7


  • Учителю
  • Урок казахского языка в 4 классе. Тема 'Eтiстiк'

Урок казахского языка в 4 классе. Тема 'Eтiстiк'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты: Етістік туралы түсінік беру, жаттығулар, тапсырмалар арқылы білімдерін жетілдіру, ұйымшылдыққа баулу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ

Әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, тест, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: сызбалар, слайдтар, тест
Ұйымдастыру кезеңі:
Көптен күткен қоңырау,
Соғылды, сабақ басталды

Тексерейік түгендеп, дәптер, қалам, кітаптарды
Сабағымыз басталсын,
Пайдасы оның көп болсын.
Үй тапсырмасын тексеру: дәптер жинап алу
Жаңа сабақ: Ребус шешу (етістік)

Топтық жұмыс

1 топ: 380-жаттығу ( берілген мәтіннен етістіктерді табу)

2 топ: етістік топтастыру

3 топ: Жұмбақты шешіп, етістіктердің астын сызыңдар.

Суда қалқиды, жылыда балқиды.

Жаттығулар: 382, 383, 385.

Сабақты бекіту: тест арқылы

Тест жұмысы

І нұсқа

1. Етістік -

А) заттың атын білдіреді В) заттың сапасын білдіреді С) заттың қимылын білдіреді

2. Туынды етістікті белгіле:

А) жазды В) тазала С) жүгір

3. Сөйлемнен етістікті белгіле: Айнұр жазу жазып отыр.

А) Айнұр В) жазып С) жазып отыр

4. Күрделі етістікті белгіле:

А) бар В) бара жатыр С) барды

Тест жұмысы

ІІ нұсқа

1. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы -

А) зат есім В) етістік С) сын есім

2. Туынды етістікті белгіле:

А) барды В) жазды С) жырла

3. Сөйлемнен етістікті белгіле: Айдос дүкенге бара жатыр.

А) Айдос В) бара жатыр С) дүкенге бара жатыр

4. Күрделі етістікті белгіле:

А) жаз В) жазды С) жазып отыр

Үй тапсырмасы: е- 381 ж, 117-б; ж - 3 ж, 121-б

Қорытындылау: Не туралы оқыдық? Нені білдік?

Бағалау

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің жіктелуі

Сабақтың мақсаты: 1. Етістікке жіктік жалғауы жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі деп аталатынын түсіндіру;

2. Етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеуге жаттықтыру, дағдыландыру тапсырмалар, жаттығулар арқылы есте сақтау қабілетін дамыту;

3. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу, білімпаз болуға баулу;

Сабақтың типі: дамытушылық

Әдіс-тәсілі: СТО эл. қолдану, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, тест, әңгімелесу Көрнекілігі: слайдтар, ноутбук, бағалау парағы

Ұйымдастыру кезеңі: Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

Үй тапсырмасын тексеру: дәптер жинап алу

Жаңа сабақ: Кубизм стратегиясы:

- Бұл текше (куб). Оның алты жағы бар (алдыңғы,артқы, үстіңгі,сол жағы, оң жағы, астыңғы).

- Бүгінгі сабағымызда осы алты жақты әр түрлі тапсырмаларды орындаймыз

Слайд 1 Текшенің бірінші жағы

1. Зат есімдердің қандай жалғауларымен таныстық

2. Қазақ тілінде неше септік бар?

3. Қай септіктің жалғауы жоқ?

4. Тәуелдік жалғау дегеніміз не?

5. Зат есімнің жіктелуі

- Етістік дегеніміз не? Сұрақтары?

- Дара және күрделі етістік дегеніміз не?

- Негізгі етістік деп қандай етістікті айтамыз?

- Туынды етістік деп қандай етістікті айтамыз?

Текшенің екінші жағы:

Топтық жұмыс:

1 топ: Етістікті тап:

1. Оқушы………….

2. Балапан ………….

3.Сағат ……………

2 топ: Берілген етістікті жекеше және көпше түрде жіктеңдер: оқыды

І Мен…….. Біз ……..

ІІ Сен ……. Сендер ………

Сіз …….. Сіздер ……….

ІІІ Ол …….. Олар ……….

3 топ: Берілген сөздің жіктік жалғаулы етістік екенін дәлелдеңдер, сөйлем құраңдар: айтасың.

Текшенің үшінші жағы: Оқушы жауаптары тыңдалғаннан кейін толықтыру

Дарынды оқушымен жұмыс:

- Етістік туралы анықтама (презентация)

- Етістікке жіктік жалғауы жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі деп аталады.

- Жіктік жалғауы басқа қосымшалар сияқты сөз бен сөзді байланыстыратындығы

- баяндауыш қызметінде келетіндігі

- жекеше, көпше түрде жіктелетіндігі

- III жақта жіктік жалғауы болмайтындығы түсіндіріледі

Етістікке жіктік жалғауы жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі деп аталады.

Текшенің төртінші жағы: оқулықпен жұмыс

Жаттығулар: 390, 391, 393

Текшенің бесінші жағы: тест жұмысы

І нұсқа

1. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы -

А) зат есім В) етістік С) сын есім

2. Жіктік жалғаулы етістікті тап:

А) отыр В) отырмын С) отыру

3. Күрделі етістікті белгіле:

А) барды В) бардым С) бара жатырмын

4. Етістік сөйлемде қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?

А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш

5. Туынды етістікті белгіле:

А) оқы В) жүрді С) биле

ІІ нұсқа

1. 1. Етістік -

А) заттың атын білдіреді В) заттың сапасын білдіреді С) заттың қимылын білдіреді

2. Жіктік жалғаулы етістікті тап:

А) жаз В) жазу С) жаздың

3. Күрделі етістікті белгіле:

А) жүр В) жүріп келемін С) жүремін

4. Сөйлемде баяндауыш қызметін атқарып тұрған сөз табы -

А) зат есім В) етістік С) сан есім

5. Туынды етістікті белгіле:

А) жаз В) күлді С) ойла

Текшенің алтыншы жағы: ребус шешу, шешуіндегі сөзбен әңгіме құрастыру.

(СЕНБІЛІКТЕ)

Қорытындылау: Бүгін сабақта не туралы оқыдық, нені білдік?

Үй тапсырмасы: е -394-ж 121-б; ж- 9 ж 123-б

Бағалау.

Тапсырмалар

Бағалау

1

Топтық жұмыс

2

Жаттығулар

3

Тест

4

Қорытынды





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал