналы сөз өнері арқылы, өлең-жырымен тәлім-тәрбиесін зор ойлар айта білген.Қазақтың мақал-мәтелдерінің айтары- өсиет, ұлағат, тәлім, парасат.

Оқушы: Отан деген- атамекен,

Отан деген- туған жер.
Отан - деген ана, пан,
Қазақстан-туған ел.
Отан- менің ата-анам,
Отан -досым, бауырым,
Отан -өлкем астанам,
Отан- аудан, ауылым.
Оқушы:
Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен.
Бабамыз бен атамыз.
Отан -деген атамекен,
Отан деген- туған жер.
Отан- ана,
Отан -үлкен
Оқушы: Отан- атам,
Отан -әкем.
Осы сөзім қатемекен?!
Қате болса,
Неге біздер-
Дейміз оны Атамекен?!
Оқушы: Отан- әжем,
Отан -анам!
Туған ел деп,
Туған жер деп,
Ол бекерге аталмаған.
Оқушы: Атам, әжем, әкем, анам-
Төртеуіде Отан маған.
Төртеуіде ботам дейді,
Ер азамат атан дейді.
Мақтанамын Отанымен,
Отаныма ботамын мен.
Оқушы: Отан дейміз -от жаққан жерімізді,
Отан дейміз- өсірген елімізді.
Отан дейміз - туған жер, атамекен-
Биік тау, ориан, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз- кең байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы,
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Отан туралы мақал-мәтелер айту.

ІІ. Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері- Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.
1-оқушы:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашан да
Биікке іліп қояды.
Туымызға жас туған
Бір қарамай өтпейді.
Сол көк тудың астында
Көгереміз көктейміз.

2- оқушы: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай акстында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің, белгісі.
3-оқушы Өзіңдікі- елің де,
Өзіңдікі - жерің де.
Өзіңдікі- өзің еккен бақ,
Тәуелсіздік төрінде!

ІІ. Жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді.
Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға. Мұндай көшбасшымыз бар біздің болашағымыз айқын.
Оқушы:
Әр сөздің астарына осы арады,
Ағайын ой жібере жете қара.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында
Тұлғасы Елбасының жеке- дар!
Өмірің судай ағып өзегімен,
Келеді Президенттер кезегімен
«Елбасы- Назарбаев» - егіз ұғым,
Жасайды мәңгі бізге өз еліне.
Оқушы:: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген.
Оқушы: 1990 жылы Республикада Президент қызметі белгіленді. Жоғары Кеңестің сессиясында жабық дауыспен Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды.


Оқушы:
1991 ЖЫЛЫ 1- ЖЕЛТОҚСАНДА РЕСПУБЛИКАМЫЗДА БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ Президент сайлауы болып өтті.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды.
Қазақстан Р-ның тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
Елжан: 1991 жылы 16 желтоқсан күні біздің еліміз Тәуелсіздігін жариялады. Елбасымыз Н.Ә:Назарбаев қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы жүзеге асты.
Оқушы: Егеменді болмай ел болмас, тәуелсіз болмай жер болмас- демекші, егеменді ел ,тәуелсіз мемлекет болдық. Қазақстан өзінінің табиғи байлығына, жеріне ие, басқа мемлекеттермен сауда- саттық қарым-қатынас жүргізе алады.
Оқушы: 1992 жылы 4 маусымда Президент ҚР-ның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы ҚР-ның заңдарына қол қойды.
Оқушы: Алтың заңда парасатым, пайымым,
Алтын Заңда күш-қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың,
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаңа күн.
1995 жылы30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда Ата Заңымыз қабылданды.

Оқушы: Қуаң халқым, күшіне енді «Тіл заңы»
«Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады.
Ел елдігі бағаланар тілменен,
Сол арқылы құлпырады гүл бағы.
Адамды мұратқа жеткізер- ана тілі мен ата дәстүрі. Егеменді Қазақстан елінде ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды.
Туған тілім
Туған тілім-бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім- анам тілі - өз тілім!
Туған тілім -далам тілі-өз тілім
Туған тілім- өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнімменен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып алыңдар.

