7


4-Ті қосу кестесі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы:4-ті қосу кестесіСабақтың мақсаты: 1)4-ті қосу кестесімен таныстыру.Есептер жайлы білімдерін кеңейту.2) Ауызша есептеу арқылы ойлау қабілеттерін ,белсенділігін арттыру. 3)Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға баулу.Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Сабақтың әдісі:тү
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы:4-ті қосу кестесі

Сабақтың мақсаты: 1)4-ті қосу кестесімен таныстыру.Есептер жайлы білімдерін кеңейту.2) Ауызша есептеу арқылы ойлау қабілеттерін ,белсенділігін арттыру. 3)Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға баулу.Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:түсіндіру,салыстыру,сұрақ-жауап,талдау.

Сабақтың көрнекілігі:Сөзжұмбақ,алма,гүлдің суреті,кесте,үлестірмелер

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан-дегендей ,балалар ,қазір бізде қандай сабақ

-Математика сабағы

-Математика сабағына дайын болу үшін біз не айтушы едік?

Есептеуді білмейтін адам,

Түк білмейтін надан,-деп айтамыз Яғни сабаққа дайын екенімізді бүгінгі жұмыс барысында көрсетейік.

Бүгінгі сабағымыз жарыс сабағы.Сондықтан сыныпты 3 топқа бөлеміз.

I топ «Алғырлар»тобы

Білімдіге дүние жарық,

Білімсізге дүние кәріп.

II топ «Тапқырлыр» тобы

Ақыл азбайды,

Білім тозбайды.

III топ «Білгірлер» тобы

Оқу білім бұлағы,

Білім өмір шырағы.

II Қызығушылықты ояту

№1тапсырма Шығармашылық жұмыс

Әйнекшеге >,<,= таңбаларын қой.

6-4*4+2 9-2*4+3 3+5*4+2

5+3*4-3 8-3*9-6 9-5*9-4

№2 тапсырма «Кім көп біледі?»Сұрақ-жауап әдісі Гүл дестесіндегі сұрақтарға жауап беру

1 Санды немен белгілейміз?

2 Қосу амалының компоненттерін ата.

3 Азайту амалының компоненттерін ата.

4. Заттарды біріктіргенде қандай амал қолданамыз?

5. Заттарды бөліп алғанда қандай амал қолданамыз?

6 Қандай геометриялық фигураларды білесің?

7. Гауһарда 6 сәбіз

Жамалда 3 сәбіз

Барлығын қосқанда болады неше сәбіз? (9 сәбіз)

8. 9 сәбіздің екеуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? (7 сәбіз)

III Мағынаны тану

  1. «Сөзжұмбақ»шешу Осы сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабағымыздың тақырыбын білеміз.Ерекше тор көздегі жазуды тез табуға тырысайық.

  1. 2 мен 2-нің қосындысы неге тең? (4)

  2. Сандарды және амал таңбаларын пайдаланып орындаған жазу қалай аталады? (өрнек)

  3. Аптаның үшінші күні қалай аталады? (сәрсенбі)

  4. 6 мен 2-нің айырмасы неге тең? (4)

-Ерекше тор көзден қандай сөз шықты?

-Төрт.Яғни,бүгін 4-ті қосу кестесімен танысамыз

2)Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы 1-мысалды оқимыз

0+4=4 2+4=6 4+4=8

1+4=5 3+4=7 5+4=9

3)Тақтамен жұмыс

Қосу кестесін құру



4

5

6

+4


Оқушылар кестені өздері құрып жазады.

4)Дәптермен жұмыс

Азайтқышы 4 болатын айырмаларды жазу.

  1. «Кім зерек?» ойынын ойнау

Әр топтан 1 оқушыдан шығып ұқсас 2 фигураны табу керек.

6) Сергіту сәті

Көк аспанды шарлаймыз,

Ұшқан құсты санаймыз

Үшбұрыш боп тырналар,

Көк жүзінде жорғалар.

  1. «Кім тапқыр?» ойынын ойнау

Өрнектің мәнін табу

10

-7 -3 -1 -8 -4 -6 -2 -5 -9 -0







  1. Шығармашылық жұмыс

I топ II топ III топ

5 теңсіздік 5 теңдік 5 теңсіздік

  1. «Ойлан тап» ойыны.Себетке саңырауқұлақ жинау.Әр топ өзіне себет алады Нәтижесіне сәйкес саңырауқұлақ жинайды.

9-2 7+1 5-2

7 8 3



  1. Ой толғаныс

«Көп ойла,тез ойла» Әйнекшедегі жоқ санды табу

9+*=9 9-3=* 7-3=*

4+4=* 6-*=2 10-*=5

8-*=4 10-*=6 9+*=10

Балалар сабақ барысы ұнады ма?

Олай болса,осындай көтеріңкі көңіл күймен «Сөзді тап» ойынын ойнап, сабақты аяқтасақ.

А 7-2 Ы 6-4

Р 4+2. Ж 5-1



С 6-5

Й 2+1

Ң 4+3



4


5

6

5

3

1

2

7

ж

а

р

а

й

с

ы

ң

Топтардыңжұмыстарын бағалау арқылы сараптау.Ауызша марапаттау.

Үйге тапсырма 5- мысал



Жумахметова Гульмира Уткельбаевна

Қызылорда қаласы. №253 орта мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал