- Учителю
- Дүниетану. Сабақтың тақырыбы: 'Судың маңызы'
Дүниетану. Сабақтың тақырыбы: 'Судың маңызы'
Пән: дүниетану
Сынып: 2
Сабақтың тақырыбы: Судың маңызы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларға су қоймаларын ластанудан сақтандыру шаралары туралы әңгімені жалғастыру. Суды үнемдеп пайдалану және оны босқа шығындауға болмайтындығын түсіндіру.
2.Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділіктерін арттыру, сөйлеу тілін дамыту.
3. Тәрбиелік. Алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білуге баулу, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: пысықтау сабақ
Қолданылатын құрал - жабдықтар: суреттер, слайд, плакат тар.
Сабақтың жоспары: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ Қайталау
ІV Қорытынды
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Сынып оқушыларының сабақ алды даярлықтарын тексеру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Су туралы мақал - мәтелдер айтып жарысу;
Су туралы өлеңдер, әңгіме, ертегі айту;
Сұрақ - жауап: Су табиғатта қандай күйде кездеседі?
(оқушылардың жауаптары тыңдалады)
Кесте толтыру: судың күйі
түрлі күйде болуының себептері
қатты / температура 0 градустан төмен болған кезде
сұйық / температура 0 градустан жоғары болған кезде
газ тәрізді / Температура, 100 градуста қайнайды. Буға айналады.
ІІІ. Қайталау
Пікірталас ұйымдастыру:
«Су - тіршілік көзі» деген пікірді дәлелдеңдер.
Су жер бетінен жойылып кетсе не болады?
Сұрақ - жауап:
- Мемлекет тарапынан суды қорғауға қандай шаралар жасалынады?
- Әрбір оқушы, әрбір адам суды сақтауы және қорғауы үшін не істеу керек?
Оқулықпен жұмыс: Мәтінмен жұмыс
ІV Қорытынды: Сұрақ - жауап:
- «Суға қауіп төніп тұр» дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылар «Суға қауіп төніп тұр» тақырыбында сурет салып, қорғайды.
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, мәтіннің соңындағы сұрақтарға жауап беру.