Оқушы:
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп,
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым.
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
1993 жылы 15 қарашада ҚР-ның ұлттық ақшасы-теңге айналымға енді.

Оқушы:
Ұшқыш батыр ағаның,
Өнегесін аламын.
Аспан үстін шоламын,
Мен ғарышкер боламын.

1991жылы қазан айындатұңғыш қазақ ғарышкері- Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самсаған.

Оқушы:
Ата-бабам арман еткен,
Егеменді Қазақ жерім.
Қуанышың көптен күткен,
Құтты болсын, дарқан елім.

«Сарбаздар» ұлдар әні

1-оқушы: Сыр бойындай баулардан,
Алатаудай таулардан,
Сарыарқадай даламнан,
Теңіз Каспий, Аралдан.
Ұл-қызы бар елімнің,
Жұлдызы бар жерімнің.
Ұлы тойдай ұлы ісім,
Жарлған ер жер үшін,
Сырда сұлу күрішім,
Қырда бидай ырысым.
Жыршы-жырау салтымнан,
Әнші, күйші халқымнан
Сәлем саған, туған ел!

2-оқушы: Туған бақыт таңы алдан,
Таңы нұрдан жаралған,
Байқоңырдан ғарышқа,
Қанат қаққан сан арман.
Қазақ деген даламнан,
Аруақты бабамнан,
Ардагерім әкемнен,
Ақ жаулықты анамнан
Сәлем саған туған ел!
Оқушы: ҚР-да 14 облысқа бөлінген әр облыстың өз байлығы бар, соған тоқталайық.
1- оқушы.
Алматы- жері жайсаң облыс,
Ақтөбе- өлке ақ тарысы-мол ырыс,
Атырау-мол қазақстан мұнайы,
Жамбыл-жайлау, қазыналы, шұрайлы.
Жезқазған-кен, бұзылмаған қаймағы,
Көкшетау- көп көгілдір көл аймағы.
Қарағанды-қара алтынның қоймасы.
Қостанай-құт қызыл бйдай қамбасы,
Қызылорда-күрішті сыр сағасы,
Орал-көне Ақ Жайықты жағасы.
Өскемен-өр шығыста Алтай аясы,
Павлодар- қара Ертістің саясы,
Семей-аңыз, Шыңғыстаудай қорғанды.
Ақмола- Арқада ыстық алқабы,
Шымкент- ыстық оңтүстігім мақталы.
2-оқушы:
Әсем әуен салдырған,
Сәбилерде алғыр жан.
Бал дәуреннің қызығы,
Есте қалар балдырған.

Қазақ би «Қазақстан» қыздар
Жүргізуші:
Хандардың қайталамай қателерін,
«Ұлт бол деген нығайтып қатарларын».
Мағжан мен Мұхтар, Жүсіпбектің,
Ұмытпа ешқашан да баталарын.

Оқушы: Абылай сынды ақылгөй ханы бар қазақта қара қылды қақ жарған үш кемеңгер билері- Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің шешендік сөз үлгілерін тыңдайық.
( Билер ортаға шығады) Көрініс
Сұрақ -жауап. Оқушыларды ойын ойнату. «Күннін көзін ашу»
1-оқушы: Әйнегі -күн, шатыры -аспан,
Кең дала ... Төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмістен шашқан,
Қазақстан - республикам менің!
2- оқушы: Абай туған, Сәкен туған,
Құрметті достым, қазақтың жерім,
Қамбаға жылда мол астық құйған,
Қазақстан - республикам менің!
3- оқушы: Төлеген, Мәншүк,
Батырлар шыққан.
Қазақстан -республикам менің!
Орманы-пүліс,
Бұлағы -күміс.
Қазақстан -республикам менің!
Таулары заңғар,
Өзені ырыс,
Қазақстан - республикам менің!

