7


  • Учителю
  • Ашық тәрбие сағаты 'Ұланымыз ұлы елдің'

Ашық тәрбие сағаты 'Ұланымыз ұлы елдің'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ тақырыбы:

«Ұланымыз ұлы елдің»

Сілтеме:

Интербелсенді тақта, үлестірме қағаздар, стикерлер.

Жалпы мақсаттар,

мен міндеттер:

Оқушыларға өз елі туралы мағлұмат бере отырып, өз елінің тарихына үңіле отырып, тани білетін азамат етіп тәрбиелеу.

Сөздік қорларын арттыра отырып, бірлесіп жұмыс жасай білу дағдыларын жетілдіру.

Еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, елім деген азамат тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже:

Миға шабуыл сұрақ-жауап арқылы тәрбие сағатының тақырыбын өз беттерімен ашып, түсінеді. Ойларын жинақтап, жаңа ой қорытып шығара білуге үйренеді. Оқушылар бірін-бірі тыңдап, топпен жұмыс жасап үйренеді. Топтық жұмыстар жүргізу негізінде тәрбие сағатына деген қызығушылықтары артады.

Мұғалім іс-әрекеті:


Топқа бөліп ой қозғайды. Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды.

  1. Оқушыларды топқа бөледі

  2. Психологиялық дайындық жасау

  3. Сұрақ-жауап арқылы тапсырмалар беріледі

  4. Мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс.


Оқушы іс-әрекеті:

1.Оқушылар қала аттары арқылы топқа бөлінеді.

2.Әр топтан тапсырмалар сұралады.

3.Тәрбие сағатының тақырыбын интер тақтадағы тапсырмалар арқылы ашу.

4. Мұғалім тапсырмаларын орындау.

5. Кері байланыс орнату.


Тапсырмалар:


1.Сөзжұмбақ шештірту

Жауабы: «Ұланымыз ұлы елдің»

Мұғалім өлең жолдарын оқиды:

Көз тойғысыз қазағымның жері бар
Ну орманы, тауы, өзені көлі бар,
Қазағымның жерін, елін қорғайтын.
Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
Міне осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз,
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз , еріміз.

2. Бейнеролик корсету

«Менің тарихым» тақырыбында

3. тапсырма: Сан сұраққа ұтымды жауап.

Сұрақтар:

-Қазақстан қандай ел?

-Тәуелсіздік дегенді қалай түсінеміз?

-Қазақтың қазақтығын танытатын нышандары нелер?

-Ұлт дегеніміз не?

-Қазақстанды ең бірінші таныған қай ел?

-Қазақстанда қанша


ұлт өкілдері тұрады? (130 дан астам)

- Қазақстанның 7 кереметіне нелер жатады?(Таңбалы тас, Алтын адам, Киіз үй, Домбыра, Қожа Ахмет Иассауи, Маңғыстау жерасты мешіті, Астана-Бәйтерек)

4. Бейнеролик көрсету

«Табиғат қорғау қажет етеді»

5. Ауызша пікірталас

6. Постер

«Менің қиялымдағы Отаным »

Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Ертеңімін Егеменді елімнің.


Кері байланыс

Стикерлерге сабақ туралы пікір жазу







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал