- Учителю
- Кыска мерзимди жоспар Сауат ашу
Кыска мерзимди жоспар Сауат ашу
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРКүні:
Мұғалім: Кыстаубаева А А
Сынып: 1
Қатысқан:
Қатыспаған:
Оқу мақсаттары
1.1.5.1 Түрлі тілдік жағдаяттарда этикет сөздерді қолдана білу
Бағалау критерийлері
Түрлі тілдік жағдаяттарда этикет сөздерді қолдана біледі
Алдыңғы оқу
Диалогқа түсе біледі, «сыпайы» сөздер туралы түсініктері бар
ЖОСПАР
Жоспарланған уақыттар
Жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Басы: 0-3 мин
Ширату: бейнекөрініс көрсетіп. Не байқадыңдар? Қандай «сыпайы» сөздер естідіңдер?
Топқа бөлу: сыпайы сөздер арқылы.
Бейнекөрініс
Ортасы
4-15 мин
Ж. Тапсырма: «сыпайы» сөздер атаңдар.
Айтылған сөздерді қайталауға болмайды.
Бағалау критерийлері
Дескрипторлар
Өздеріне таныс этикет сөздерді атайды.
-
Сөздерді есіне түсіреді
-
Атайды
-
Айтылған сөздерді есіне сақтап, басқа сөздер атайды
16-18 мин
Т. Тапсырма.Сыпайы сөздерді әр түрлі жағдайларда қалай қолдана алатындарыңды сахналап көрсетіңдер. 1-т. Дүкенде, 2-т. :Үйде телефон шырылдады. 3-топ. Досыңның туған күнінде. 4-топ. Мұғалім мен оқушы
Сахналауға қажетті заттар
Бағалау критерийлері
Дескрипторлар
Сыпайы сөздерді әр түрлі жағдайларда қалай қолдана алатындарыңды сахналап көрсетеді
-
Топ ішінде ақылдасады
-
Жағдаятты сахналауға дайындалады
-
Сахналайды
19-22 мин
Сергіту сәті: Бүкіл сынып 2 қатарға тұрады. 1-қатар оқушылары сұрақ қояды, 2-қатар жауап береді:. Мысалы: Ас ішіп болған соң не деу керек? - рахмет...
Соңы
23-35 мин
«Лунтик: правила этикета для малышей» мультфильмңн дыбыссыз қою.Т. Тапсырма: Мультфильмді сөйлетіңдер.
</<font face="Times New Roman, serif">мультфильм
Бағалау критерийлері
Дескрипторлар
Мультфильм кейіпкерлерінің қимылдарына, белгілерге қарап, не айтып жатқанын болжайды, сөйлейді.
1.Мульфильмге қарайды.
2. Сөйлеп тұрған кейіпкерлердің қимылдарын, көрсетілген белгілерді анықтайды.
3. Кейіпкерлердің сөздерін болжап көреді.
4. Ойын айтады.
Қосымша мәліметтер
Дифференциация - оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалайша күрделендіресіз?
Бағалау - оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс:
АҚТ
Құндылықтар : этикет сөздерін қолданады, сыпайылыққа тәрбиелеу
Қабілетті оқушылар сахналауда ролдерге бөледі, басшылықты өздеріне алады
Бағалау критерийлері бойынша оқушылар арасында жүріп, әр оқушының жұмыс қарқынын, айтқан ойларын бақылау. Тапсырма орындалып болған соң қалыптастырушы бағалауды қолдану
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері анық па? Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай, қандай деңгейде өтті?
Дифференциялау жоспарым жүзеге асты ма? (тапсырмалары сәйкес болды ма?)
Уақыт дәлдігі қалай болды? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіземін?
Сабақтың оқу мақсаты анық. Бұл сабақта оқушылар алдыңғы білімдерін жинақтай отырып, жаңа тапсырмаларды орындауда қолданды. Тыңдалым, айтылым арқылы оқу мақсатына жету тиімді болды. Әр тапсырмаға белгіленген уақыт жеткілікті болды. Тапсырмалар шығармашылық бағытта болды, спиральдік қағидат сақталды.
Жоспарға енгізетін өзгерістер:
Қорытынды баға
Қандай екі әдіс өте сәтті болды (оқыту мен үйрену)?
1: Бейнекөрініс арқылы сөздерді атау
2: Әр түрлі жаңдаяттарды сахналау
Қандай екі әдіс-тәсіл толықтырылуы тиіс (оқыту мен үйрену)?
1: сабаққа рефлексия жасау
2: Мультфильді сөйлету
Келесі сабағымда ескеретіндей сынып және жеке оқушы жайында қандай мәлімет алдым? Ашық сұрақтар қою арқылы оқушыларды бағыттау тиімді, оқушылардың өздігінен, бір-бірімен қарым-қатынаста алған жаңа білімдері есте қалады.