Қадыр Мырза Әлидің «Не үшін» өлеңін түсіндіру.
- Екі көзін не үшін керек?
- Жақсылықты көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
-Елге көмек беру үшін керек?
- құлақ деген не үшін керек?
-ақыл-кенес тыңдау үшін керек?
- жүрек деген неүшін керек?
- Жауларыңнан қыңбау үшін .
-Тіл мен жағын не үшін керек?
- ақиқат айту үшін керек?
-Ал аяғың?....
- Шетте жүрсем,
Туған жерге қайту үшін.

Қорытынды: Үш бақытым.
Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кеңін.
Ол бар болмаса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым-тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар үшінші -Отан деген.
-Кім мықты? - десе біреу «Отан» дер ем!


(хормен)

Керей мен Жәнібек хандар



Қазақстанда 130 астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады

Дәулетов Болат - мұнайшы отбасында туған. Білімі Жоғары. , бітірген..

Еңбек жолын Мақат ауданындағы мұнай өндіру басқармасында мұнайшы -оператор болып бастаған.

Гурьев облысы Ембі аудандық газетінде тілші, жауапты хатшы; аудандық партия комитетінің нұскаушысы; шейін аудандық "Кең Жылы ой" газетінде бас редактор, баспахана директоры; шейін Атырау облыстық "Полиграфия" өндірістік бірлестігінің бас директоры; 2002 жылдан осы кезеңге дейін полиграфиялық "ДэуБол" ЖШСның директоры, Атырау облыстық "Алтын сақа" тәуелсіз танымдық газетінің шеф-редакторы болып қызмет істейді.

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Журналистер сыйлығының иегері. Бірнеше рет аудандық кеңес депутаты, облыстық партия конференцияларының, республикалық партия съезінің делегаты болып сайланған.



Түсінік хат


Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.

Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан өнері тамған баланы тәрбиелеу. Шәкіттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету.

Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.

Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету аса қажет. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын.

Олай болса, біздің басты міндетіміз жаңа заман ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүние танымы, көзқарасы қалыптасқан бәсекеге қабілетті маман жастарды тәрбиелеу.

«Қолөнер - еңбектің қайнар көзі» үйірмесінің бағдарламасы оқушыларға тәрбиелік мәні бар, көркемдік шеберліктің үлгісі. Бүгінгі шәкірттерді, еңбекқор, жан-жақты икемділік қабілеттері жетілген азамат етіп тәрбиелеуді көздейді. Бағдарлама бойынша жас ерекшеліктеріне, байланысты орта 5- 6 сыныпта, ересек 7-9 сыныпта оқитын оқушылармен сабақты ұйымдастыру әдістемесін, теориялық сабақтар мен практикалық жұмыстар үшін уақытты дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Бұл бағдарлама негізгі орта, жалпы орта білім беретін мектептердің және қосымша білім беру мекемелерінің технология пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.

Үйірме «Шебер қолдар» аптасына 1 сағат (барлығы 34 сағат)


р/с

Өтілетін тақырыбы

сағаты

күні

1-2

1-2

Көбелек жапсыру


2

05,12.09

3-4

3-4

Су асты әлемі


2

19,26.09

5-6

5-6

Сурет бәйгесі


2

03,10.10

7-8

7-8

Мозайка жасау


2

17,24.10

9-10

9-10

Ою-өрнек


2

31.10;14.11

11-12

11-12

Қағаздан гүл дайындау


2

21,28.11

13-14

13-14

Табиғи материалдармен жұмыс


2

05,12.12

15-16

15-16

Киндер сюрприздің қорапшасымен жұмыс

2

19,26.12

17-18

17-18

Кітап арасына салынатын таспа


2

09,16.01

19-20

19-20

Кілемшені әшекейлеу


2

23,30.01

21-22

21-22

Себет дайындау


2

06,13.02

23-24

23-24

Торкөзді бет орамал


2

20,27.02

25-27

25-27

Панно дайындау(сумоншақтан)


3

05,12.03;02.04

28-30

28-30

Панно дайындау(қарақұмықтан)


3

09,16,23.04

31-33

31-33

Алқа жасау


3

30.04;07,14.05

34

34

Көрме ұйымдастыру


1

21.05





ОТ-ӨТ

ТОР-ТӨР

ТОҚ-ТӨК

АЛ-ӘЛ

САН-СӘН

АҚ-ӘК



ҰРУ-ҮРУ

ТҰР-ТҮР

ҰҚ-ҮК

ЫС-ІС

ТЫС-ТІС



1 ДМ=10 СМ

ДЕЦИМЕТР (ДМ)

«ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА»

ФАКУЛЬТАТИВ

Сабақтың тақырыбы: «Жиын және оның элементтері.Ішкі жиын »

Сабақтың мақсаты

Білімділік:жиын ұғымы, бос жиын туралы түсінік, қандай жиын ішкі

Дамытушылық: жиын туралы ұғымды есептер шығаруға

қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту .

Тәрбиелік: білімге құштарлыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі:

  • сәлемдесу

  • оқушылардың дайындығын тексеру

  • құрал - жабдықтарын түгендеу

  • оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

1.Ауызша есепте:

Мектепте барлығы 400 оқушы бар.Оның 20 -і озат оқушылар, қалғаны екпінділер. Қанша озат бар?

ІІІ.Жаңа білімді меңгерту.

Жиынға өмірден мысал келтіру.

Мысалы:оқушылар жиыны, жұп сандар жиыны, аспандағы жұлдыздар жиыны, натурал сандар жиыны, т.б.

Бірдей қасиеттерге ие болып, белгілі бір заңдылықпен біріккен нәрселер жиын құрайды.

Жиын элементтерінің жазылуы.

Мысалы, цифрлар жиыны: А=

Шектеулі (аквариумдағы балықтар жиыны, цифрлар жиыны)

()

Жиындар элементтерінің санына қарай шектеулі жиын, шектеусіз жиын болып бөлінеді.

Егер жиында бірде-бір элемент болмаса, ол бос жиын деп аталады.Бос жиындар:таза дәптер бетіндегі әріптер, айдағы маймылдар.

Ішкі жиын.Мысалы, В тақ цифрлар жиыны , А цифрлар жиыны десек , А-ның ішкі жиыны В .

В жиыны А жиынының ішкі жиыны екенін Эйлер-Венн дөңгелектерімен кескіндеуді көрсетеміз.

VІ.Сабақты қорыту.«Кім жылдам? » ойыны

Суреттердің артында тапсырмалар

1-тапсырма: шөлден өту

2-тапсырма: судан өту

3-тапсырма: маякқа бұрын жету

1-тапсырмадағы сұрақтар

1.кітап сөресіндегі кітаптар жиыны қандай жиын ?

2.1-саны А жай сандар жиынының элементі емес?

3.Шеңбер бойындағы В- нүктесі шеңбер бойындағы А нүктелер жиынының элементі.

4.С жиынының элементтері 6 санының бөлгіштері.D жиынының элементтері 12 санының бөлгіштері.Жиындар арасында қандай байланыс бар?

2-тапсырмадағы сұрақтар

1.Түзудегі нүктелер жиыны қандай жиын?

2.Айдағы балықтар жиыны қандай жиын?

3.Квадраттар жиыны мен төртбұрыштар жиыны қандай байланыста?

З-тапсырмадағы сұрақтар

1.Мектептегі оқушылар жиын құрай ала ма?


КІШКЕНЕКӨЛ №1 ОРТА МЕКТЕБІ




ҮЙІРМЕ

«ШЕБЕР ҚОЛДАР»

2 «Ә» сынып



2015-2016 о.ж.



2 «ә»







Бауыржан Момышұлы

(1910-1982)

13 жас - ержете бастау

25 жас - жігіттік шақ

37 жас- ақыл тоқтатқан кезең

49 жас- орта жас

61 жас - немере сүю

73 жас- қарттықтың басы

85 жас - кәрілік

97 жас - қалжырау

109 жас - шөпшек сүю

121 жас- немене сүю







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал